Биология - география факультеті Ботаника кафедрасы Пән: Зерттеудің биотехнологиялық әдістері Тақырыбы: Биотехнологияда қолданылатын құрал жабдықтар
Дәріс жоспары:
Қауіпсіздік ережелері
Ламинар бокс
Термостат
Спирт шам
Сынауықтар
Микробиологиялық ілгек
Петри табақшасы
Микроскоп
Центрифуга
Автоклав
Биореактор
Спектофотометр
Дистилятор
Кептіргіш шкаф
Электронды таразы
Әдебиеттер тізімі
Кенжебаева С.С. Биотехнологиядағы қазіргі әдістер: оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 210 б.
Ю.С. Другов, И.Г. Зенкевич, А.А. Родин. Газохроматографическая идентификация загрязнений воздуха, воды, почвы и биосред – М. : Бином, 2005. 752 с
Х.Ә. Аубакиров. Биотехнология. Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2011. 368 б.
Қауіпсіздік ережелері:
Қауіпсіздік ережелері:
1. Зертханада тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.
3. Қызметкердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі керек.
4. Жұмыста тазалық сақтау міндетті.
5. Жұмыс кезінде тамақ ішуге тыйым салынады.
6. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал-жабдықтар болуы тиіс.
7. Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт.
8. Спирт шамдар тек сіріңкемен жағу керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.
9. Электр тоғына сақ болу қажет.
10. Бөлмедегі зертхана қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабдықтарын токқа қосуға болады.
11. Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
12. Зертханадан шығарда қолды сабындап жуу қажет.
Ламинар бокс
Стерильді ортада биологиялық нысандармен жұмыс істеуге арналған құрал жабдықтар үстелі. Жарық бергіштермен, ультракүлгін шамдармен және стерильді ауаны беру жүйесімен жабдықталған шкаф. Микробиологиялық, биотехнологиялық жұмыстарда, жасушалардың, тіндердің және ағзалардың өсінділерімен жұмыстарда қолданылады. Стерильді ауа боксқа ламинарлық ағынмен беріледі (ауаның дірілдеусіз біркелкі қозғалысы).