«Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: Инфекциялық үрдістің сипаттамасы
Орындаған: Алтынбеков К., Ахмедова М., Балтабаев А., Сапархан М., Ташимбетов А.
Тобы: ЖМҚБ-04-21
Қабылдаған: Курманбекова Ш.
Шымкент-2022
Инфекция (жұқпа) - патогенді (ауру қоздыратын) микроорганизмнің және кабылдаушы (сезімтал) иесінің сыртқы ортанын тиiстi жағдайында өзара әрекеттесуі. Инфекциялық, яғни, жұқпалы ауру ОЛ ИНФЕКЦИЯ лык үдерістің ең жоғарғы дәрежеде көрініс беруі, бұл кезде патология лык ошак пайда болады және спецификалык клиникалык симптомдар көрініс береді.
Патогеннің табиғатына, шығу тегіне, инфекция пайда болу жағдайына, оның және ұзақтығына байланысты инфекциялық үдерістің бiрнеше түрлерін ажыратады.
Патогеннін табиғатына, тиiстi таксонға катысына карай инфекция ларды этиологиялық принципі бойынша жіктейді (классификациялай ды): бактериялық (дизентерия, сальмонеллез, дифтерия, туберкулез, соз және т.б.), вирустық (грипп, АИТВ-инфекция, шешек, энцефалит, құтыру және т.б.), саңырауқұлақтық-микоздық (кандидоз, аспергиллез, трихофития және т.б.), протозойлық (безгек, токсоплазмоз, лямблиоз), приондық (куру, Крейтцфельд-Якоб ауруы, скрепи) аурулары деп бөледі.
Егер де коздырғыш геномы иесінің хромосомасының геніне біріктірілсе (тіркелсе), пайда болған инфекциялык үдеріс тұқым қуалау бойынша генетикалык материал ұрпақтан ұрпакка берілуі ықтимал. Бұл - инфекциянын интегративті түрі. Инфекцияның интегративті түріне вирустық этилогиясы бар инфекциялар мысал бола алады (ми кроб әлемiндегi лизогения, концерогенез ісіктік катары). Адамдарда ауру қоздыратын инфекциялардың көпшілігі тышкандардын катерлі тұқым куаламайды (туберкулез, тырыскак, грипп және т.б.) және олар интегративті еместер деп аталады. Интегративті инфекцияны туа біткен инфекциямен шатастыруға болмайды, соңғы жағдайда қоздырғыш ана сынан ұрыққа плацента аркылы беріледі (мерез, АИТВ-инфекция және т.б.) немесе нәресте босану кезінде анасынын босану жолдары арқылы өткенде жұқпаланады (Бленнорея).
Достарыңызбен бөлісу: |