Стафилококкты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: iрiң, экссудат, жарақат бөлiндiлерi, таңу материалдары, сепсиске күдiк туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кiлегейiнен алу. Лаборториялық диагностикасы үш этаппен өтеді: Бірінші кезең зерттеу материалын (ірің) жағынды дайындап, Грамм әдісімен бояйды. Жағындыда жалғыздан, жұп –жұптан,жүзім шоғыры тәрізді орналасқан Грамм (+) кооктарды көргенде зерттеу материалында стафилакокктарбар деп,жорамалдап, біріншілік себіндіні арнайы универсиальді (қандыагар, етті-пептонды сорпа) және элективті (сары-уызды тұзды агар) қоректік орталарға себеді. Науқастың қанын қантты немесе сарысулы сорпаларға1:10-1:20 қатынасымен себеді. Себінділерді 37˚С температураға термостатқа18-24сағатқа инкубациялайды. Екінші кезеңде тығыз және сұйық қоректік орталарда өскен стафиалкокктардың дақылдық қасиеттерін зерттейді. Стафилакокктарақ немесе алтынтүсті,мөлдір емес, тегіс,айнала шеті дұрыс колония түзеді. Тығыз қоректік ортада өскен колонияның жартысынан жағынды дайындап, Грам бойынша бояп,микроскопиялайды. Грамм оң кокктарды анықтаса қалған колонияның жартысын ет пептонды қиғаш агарға, таза дақылын бөліп алу үшін себеді.
Грам әдісімен боялған және CУА-да өсуі Үшінші кезеңде бөлініп алған таза дақылдың биологиялық қасиеттерінің кешенін зерттеу негізінде стафилакоктардың түрлі идентификасын жүргізеді,
Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды, микроскоп арқылы көреміз. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды және сарысу-газды агарға (СГА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береміз.
Алтын стафилококты грамм әдісімен бояу және қанды агарда өсуі Медициналық қызметкерлер мен перзентханалардағы стафилококк тасымалдаушыларды анықтауда санация – алдын алу шаралары негiзгi бағыты б.т. Стафилококкты инфекцияны антибиотик және сульфаниламидтi препараттармен емдейдi. Септикалық процестерде стафилококқа қарсы иммуноглобулин енгiзiледi. Созылмалы түрiн емдеу үшiн антимикробты және антитоксиндi антиденелердiң синтезiн реттейтiн стафилококкты анатоксин және антивакцина қолданылады. Жаңа туылған балалардағы стафилококкты инфекциялалардың алдын алу ерекше проблема болып табылады. Жүкті әйелдерге стафилококкты анатоксин егеді, туған әйелдердің сүтін тексереді, егер ол сүтте стафилококк болса, балаға сүтті қайнатып беру керек. Стрептококкты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы. Стрептококкты инфекцияларды зерттеу үшiн материалдарды көмей және мұрын кiлегейi, зәр, қақырық, қан сарысуын алады. Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды да микроскоп арқылы көреді. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды агары бар Петри шынысына егеді, келесі күні өскен колонияларға сипаттама береді. Ол жердегі гемолизге сипаттама береді.Бактериологиялық зерттеудiң қорытынды этапы болып, бөлiп алынған таза дақылдың антигендiк қасиетiнің анықталуы болып саналады. Берiлген белгi бойынша стрептококтар А,В,С,Д серотоптарға бөлiнедi.Зерттелiнетiн дақылдың және А, В, С және Д сарысудан бөлiп алынған полисахаридтi С преципитиногенмен преципитация реакциясын жұргізеді. Стрептококкты инфекциялалардың бактериологиялық диагностикасы
Зерттеу күні
Зерттеу түрі
1-ші күн
Қанды «мартеновский» ортаға және Тароции ортасына (жартылай анаэробты жағдайда) егу.
Басқа зерттеу материалды (ірің, шырыш т.б.) қанды агарға егу
2-ші күн
Сорпадан қанды агарға егу (3-4 апта термостатта инкубирлеу)
Қоректік ортада өскен стрептококктардың колонияларын таза дақылын бөліп алу үшін қанды агарға егу.
3-ші күн
Дақылдық қасиеттерін зерттеу
Грам әдісімен боялған жұғандыны микроскоппен көру
· Қантты сорпаға
· NaCl концентрациясы жоғары сорпаға
·өт сорпсыны т.б. егу
Өсудегі температуралық шегін анықтау (10-45°С)
Биохимиялық белсенділігін анықтау
Серотоппен сероварын анықтау
Антибиотокограмманы анықтау
4-ші күн
Нәтижені қорытындылау
Сепсис кезiндегі негiзгi тәсiл, қанды микробиологиялық зерттеуден өткiзу. Қанды шынтақ венасынан температура кетерiлген кезде, антибиотикотерапияны басталмас бұрын алады да, 50-100 мл қоректiк ортасы бар колбаларға егеді және қант сорпасына да егеді. Өсiм берсе, Грам әдiсi бойынша жұғынды жасайды, кейiн идентификациялайды. Бұл тәсілдің ерекшелігі 1 тәулік интервалмен қанды 3 қайтара егеді. Антибиотикотерапия қолданылып қойса, онда қанды 5-6 рет алу керек.
Пневмококктарды диагностикасынада экспресс диагностикада Найфельд бойынша капсуласын ісіндіру феноменін қолданылады. Тест қою үшін зерттелетін материалға поливалентті пневмококктық капсулаға қарсы сарысу тамшысын және метилен көгінің
тамшысын қосып жағынды дайындайды да жабынды әйнекпен жауып, микроскопиялайды.
Микробиологиялық зерттеу әдісі Материалды жинау тәсілі
1. Қақырық (пневмония) стерилді ыдысқа жинайды
2. Аңқадан шырыш (ангина) стерилді тампонмен жинайды алдын ала
хлор ертіндісіне малынған мақталы тампонмен
3. Ойық жараның бөліндісі (көз кабығының жылжымалы жарасы)
4. Құлақ бөліндісі (отит) 5. Қан (сепсиске күдік болғанда)
алдын ала хлор ертіндісіне малынған мақталы тампонмен
л стерилді шынтақ венасынан алады
Сұйық қоректік орталарда стрептококктар өзінше ерекшеліктермен өседі S.pyogenes пробирканың қабырғасын бойлап, түбіне ұсақ дәнді тұнба беріп өседі, бірақ бұл кезде сорпа мөлдірленген жоймайды, S pneumoniae мамық тәрізді тұнба береді, орта мөлдір болады немесе біркелкі лайланады, S.faecalis сорпаны күшті лайлап өседі
Стептококктық аурулардың экспресс диагностикалық әдістері
А тобына жататын бета-гемолитикалық стептококтар адамдарда алдын алу үшін микроьтарға қарсы бағытталған емді дер кезінде талап ететін, ауыр стрептококктық аурудан кейінгі асқынуларға әкелуге қабілетті. Зерттелетін затта стептококктрады анықтау үшін коагглютинация реакциясы және антиденелерді флюоресценттейтін әдіс анықталды.