Міндеттерді шешу кезіндегі практик психологтардың кәсіби қызметі шешу



бет2/3
Дата01.11.2023
өлшемі25,2 Kb.
#121267
1   2   3
Байланысты:
Ә. Зерде (Сөж 2)

Практик психолог жұмысының ұйымы. Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керекПсихологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:

  • Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;

  • Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;

  • Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;

  • Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;

  • Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;

  • Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;

  • Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;

  • Практик психолог интернеті;

  • Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.

Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді.
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет