Міндеттері



Дата14.10.2023
өлшемі13,52 Kb.
#115084
Байланысты:
жапсыру топтарда


Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды эстетикалық талғамға, жапсырма бейнелерін мәнерлі құру іскерліктеріне тәрбиелеу; оюөрнек безендіруді және қию әдіс-тәсілдерін меңгеруді дамыту.
Міндеттері:
 қиюдың түрлі тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктерден заттар құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық және өсімдік элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамыту;  көз алдына елестету арқылы бейнелерді құра білуді жалғастыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру;
 көркем қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру, шеберлердің қандай материалдармен және құралдарды қолданатыны туралы түсінік беру;
 жапсыру барысында түсті мәнерлілік құралы ретінде қолдану іскерліктеріне тәрбиелеу, қағаздың түсі мен оның реңктерін жеке таңдау үдерісінде түстерді сезе білуін жетілдіру;
 ұлттық сәндік қолданбалы өнердің салдарын жапсыру барысында қолдануға үйрету, балаларды қазақтың ұлттық өнерімен, оның түрлерімен, ерекшеліктерімен, түс және композициялық құрылымымен таныстыру. Ұсынылған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі ұйымдастырылған оқу қызметінің кешенділігі және ұйымдастырылған оқу қызметі барысында 4 жобалау және әртүрлі ойын әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қазіргі әлеуметтік ортаға сай шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
 Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары. Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру іскерліктеріне тәрбиелейді. Сондай-ақ балаларды безендіру және ою-өрнек қызметіне дайындайды, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру қимыл үйлестірулерін дамытады. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Баланың көркемдік талғамы, шығармашылық қабілеті артады. Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
 үлгілермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеуді;
 өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құруды;
 жұмыс тәсілдерін таңдауды және дәлелдеуді;
 қайшыны дұрыс қолдануды;
 жұмыс материалдарын тиімді қолдануды;
 екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қиюды;
 ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақ­шарлар) өрнектер, көз алдына елестету арқылы бірнеше бөліктерден заттарды құрастыруды;
 заттарды қазақ өрнектерімен әшекейлеуді;
 ұлттық бұйымдарды ою-өрнек элементтермен бейнелеуді;
 жырту тәсілімен жапсыруды орындауды;
 Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, ұжымдық композицияларды орындауды;
 еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, перспективасына назар аудара отырып заттарды бейнелеуді (қию, жапсыру және т.б.);
 өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс кезінде тәртіп сақтауды;
 еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтауды білуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет