Сутегі өндірісіне әртүрлі факторлар әсер етеді және олардың маңыздысының бірі- рН әсері. Соңғы зерттеулерге сәйкес рН оңтайлы мәні 5-тен 7-ге дейін болды. рН әсері барлық реакциялармен байланысты биосутегі өндірісінің негізгі химиялық параметрлерінің бірі болып табылады. Ол микроорганизмдердің ферментативті механизмінің тиімділігін басқарады және жасушалардың тотығу потенциалында, жасуша алмасуында маңызды рөл атқарады [68].
Алайда кейбір иммобилизацияланған цианобактериялар, мысалы Synechocystis sp. PCC 6803 үшін рН-тың бастапқы мәні 7,4 болғанда ғана жоғары өнімді сутегі шығарады. Трошинаның және т.б зерттеулері бойынша Gloeocapsa alpicola цианобактериясынан биосутегіні алуды рН мәнін 6,8 және 8,3 арасында сақтау арқылы оңтайландырылған. Фан және т.б. CSTR глюкозадан биогидроген өндіруді рН әсері 4,0-7,0 диапазонында зерттеген және рН мәні 5,5 кезінде пайда болатын сутектің оңтайлы шығымы дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |