Шымкент, 2018 ж. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ Микробиология кафедрасы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Микробиологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі. Микроскопиялық әдіс
Микробиологиялық әдіс
Биологиялық әдіс
Иммунологиялық әдіс
Микробиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Микробиологиялық зертханаға алып келінген материалды дұрыс зерттеп, анық диагноз қою үшін зерттеуге арналған материалдың түрін (зерттеу барысында материалдың алынған жерін ескеру керек, себебі стерильді сұйықтықтардан (қан, плевралық сұйықтық, жұлын сұйықтығы) микроорганизмдер анықталса, ол ауруды білдіреді. Ал қақырықта, нәжісте, жұтқыншақта, тері және шырышты қабаттың бетінде шартты-патогенді микроорганизмдер болғандықтан оны патогенді микроорганизмдерден ажырата білу тиіс), науқастың алғашқы клиникалық диагнозын ескере отырып 4 тәсілдер қолданылады.
Микробиологиялық зерттеу әдістері Микроскопиялық
Биологиялық
Микробиологиялық
Иммунологиялық
Айтылған әдістер бір-бірінен зерттеу уақытының ұзақтығымен, сезімталдығымен, ақпараттылығымен ажыратылады. Микроскопиялық тәсіл— микроорганизмнің морфологиялық, тинкториальдық қасиеттерін білдіреді.
1
Зерттелінетін материалдан жүғынды дайындау
2
оны бояу
3
микроскоп арқылы көру
Микроскопиялық тәсілде патологиялық материалдан микроағзаларды микроскоп арқылы көруге болады. Вирустарды электронды микроскоппен көруге болады.
Зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) колданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігін артады.
Диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі.
Микробиологиялық тәсіл — өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл.
Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алу
Оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялау
Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның патогенділігін лабораториялық жануарлар арқылы (in vivo), немесе қоректік орта арқылы токсин түзілуін (in vivo), зерттеу арқылы, сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготипирлеуге болады.