Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие


  МЖМБС  жүзеге  асыру  үшін  мектеп  кабинеттерін  жабдықтаудың



Pdf көрінісі
бет10/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98
2  МЖМБС  жүзеге  асыру  үшін  мектеп  кабинеттерін  жабдықтаудың 

минималды  нормалары  бойынша  білім  беру  ұйымдарына  қойылатын 

талаптар  

 

Нақты  талаптар  Мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру  стандартарына 



(МЖМБС),  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2012 

жылғы  7  наурыздағы № 97  бұйрығымен  мектеп  алды, бастауыш,  негізгі орта, 

жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  жабдықпен 

және жиһазбен жабдықталу нормаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2013  жылдың 20 желтоқсанындағы  №1367  Қаулысымен бекіткен  балалар  мен 

жасөспірімдерді  тарбиелеу  мен  оқыту  нысандарына  қойылатын  санитарлық-

эпидемиологиялық талаптарына сәйкес түзілген [2, 3].  

Оқу  кабинеті  –  бұл  мектептің  көрнекі құралдармен,  оқу  жабдықтарымен, 

жиһазымен  және  оқытудың  техникалы  құралдарымен  жабдықталған, 

оқушылармен оқу, факультативтік және сыныптан тыс жұмыс, сонымен қатар 

білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатымен пән бойынша 

әдістемелік  жұмыс  қолданыстағы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарына, оқу жоспарларына және бағдарламаларына толық сәйкестікте 

өткізілетін оқу жайы.  

Оқу  кабинетінің  жабдығы  әдістемелік  амалдардың,  технологиялардың, 

мұғалімдердің  педагогикалық  мүдделерінің  алуан  түрлілігінде  пәнді  оқытуды 

тиімді жүргізуге мүмкіндік беретіндей болуы керек (1, 2-қосымша).  

Кабинет  меңгерушісінің  міндеттерін  орындау  мектеп  директорының 

бұйрығы  негізінде,  кабинет  меңгерушісінің  лауазымдық  нұсқаулары  негізінде 

орындалады.  

Оқу кабинетінде келесідей нормативтік құжаттар болуы тиіс:  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;  



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 

ақпандағы «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» 

№50 бұйрығы;  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы 



«Сәйкес үлгісіндегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін, соның 

ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру  ұйымдарының  Үлгілік  ережелерін бекіту  туралы»  №499 қауылысы 

(23.05.2014 



ж. өзгертулермен);  

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМБС);  



Оқушыларға арналған жүріс-тұрыс ережелері;  

Оқу  кабинетінің  оқу  жылына  және  келешегіне  арналған  жұмыс 



жоспары.  

Кабинет төлқұжатының құрамы:  

толық материалдық жауапкершілік туралы келісім;  



жиһаздың тізімі;  

оқытудың техникалық құралдарының тізімі (ОТҚ);  



жабдықтардың, құрылғылардың және саймандардың тізімі;  

дидактикалық материалдың тізімі;  



12 


кабинеттегі кітапхананың каталогі;  

сабақтарды өткізуге берілетін рұқсат келісімі (акті);  



еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар;  

қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар;  



кабинет жұмысының кестесі (тоқсандық);  

кабинетті қабылдау ведомостінен тұрады.  



Оқу кабинеті СанЕмН-нің санитарлық-гигиеналық талаптарына (әрлендіру 

материалдарына;  жиһаздың  құрамына,  өлшемдеріне  және  орналастырылуына; 

жылу-ауа  режиміне;  табиғи  және  жасанды  жарығының  режиміне)  және  өрт 

қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келуі керек.  

Оқу кабинеті өрт сөндіруді алғашқы құралдарымен және дәрігерге дейінгі 

көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етілуі тиіс.  

Оқу  кабинетінің  әрлендірілуі  бірыңғай  стильде,  эстетикалық  қағидалар 

ескеріле отырып орындалуы керек.  

Оқу  кабинетіндегі  сабақтар  оқушыларда  әлемнің  заманауи  бейнесінің 

қалыптасуына қызмет етуі тиіс.  

Оқу кабинетінің жартақталарында мыналар болуы керек:  

кабинет бейіні бойынша білім беру стандарттарының талаптары;  



түрлі  жұмыстарды  (зертханалық,  шығармашылық,  бақылау,  өз  бетінше 

жұмыстар мен т.б.) ресімдеу мен талдаудың талаптары мен үлгілері;  

кабинет  бейіні  бойынша  олимпиадалардың,  конкурстардың,  зияткерлік 



марафондары тапсырмаларының нұсқаларын және олардың талдауы;  

үй тапсырмаларын ұйымдастыру және орындау бойынша ұсыныстар;  



диагностиканың түрлі формаларына дайындық бойынша ұсыныстар;  

қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптары.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет