Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет24/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты-emirsaba.org 2

Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 33-36 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 58-62. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 58-60.
Бақылау сұрақтары: 1 Бактерияларды «өсіру» деген мағынаны қалай түсінуге болады? 2
Микроорганизмдерді өсіру тәсілдерінің негізгі жағдайлары. 3 Микробтарды себу мен қайта себу қандай
мақсатта қолданылады?
Оныншы зертханалық-тәжірибе сабағы
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ТАЗА ӨСІНДІЛЕРІН БӨЛІП АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ КОЛОНИЯЛАРЫНЫҢ ФОРМАСЫН ЗЕРТТЕУ
Сабақтың мақсаты: Микробтардың жекеленіп алынған колонияларын шыны түтіктердегі ЕПС мен
қиғаш қатырылған ЕПА-ға қайта сеуіп, өсіндінің тазалығын тексеру. Колониялардың формасын, мөлшерін,
консистенциясын, бетін және тағы басқа белгілерін анықтауды үйрену. Микроорганизмдердің сұйық және
тығыз қоректік орталарда өсу ерекшеліктерімен танысу.
Жабдықтар мен материалдар. Алдыңғы сабақтардағы микробтар қоспасы себілген тығыз қоректік
ортасы бар Петри шынылары. ЕПС мен қиғаш қатырылған ЕПА бар шыны түтіктер. Микробиологиялық
ілмектер. Пинцеттер. Бояғыштар: Пфейффердің фуксині, метилен көгі, генциафиолет. Люголь ерітіндісі.
Тамызғыштардағы спирт. Зат және жамылғы шынылары. Қарындаштар (шыныға жазатын). Жағынды жасап,
препарат дайындауға арналған құрал-жабдықтар. Спирт шамдары. Шыны түтіктердегі және Петри
шыныларындағы және басқа микробтардың кеі тәуліктік өсінділері. Кестелер.
Микроорганизмдің таза өсіндісін бөліп алу. Әдетте, зерттеуге алынған матералда микробтардың
бір ғана түрі емес, көптеген түрлері кездеседі. Солардың ішінен керекті микробтардың бір түрін бөліп алу
үшін бірнеше тәсілдер қолданылады.
Сұйылту тәсілі. Зерттеуге алынған матерал ас тұзының изотониялық ерітіндісінде сұйытылады.
Материалдың түрі мен ондағы микробтардың мөлшеріне байланысты сұйылту 10
-2
; 10
-3
; 10
-4
; 10
-5
және т.б.
болады. Сұйылту көбейген сайын микроьтар саны азая түседі. Бұл жағдай микробтардың жекеленген
жасушаларын бөліп алуға, демек таза дақыл алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін кейінгі сұйылтулардан тығыз
қоректік орталарға себінді жасайды. Осы тәсіл әр микроб жасушасынан жекеленген колониялар басқа
қоректік орталарға қайта себіледі. Олар таза өсіндінің негізін құрайды.
Ыдырата себу. Петри шынысындағы ЕПА-ға зерттеуге алынған материалдың бір тамшысын
тамызып, стерильді шпательмен біркелкі таратады. Сонан соң шпательдегі микробтардың қалдығын, екінші
шыныдағы ортаның бетіне таратады. Осылайша шпательді бірнеше қоректік орталардың бетінен өткізеді.
Кейінгі шыны аяқтарға микробтар аз түседі, санаулы колониялар пайда болады. Бұл колониялардан
микробтардың таза өсінділерін өсіруге болады.
Элективті орталардың көмегімен өсінділерді алу. Барлық микробтар қарапайым қоректік орталарда
өсе бермейді. Белгілі бір түрдің микробтарын өсіруге арналған қоректік орталарды элективті немесе
таңдаулы деп атайды. Бұл орталарды орыс микробиологы С.Н. Виноградский ұсынған (1888-1890жж).
Нитрифицирлеуші бактерияларды зерттей отыра, С.Н. Виноградский олардың қоректік орталарға
органикалық заттарды қосқанда өспеуін байқайды, ол минералды орталарды қолдана отырып,
нитрификаторлардың өсінділерін алды. Сүт қышқылды бактериялардың элективті ортасы – сүт. Лактозаны
ашыта отырып, олар қышқыл түзіп алкалифилдердің (аммонификаторлар мен басқа микроорганизмдердің)
өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды.
Туберкулез микобактерияларын бөліп алу үшін глицеринді ет-пептонды, глицеринді-крахмалды,
белокты және басқа қоректік орталарды қолданады. Мұндай орталарға (Петраньяни, Левенштейн-Ненсен)
бөгде микробтардың өсуін тежеу үшін әр түрлі бояғыштарды (малахитты жасыл, көгілдір генцианфиолет)
қосады. Зең саңырауқұлақтар мен ашытқыларды көмірсулары бар қоректік орталарда өсіреді (қызбаған сыра
ашытқысы және т.б.). мұндай орталарда қанттың мөлшері 6-8
0
Б шамасында болуы керек. Бұл орталарға
актидион антибиотигін қосып, трихофитонды өсіруге арналған элективті ортаны дайындауға болады.
Актидион басқа саңырауқұлақтардың өсуін тежеп дерматофиттердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл
ортадан басқа да элективті орталар бар.
Бациллаларды бөліп алудың тәсілі. Зерттеуге алынған материалда микробтардың споралы және
спорасыз формаларының болуы мүмкін. Оларды материалдан 70-80
0
С температурада 10-15 минут ішінде
қыздыру арқылы бір-бірінен бөліп алуға болады. Мұндай температурада микробтардың вегетативті
формалары бөлініп, тек қана спора түзетін тұрлері (бациллалар) ғана тірі қалады.
Дақылды биологиялық әдіспен тазарту тәсілі. Патологиялық материалдардан ауру қоздырғышын
бөліп алу үшін зертханалық жануарларға осы материалды жұқтырады. Егер жорамалданған өсінді ұрық



түзетін болса, материалды су моншасында қыздырады. Осындай суспензияны сезімтал жануарлардың


организміне енгізгенде (мысалы,қарасан ауруына күдіктегенде теңіз шошқасына егеді), тәжірибедегі жануар
18-36 сағаттан соң өледі. Элективті ортаны қолдана отыра, өлген жануардың органдарынан ауру
қоздырғышын бөліп алуға болады (мысалы, Китта-Тароцци ортасында). Пастереллез ауруының
қоздырғышын ішек таяқшалар мен стафилококктардан және басқа микробтардан бөліп алу үшін ауруға
сезімтал үй қоянын жұқтырады. Егер қоспада пастереллалар болса, онда бір тәуліктен соң олар жануардың
өлуіне себепкер болады. Өлген үй қояндарының органдарынан қоректік орталарға себінді жасайды. ЕПА-
нда пастереллалар ұсақ мөлдір колония құрайды, ал ЕПС біркелкі лайланып, шыны түтік түбінде тұнба
пайда болады. Бұл тұнба шыны түтікті шайқаған кезде бұрымша ретінде жоғары көтеріледі.
Микроорганизмдердің тығыз және сұйық қоректік орталарда өсуі. Әр микробтар өсінділері қоректік
орталарда өздеріне тән колонияларды құрайды. Соған байланысты тығыз қоректік орталарда өскен
колониялардың мынадай белгілері болады: Формасы: дөңгелек, сопақ, тармақталған және т.б. Мөлшері:
нүкте тәріздес, шық тәріздес, диаметрлері 1 мм-ден аспайтын, ұсақ ( d 1-2 мм), орташа (2-4 мм), ірі (4мм-ден
көп) колониялар. Беті: тегіс немесе қатпарлы, күңгірт немесе жылтыр және т.б. Мөлдірлігі: мөлдір және
мөлдірлігі әр деңгейде. Консистенциясы: шырышты, ұнтақты, тығыз және т.б. Пигмент: қызыл, сары, қара,
көк және т.б. Қызыл пигментті кейбір актиномицеттер, ашытқылар, бактериялар түзеді. Қызыл пигменттерді
ғажап таяқшалар, көк пигментті көк ірің таяқшасы түзеді. Сары түсті пигменттер стафилококктар мен
сарцина жасушаларында кездеседі. Қара немесе қоңыр пигменттерді кейбір саңырауқұлақтар түзеді.
Микробтардың сұйық ортада өсуі. Кейбір микроорганизмдер қоректік орта бетінде жұқа қабық
құрса, ал кейбіреулері қатпарлы, жылтыр қабықтар құрап өседі. Бірнеше микроорганизмдердің өкілдері
қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма құрайды. Ортаның түсі микробтардың шығаратын
пигменттерінің түсіне байланысты болады. Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің түрлеріне
байланысты. Тұнба түйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.
Микробтардың етті-пептонды желатинде өскен микроорганизмдер келесі колонияларды құрайды:
Формасы: дөңгелек, сопақ, бұтақталған.
Мөлшері: нүкте тәріздес (ұсақ), орта, ірі. Мөлдірлігі: мөлдір және мөлдір емес. Шеті: тегіс,
жыртылған, қалақ тәріздес, тісті доңғалақ тәріздес. Беті: күңгірт, жылтыр, тегіс немесе қатпарлы.
Желатинді ыдыратуы: тез, баяу.
Микроорганизмдердің шаншу бойында өсуі. Қоректік ортаның үстіңгі жағында аэробтар өседі, ал
төменгі жағында анаэробтар өседі.
Шаншу сызығы: жаппай, тізбек тәріздес, шырша тәріздес (тік немесе аударылған), қауырсын
сықылды және т.б.
Сұйылтуы: жаппай воронка тәріздес, кратер сықылды, шұлық тәріздес және т.б.
Газ түзуі: газ көпіршіктері түзіледі немесе олар болмайды. Жоғарғы температурада желатин
өздігінен сұйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет