Микроорганизмдер систематикасы


Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топка бөлінеді



бет4/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#86311
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Микроорганизмді жіктеу мен морфологиясының негіздері.

Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топка бөлінеді:

шар тәрізділер — коккалар,

таякша тәрізділер — бацилалар және

спираль тәрізділер- вибриондар, спириллалар, спирохеттер


Сурет 1. Коккалардың өзара орналасуы:
а–микрококкалар; б – диплококкалар; в – стрептококкалар; г – тетракоктар; д – стафилакокктар; е – сарциналар.
Барлық коккалар қозғалмайды және спора түзбейді.
Сурет 2. Таяқша тәрізді бактериялар морфологиясы:
А- диплобактериялар; б- стрептобактериялар;
в – бацилалар; г – клостридиялар.

Үтір тәрізді бактериялар


спирохеталар
вибриондар
спириллалар
Үтір тәрізді бактериялар иілу деңгейіне қарай: вибриондар, спириллалар және спирохеттер болып бөлінеді. Вибриондар үтір тәрізді, ең кіші бактериялар. Вибриондар клеткасының ұзындығы 1-3 мкм аспайды.
Спириллалар клеткаларының ұзындығы 5 тен 30 мкм дейін болады.
Спирохеттердің ерекшелігі – клеткалар салыстырмалы түрде ұзын болғанымен, диаметрі аз. Иілген пішінді барлық бактериялар қозғалғыш болып келеді.

Бактерия клеткасының қабықшасы

Клетка қабықшасы жұқа, оған арнайы пішін беріп тұрады, зат алмасуды реттейді, клетканы сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Қабықша үш қабаттан тұрады: капсула, клетка қабырғасы, цитоплазмалық мембрана.

Капсула

Капсула негізінен полисахарид пен полипептидтен (сібір жарасы бацилласында) тұрады. Капсула клетканы құрғап қалудан, тағы басқа қолайсыз жағдайлардан (фагоциттерден, антиденелерден )қорғайды және микробтардың вируленттік қасиеттерінің сақталуына себепші болады.

Клетка қабырғасы

Клетка қабырғасы - бактерия клеткасының негізгі құрылымдық бірлігі болып саналатын, тығыз бір қабатты, қалыңдығы 150-200 ангстремді құрайтын созылмалы құрылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет