Микроскоптың жалпы құрылымына сипаттама беріңіз


Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер



бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі1,25 Mb.
#23263
1   2   3   4   5   6   7

7.Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер.

8.Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар.

9.Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады.

10.Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер.

11.Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар.

Микроскоптың түрлері:

 Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп – металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялық Микроскоп – қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар – бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар – машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын Микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп, интерференциялық Микроскоп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет