Ылғалды ыстық ауамен стерильдеу тәсілдері. Қайнату арқылы шприц, ине, пинцет, скальпель,
т.б. инструменттер мен кейбір резеңке және шыныдан жасалған заттарды арнайы стерилизаторларға салып,
стерильдейді. Стерилизатордың екі қабатталған дәкесі бар торшасының бетіне саймандарды салып, қажетті
мөлшерде 2%-дық натрий гидрокарбонаты қосылған су құйып, 20-30 минут қайнатады.
Ыстық ағымды бумен стерильдеуді Кох аппаратында 100
0
С температурада 30-40 минут жүргізеді.
Оның қақпағының үстінде тесіктері бар (термометрге және будың шығуына арналған) цилиндр тәрізді, бір
қабаттан тұратын темір ыдыс. Ыдыстың ішінде тесіктері бар, стерильденетін заттарды қоюға арналған
қойғыштары болады. Стерильдену уақытын су қайнағаннан бастап есептейді. Стерильдеу жұмыстарын үш
күн жүргізеді. Себебі, біріншісінде микроорганизмдердің вегетативті формалары ғана өледі. Бациллалардың
споралары стерильдеу аралықтарында вегетативті формаға айналып, үшінші күні толық жойылады. Бұл
тәсілмен қоректік орталарды, т.б. материалдарды стерильдейді.
Тиндализация – 100
0
С-тан төменгі температурада дробты стерильдеу. Мұндай жұмысты су
моншаларында жүргізеді. Стерильдеу уақыты қолданылған температураларға байланысты болады. 70-80
0
С –
3 күн, 60-65
0
С – 5 күн, 56-58
0
С – 7 күн. Бірінші күні материалды 2 сағат, қалған күндері 1 сағаттан
стерильдейді.
Автоклавтау – қақпағы тығыз жабылған арнай қондырғыларда (автоклавта) температурасы жоғары
бу қысымымен стерильдеу (13-сурет). Автоклавта 100
0
С-тан жоғары температураға төзімді қоректік
орталарды, физиологиялық ерітінділерді, қағазға оралған шыны ыдыстарды, метал бикске салынған таңғыш
материалдарды, халаттарды, қолданылған бактерия өсінділері мен ыдыстарды 1,5 атмосфера 1 сағат
стерильдейді.
Таза материалдарды 0,5 атмосферада 30-40 минут залалсыздандырады. Автоклавтағы будың
қысымы көтерілгенде температурасы да көтеріледі.
0,0505х10
5
ПА (0,5 атм) –температурада 110-112
0
С
1,01х10
5
ПА (1 атм) –температурада 120-121
0
С
1,515х10
5
ПА (1,5 атм) –температурада 124-126
0
С
2,02х10
5
ПА (2 атм) –температурада 132-133
0
С
Пастерлеу тағамдардың қоректік (сүт, ет, балық, жеміс консервілері) заттарының құндылығын
сақтап қалу мақсатында қолданылады. Пастерлеу кезінде өнімдерді 30 минут 80
0
С-қа дейінгі температураға
қыздырып, сосын тез арада 4-8
0
С-қа суытады. Өндіріс орындарында суытқыш жүйесі бар пастеризаторлар
болады.
Достарыңызбен бөлісу: