Иммунитет. Анықтамасы. Иммунитеттің түрлері. Сипаттама.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) Биологияда – оранизмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы жəне жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті жəне оларға қарсы тұру қабілеті. Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи жəне жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді жəне енжар болып ажыратылады). Иммунитеттің арнайы факторлары: гуморальдік жəне жасушалық
гуморальдік факторлары – вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-лимфоциттерге тығыз байланысты.Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер – иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады.
жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады.
Иммунитет. Анықтамасы. Инфекциядан жалпы қорғаныс механизмдері.
Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік — организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы жəне жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті жəне оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша əрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нəтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Инфекциядан жалпы қорғаныс механизмдері Қабыну реакциясы
ТЕмпературалық реакция
Тіндерде зат алмасу жəне pH-тың өзгеруі Секреторлық жəне эксекреторлык
үрдістер( жөтел,қақырық,несеппен бөліп шығару)
Адам денесінің қалыпты микрафлорасының қорғаныстық əсері.
Достарыңызбен бөлісу: |