Минералдар. Тау жыныстары



бет2/9
Дата06.01.2022
өлшемі2,43 Mb.
#15043
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
мұнай 8

2.Су айдаудың түрлері


Су айдау түрлері

Нұсқа сыртынан су айдау

Нұсқа ішінен су айдау

Нұсқа жанынан су айдау

Алаңда су айдау

Таңдап су айдау

Ошақтап су айдау

Блокты су айдау



Нұсқа сыртынан су айдау. Бұл жағдайда әсер ету, мұнайлылық нұсқаның сыртында орналасқан айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Айдау ұңғымасының қатары мұнайлық нұсқаға әсер етуі үшін, сулану тілшелерінің түзілуінің және судың игеру ұңғымаларына жарып өтуінің алдын алу үшін мұнайлылық нұсқасынан шамамен 300-800 м-де орналасады. Нұсқаның сыртынан су айдау:
  • мұнай қабатының айдау ұңғымаларының орналасу аймағымен жақсы гидродинамикалық байланысуы кезінде;
  • мұнай кенішінің салыстырмалы аз көлемі кезінде, яғни кеніш ауданының мұнайлылық нұсқасының периметріне қатынасы 1,5-1,75 км құраған кезде (кен орынды бұл шамалардың басқа да қатынастары кезінде өндіру жағдайлары белгілі);
  • қабаттың қалыңдығы және ауданы бойынша коллекторлық қасиеттері жақсы әрі біртекті қабат кезінде мақсатты келеді.

  • Бұл жағдайларда нұсқа сыртынан су айдау жүйесі қорды толығымен өндіруі және мұнайды қабаттың орталық жоғары бөлігіне қарай, яғни өндіру ұңғымалар қатарына немесе бір ұңғымаға қарай ығыстыруға мүмкіншілік береді. Нұсқаның сыртынан су айдауда кемшіліктер де бар. Олардың қатарына:
  • мұнайды өндіруге энергияның көп шығындалуын (сорапты қондырғылар қуаттылығының қысымына шығыны, Өйткені айдалатын су мұнайлылық нұсқасы және айдау ұңғымалары арасындағы қабат аймағының фильтрациялық кедергісінен өтуі керек);
  • айдау қатарының алшақтығынан кенішке баяу әсер етуін;

  • - судың айдау сызығынан қабатының ішкі аймағына кетуі әсерінен көп шығындалуын жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет