Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Ақаудың құрылымына байланысты бірнеше тиісті топтарды ажыратады



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі12,8 Kb.
#131952
1   2   3
Байланысты:
Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар балалардың психо

Ақаудың құрылымына байланысты бірнеше тиісті топтарды ажыратады:

  • Бұл топқа екі айқын психофизикалық бұзылыстары бар балалар кіреді, олардың әрқайсысы дамуында ауытқуды тудыруы мүмкін (мысалы, ақыл-есі кем саңырау балалар және т.б.).

  • Бұл топқа бір жетекші психофизикалық бұзылысы бар және онымен бірге жүретін балалар кіреді. Екінші бұзушылық соншалықты айқын емес, бірақ одан әрі даму барысын айтарлықтай ауырлатады. Мұндай жағдайларда мамандар күрделі ақау туралы айтады.

  • Бұл топқа көптеген бұзылыстары бар балалар кіреді. Олардың бастапқы сипаттағы үш (немесе одан да көп) бұзылуы бар, олар әртүрлі дәрежеде көрінеді, бірақ баланың дамуында елеулі ауытқуларға әкеледі. Мысал ретінде ақыл-есі кем көру қабілеті нашар саңырау балалар болады.


Эмоцияның бiр түрi — аффекттер. Аффекттер дегенiмiз қысқа уақытқа созылса да, бүрқ етiп қатты көрiнетiн эмоцияның түрi. Аффекттер кейде адамның бүкiл психикалық кейпiн бұзып, мәнерлi қозғалыстарға толы, ерiк күшiнiң әлсiреу жағдайында өтедi. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршiгу, кенеттен торығу, қамығу т. б.) М. Ю. Лермонтов бiр адамның басынан байқалған аффектiнi былайша суреттейдi:
Орынсыз жан таласып кейде бекер,
Жұламын итмұрынды қолым жетер...
Сонан соң әлiм кетiп жерге құлап,
Еңiреп егiл-тегiл, жаттым сұлап.
Кемiрiп жердiң дымқыл топырағын,
Шықтай қып жерге төктiм жасты-ай бұлақ”.
Ата-аналар көбінесе балаларының бір орында байыз тауып отыра алмайтынын, тым көп қимылдайтынын, әбігерге түсетінін, тыныш тұра алмайтынын, дауысын тым қатты шығарып сөйлейтінін, өзге балалар мен ересектерге жиі кедергі жасайтынын байқайды. Ондай балалардың қимыл-қозғалысы ебедейсіз, үйлесімсіз, бұлшық еттерін қадағалауы әлсіз болады, сондықтан, олар қолына алғанның барлығын түсіріп, сындырып алады, жиі шалынып, құлайды. Мұндай балаға бір іске зейін қою өте қиын, көңілі тез бөлінеді, тым көп сұрақ қояды, бірақ жауабын күтпейді, басқа істерге кірісіп кетеді, бірақ оларды да тез тастап кетеді. Осының барлығы қысқа уақыт ішінде орын алады. Кейде баланың күш-қуаты бірнеше адамға жететіндей болып көрінеді, сондықтан, осындай балаларды гипербелсенді, ал жалпы ауытқушылықты — ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ (ЗЖГС) ДЕП АТАЙДЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет