Микробиологиялық зерттеу әдістері



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#68506
1   2   3
Байланысты:
микробиол зерттеу

Микробиологиялық тәсіл 
бактериологиялық
вирусологиялық
микологиялық
протозоологиялық
Микологиялық зерттеу бактериологиялық зерттеуге қарағанда жеңілдеу, себебі көбінесе микоздарда микроскопиялық тәсіл жеткілікті.
бактериотасымалдаушыларды анықтау
жұмысының көптігі және ұзақ уақыт алатандығы
+
-
Биологиялық (биосынақ) тәсіл — сезімтал лабораториялық жануарлардың микроорганизмдерге сезімталдығына негізделген.
Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен жарақаттайды.
Бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділігі мен вируленттілік дәрежесін анықтауға болады.
Иммунологиялық т ә с і л д е р — серологиялық дигностикасы және жасушалық (Т-жүйесі) және гуморальдық (В-жүйесі) иммунитетке баға беру тәсілдері және тері-аллергиялық сынақ (диагностика) жатады.
Иммунологиялық тәсілдер
тері-аллергиялық
серологиялық
Серологиялық диагностикада науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердің түзілуі мен ауру барысында жиналуына негізделінген.
Тері-аллергиялық сынақ кейбір инфекциялық ауруларды (туберкулез, бруцеллез, туляремия) зерттегенде ағзаның антигендерге жоғары сезімталдығын анықтау мақсатында қолданады.
Микробиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау
Диагноз қоюда аурудың қоздырғышы болып табылатын патогенді микроағзаларды шартты-патогенді микроағзалардан ажыратып анықтау негізгі орын алады. Патологияда шартты-патогенді микроағзаларды бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады.
Қалыпты жағдайда сау адам ағзасының стерильды болып келетін сұйықтықтарынан микроағзалардың бөлінбеуі.
Зерттеуге арналған материалда, әсіресе дисбактериоз кезінде, шартты-патогенді микроағзалардың өте көп бөлінуі.
Науқастан алынған материалдан бір түрге жататын микроағзалардың қайта-қайта бөлінуі.
Әртүрлі материалдаң ұқсас шартты-патогенді микроағзалардың бөлінуі.
Шартты-патогенді микроағзалармен жасалған аллергендерге науқаста тері-аллергиялық сынақтың оң болуы.
Белгілі бір процесстің қоздырғышы болып есептелетін микроағзалардың шартты-патогенді микроағзалармен салыстырғанда жұп қан сарысуында антидененің титрінің еселеп өсуі.
Госпитальды инфекция кезінде науқастан алынған материалдардан ұқсас микроағзаның дақылының бөлінуі.
Науқастың жалпы жағдайының жақсаруымен микроағзаның эллим немесе сандық азайуымен дәлелденген және клиникалық жағдайда жүргізілген антибактериальды терапияның эффективтілігі мен лабораториялық зерттеу нәтижесінде анықталған микроағзаның антибиотиктерге сезімталдығының сайма-сай келуі.
Қорытынды
Адам денесінің қалыпты микрофлорасын, оның жастық ерекшелігін дисбактериоздың маңызын білу, адам организімін дұрыс түсініп, микробиологиялық диагностикасында және микроорганизмдердің экологиясын және оның санитарлық негіздерін яғни қоршаған ортаның микрофлорасын зерттеу санитарлық-эпидемиологиялық маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет