Орнықсыз, тұрақсыз жұмыс істеуі Потенциометр аяғының байланысы нық болмауынан. Жақсы байланысып тұрғанын тексеру үшін үстінен ақырын басып тексеріңіз.
Жұмыс істемейді Сіз потенциометрдің ортаңғы аяғын аналогтік порттың орнына, 2-сандық портпен жалғап қоймағаныңызға көз жеткізіңіз. Сонымен қатар Плюс жермен қоректенуді тексеріңіз.
Басынан бастау Сіз барлығын бұзып, жаңадан жинап көре аласыз. Кейде бұл да көмектеседі.
MP3 ойнатқышы: дыбысты реттегіш – потенциометрдің нағыз өзі.
Үш түсті жарықдиод
RGB – жарықдиод.
Жанып-сөніп тұрған жарықдиодтан артық не бар, шіркін!
RGB – Red, Green, Blue! Қызыл, Жасыл, Көк!
Олар алуан түр беріп, түрлі сәуле шашып мың құбыла алады. Бұл белгілі бір жарықдиодтың қаншалықты жарық жануына байланысты.
Осы тәжірибеде сіз оны Arduino платасына қосуды, сондай-ақ оны басқаруды үйренесіз. Кеттік!
RGB – жарықдиод Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard, 4 сым, үш түсті жарықдиод, 220 Омдық 3 резистор.
Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз
Arduino платасын үш түсті жарықдиодпен қосу сызбасы
Үш түсті жарықдиод
Бұл модельдің жұмыс істеуі үшін төмендегі бағдарламаны қолданыңыз (бағдарламаны Сіз жай ғана Arduino IDE-ге көшіріп ала аласыз немесе оны ARDUINO LABS/Lab2/Lab2.ino папкасынан жүктеп ала аласыз):