Информатика кабинеті заманауи компьтерлермен жабдықталған,
Интернет желісіне қосылған, экранды мультимедиялық проектор бар. Спорт
залы. Жабдықталу деңгейі 95%. Мектептердің спорттық материалдық базасы
жылдан жылға жақсарып келеді.
Спорттық жабдықтар сатып алынды (күш беретін станция, жүгіру жолы,
пресс жасайтын отырғыштар, эллиптикалық тренажёр). Жеңіл атлетика
сабақтарында білім алушылар кішкентай доптармен, лақтыруға арналған
гранаталармен гимнастикалық секіргіштермен қамтамасыз етілген. Стадионда
білім алушылардың жәрдемімен секіру шұңқыры, лақтыру секторы жасалды.
Гимнастика сабақтарын өткізу кезінде ұсақ жабдықтар пайдаланылады:
шеңберлер, гимнастикалық таяқтар, гантельдер, мектепте гимнастикалық ат,
гимнастикалық отырғыштар, арқан, көпір ағаш, гимнастикалық төсеніштер
сияқты жарақтар бар. Дене шынықтырудың 3 сағат өткізілуіне үлкен назар
аударылады, фитнес доптар, экспандерлер, гимнастикалық кілемшелер,
резиналық дәкелер, тыңайтылған доптар сатып алынды. Спорт жарыстарын
өткізуге арналған стандартты емес жабдықтар дайындалды: туннель, жеңіл
9
атлетикалық тосқауылдар, еңкіш тақтайлар, дәл көздеп лақтыру үшін қабырғаға
белгі қойылды, білім алушылар эстафета өткізуде секіруге арналған
қапшықтарды өз қолдарымен тікті. Жорық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – оны
өткізудің ең басты жағдайының бірі – мектепте туристік керек-жарақтар: арқа
қоржындар (2), шатыр (1), мосылар (2), әр қатысушыға тамақ ішуге арналған
ыдыстар, компастар (2), дәрі-дәрмек қобдишасы.
Достарыңызбен бөлісу: |