Блокты су айдауды үлкен нұсқаланбаған кен орындарда барлау ұңғымасының мәліметтері бойынша, оларды орналастыру ауданында өндірістік мұнайлылық бар болған кезде қолдану керек. Бұл жағдайда кен орындары соңғы барлауға және мұнайлылық нұсқасын анықтауға дейін кен орнының айдау ұңғымалар қатарымен игеру ұңғымалар қоры бар жеке блоктарға бөлу арқылы объектіні игеруге жылдам енгізу мүмкін болады. Сонда әрбір блоктың ішінде қатарлар түрінде өндіру ұңғымаларын бұрғылайды. Қатарлардың санын және тығыздығын блок ауданында гидродинамикалық және техника-экономикалық есептеулермен анықтайды.