Вирустар-vira əлеміне жатады,олар тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Бұлар ұсақ,жасуша қабығы жоқ, ақуыз синтездеуші жүйесі жоқ микробтар. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Вирустардың классификациясы негізінен мынандай болып бөлінеді: нуклеин қышқылының типі, липопротеидті қабатының болуы, антигендік қасиеті, генетикалық өзара əсерлесуі. Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік жəне бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі.
Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады. Вирустарды дақылдандыру үшбиологиялық түрде дақылдандырады: зертханалық жануар организмінде, құстардың дамып келе жатқан эмбрионында, жасуша дақылдарында
Вирус(лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.
Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нəруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) жəне мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп- өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тəрізді, жіп тəрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дəлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.Вирустардың құрылысы мен іс-əрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды.
Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.У. Стенлидің дəлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі
басы, құйрығы жəне іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нəруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нəруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі жəне бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін
бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.Вирустар морфогенезі - вирустардың торша ішінде көбейгенінде (репродукция кезінде) олардың жаңа ұрпақтарының пайда болуы, олардың құрылымдарының жиналуы. Алдымен вирус құрауыштары: нуклеин қышқылы мен белоктары синтезделгеннен соң провириондар жиналады, содан кейін вирионның толық жиналуы басталады. Жиналу вирустардың түріне байланысты, торшаның əр орнында: цитоплазмада, ядрода өтеді. Пайда болған вирустық құрылымдардың торша ішіндегі орындарын "вирус фабрикасы" , "вирус-қоспалары" немесе "вирус-денешіктері" деп атайды.Вирустар репродукциясы - вирустардың адам, жануар, құс, өсімдік жəне бактериялар ішінде немесе тірі торшалардың ішінде өсіп жетілуі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді. Сондықтан көбею деген "репродукция" сөзімен көрсетіледі. Вирустар репродукциясы - күрделі, көп қырлы процесс, бірнеше сатылардан тұрады.Вирустасымалдаушылық - вирустың организмде болуы, вирус алып жүру.