Өнім сапасына жауапты арнайы қызметкерлерді даярлауға үлкен көңіл бөлінеді.
Ереже бойынша, олар ұйымда тиісті сапа жүйесін əзірлеу, енгізу жəне қызметін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналы- сады жəне ішкі аудитті (сапа жүйесін тексеру) жүргізеді.
Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шығындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде.
Қазіргі уақытта сапасыз тауар өндіретін кəсіпорындар шығындарының əсерінен өнім сапасына жаңа қатынас қалыптасуда жəне кəсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне сапаның əсері өсуде.
Сырттан əкелінген сапалы тауарлар отандық өнімдерге бəсекелестік тудыруда. Халықаралық стандарттардың талаптарына бағытталған сапаны қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жүйелерін əзірлеген жəне қолданатын кəсіпорындар құрылуда.