Микробиологиялық зерттеудің зертханалық әдістері көп. Олардың негізгілері-микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық, эксперименттік, аллергологиялық.
ШПИ-ң спецификалық клиникалық белгілері болмайтындықтан оларды ШПМ немесе олардың ассоциациялары қоздыруы мүмкін. Сондықтан қоздырғышын ажыратып анықтау-диагноз қоюдың ең басты әдісі. Қоздырғышын анықтау үшін арнайы қоректік орталарға сеуіп, олардың санын есептеу керек.Бөлініп алынған микроб ауру қоздырғышы ма, әлде кездейсоқ микрофлора ма екенін анықтау бактериологиялық әдіспен санын есептеу арқылы атқаруға мүмкіндік береді.
Микроскопиялық әдіспен ірің, қақырық, экссудат, жұлын сұйықтығындағы қоздырғыштар түрін тек қана болжамдауға болады. Бірақ бұл әдістің информативтігі төмен, ал кейбір заттарды зерттегенде, мысалы қанды, бұл әдістің информативтігі жоқ. Себебі сепсис болған жағдайдың өзінде микробтар өте аз, бір тамшы материалда оларды табу қиын. Дегенмен, жұлын сұйықтығын микроскопта қарау арқылы көп жағдайда менингит диагнозын жылдам қоюға мүмкіндік береді, соңынан басқа информативті әдістермен дәлелдеуге болады.
Бактериологиялық (вирусологиялық, микологиялық) әдіс - қоздырғышын бөліп алу негізінде диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Осы әдістің көмегімен клиникалық диагнозын толық дәлелдеумен қатар, инфекция көзін, таралу жолдары мен факторларын іздеуде эпидемиологиялық тексеру жүргізуге көмектеседі.
Иммунологиялық (серологиялық) диагноз қою әдістерінің көптеген түрлері бар. Олар науқас организіміне енген қоздырғышқа (антигенге) қарсы спецификалық қорғаушы ақуыздар өндіру және спецификалық жасушалық клондар қалыптастыруына негізделген. Бірақ, ШПМ қоздыратын инфекцияларға диагноз қою үшін иммунологиялық әдістерді қолдану шектелген.
Аурухана ішілік жұқпа (нозокомиалдық, госпитальдық) – бұл клиикалық анықталатын кез келген жұқпалы ауру, науқас ауруханаға түскен немесе емдік көмек қажет етіп қаралған кезде не болмаса қызметкердің осы мекемеде жұмыс істеуі салдарынан жұғатын жұқпалы ауру.
Сонғы онжылдықта АІЖ денсаулық сақтау саласында барынша маңызды мәселеге айналып келеді.
Бұл мыана жағдаймен шартас:
Егде адам санының көбеюі;
Созылмалы аурудан, уланудан зардап шегетін адам санының көбеюі;
Иммундық – депрессиялық дәрмектерді кеңінен қолдану
Стационар және емхана жағдайында жұмыс істеген кезде жұқпа жұқтырған медицина қызметкері.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты
- қазіргі заман талабына жауап бермейтін
- көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;
- антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал
Субъективті себептер — бұл жоюға болатын
- медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);
- санитарлық-эпидемиялық станция қызметкерлері тарапынан тиісті
- кейбір аппарат түрлеріндегі залалсыздандыру сенімділігінің
- пациенттердің өзара қарым-қатынасы және пациенттің
- медицина қызметкерлерінің арасында анықталмаған бактериотасымалдаушылардың
- медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру және зарарсыздандыру
Аурухана ішілік жұқпаның көзі болуы мүмкін:
- жұқпалы аурумен ауыратын медицина қызметкерлерінің
- аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер;
- ауруханаға келетін келушілер — пациенттің
- экзогенді (ағзаға жұқпаның қоршаған ортадан,эндогенді (жұқпаның ағза ішінде таралуы).
- ауалы-тамшылы (жұқпаның ағзаға зақымдалған ауа
- қарым-қатынасты (залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтармен емдік
- имплантациялық (залалсыздандырылмаған протездерді, тігіс материалдарын
- трансмиссивті (жәндіктердің тістеуі арқылы);
Аурухана ішілік инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болып табылады. АІИ хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бүйрекке, өкпеге және басқаларға өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В,С және Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады. АІИ қосылуының барлық жағдайларында да, аурулардың стационарда болу уақыты немесе амбулаторияда емдеу мерзімі едәуір ұзарады, мұндай ауруларды емдеуге кететін шығын және олардың өздерінің материалдық шығындары да көбейеді.
АІИ алдын алу, инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады (10.5.-кесте).
АІИ алдын алудағы әр түрлі шаралардың ролін жұқпалы аурулар бөлімінің мысалында талдаймыз. АІИ алдын алу мәселелерінің негізгілерінің бірі- сәулеттік-жоспарлау шаралары болып табылады, себебі, АІИ-ң алдын алуды тиімді жүргізудегі оның мүмкіншілігі, көбінде жер телімінің таңдалуының, аурухананың елді мекенде орналасқан жерінің, олардың аумағын зоналарға бөлудің, құрылыс жүйесін таңдаудың, ішкі жоспарлануының, негізгі бөлімшелірінің жабдықталуы дұрыстығымен анықталады. Жұқпалы аурулар ауруханасын дұрыс орналастыру және жоспарлау науқастардың, медицина қызметкерлерінің және келіп-кететін адамдардың аурухана ішілік инфекцияны жұқтыру қаупін, инфекцияның ауруханадан сыртқа шығуын төмендетуі керек. Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханасын елді мекеннің шетінде орналастыру қолайлы деп есептеледі, бұл, инфекцияны халық арасында таралу мүмкіншілігін азайтады.