Прототип жасайтын тақта (Breadboard немесе макет платасы деп аталады) — электроникамен эксперимент жасауға арналған таптырмас құрал. Ол электр сызбаларын жылдам, ыңғайлы және дәнекерлегішсіз жинауға мүмкіндік береді.
Тігінен жалғау (+ Қорек және Жер (GND))
Көлденеңінен жалғау (a-e & f-j)
*Бұл сызық макет платасын қақ бөледі, олардың арасында байланыс жоқ!
Бөлшектер қалай қосылады?
+Қорек:
Әрбір элемент тік бағанның кез келген жерінде «плюс»-пен жалғанған
-Жер:
Әрбір элемент тік бағанның кез келген жерінде «жермен» жалғанған
Көлденең қатарлар:
1-ден бастап 30-ға дейінгі әрбір жол өзара байланысты 5 ұяшықтан тұрады.
Бес ұяшықтан тұратын бір қатарға жалғанған электронды бөлшектер бір электр тізбегіне қосылатын болады.
*Макет платасының ішкі көрінісі
ARDUINO платасының негізгі компоненттері
Қоректендіру ойығы (батареядан) –9 -12 Вольттық қорек блоктарымен пайдалануға болады.
USB Порт – сызбаларды қоректендіру үшін, сонымен қатар компьютермен байланыс үшін пайдалануға болады.
Reset (ысыру) – платаны қолмен қайта іске қосу, сіздің бағдарламаңызды қайта іске қосуға алып келеді.
Қорек индикаторы – платаға қорек берілгені туралы белгі береді.
Индикатор (13 порт: ақауларды іздеу) – скетч жұмысы кезінде барлығы дұрыс істеп тұрғанын, тұрмағанын көрсетеді.
Индикатор (TX: Берілім) – егер бұл бағдарламада жазылған болса, деректердің беріліп жатқанын анықтау үшін пайдаланылады.
Индикатор (RX: Қабылдау) – егер бұл бағдарламада жазылған болса, деректердің қабылданып жатқанын анықтау үшін пайдаланылады.
ICSP жалғағышы (Бағдарламалау порты) – платаның өзінің енгізгішін пайдаланбай бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Порттар (Aref, Ground, Digital, Rx, Tx) – тірек кернеуі, жерсіндіру (немесе жер), сандық порттар (белгі бірліктер және нөлдер түрінде беріледі), деректерді беру және қабылдау порттары.
Порттар (Analog In, Power In, Ground, Power Out, Reset) – аналог порттар (уақыт бойында белгі үздіксіз өзгеріп тұрады), кіріс, шығыс, қорек және жерсіндіру (немесе жер).