1.Микроорганизмдердің жіктелу принциптері. Прокариотты жасушалардың құрылымдық элементтерін атаңыз. Прокариоттардың эукаритоттардан басты айырмашылығы. Микроорганизмдер бөлінеді:Вирустар,Прокариоттар,Эукариоттар.Прокариоттар –
бұларға нағыз бактериялар, риккетсиялар, хламидиоздар,
микоплазмалар, спирохеттер, актиномицеттер жатады.Эукариоттар-қарапайымдылар,саңырауқұлақтар.
Прокариоттар:Нуклеоид цитоплазмадан арнайы
мембранамен оқшауланбаған;Бір сақиналы (кольцевая) хромосомасы бар;Митоз
болмайды;Жасуша қабатының құрамында пептидогликан бар;Цитоплазмалық
органеллелар болмайды;Цитоплазмадағы рибосомалар типі 75S;Жасушаның құрғақ массасы 10 -15- 10-11.
Бактериялар прокариоттарға жатады. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы қалың 50нм. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы негізіг компоненті болып табылатын муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан. Жасуша қаб-да аз мөлшерде полисахаридтер,липидтер,ақуыздар болады.Грам теріс бактериялар-жасуша қабырғасы жұқа.Жасуша қаб-құрамына пептидогликанның тиісті қабатымен липопротеинмен байланысқан сыртқы мембрана кіреді.
Бактерияларда: қабықша,ядрошық,цитоплазмасында:органеллалар,митхондриялар,Голджи
аппараты,лизосомадар болмайды.Гистонсыз арнайы ядросы болады.Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша қабырғасы,цитопазмалық
мембранадан тұратын қабықша, әр түрлі қосындылары,ядросы бар цитоплазма және нуклеоид. Қосымша құрылымдық
компоненттеріне -капсула,макрокапсула,шырыш,спора, талшықтар, кірпікшелер(жіпшелер) жатады.Кейбір бактериялар қолайсыз кездерде спора түзуге қабілетті.