1
МЖМБС жүзеге асыру үшін мектеп кабинеттерінің жабдықталуына
талдау
Материалдық база дегеніміз – бұл білім беру ұйымдарындағы оқыту мен
тәрбие беру деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Әр оқытушының
алғашқы қадамдары, жиі жағдайда, мектеп кабинеттерінің жабдықталуын
сындарлы бағалау мен олардың нормативтерге сәйкестігін бағалауды көздейді.
Бұл нормативтер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын
жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» № 97
Бұйрығында бекітілген (09. 07. 2013 ж. өзгертулермен және
толықтырулармен) [2].
ҚР-дың жеке білім беру ұйымдарындағы мектеп кабинеттерінің
жабдықталуын талдау және зерделеу көрсетіп отырғанындай, өкінішке орай,
мұғалімдердің басым саны оқытудың осындай қырларын регламентпен
реттейтін құқықтық және нормативтік актілері туралы жеткілікті дәрежеде
хабардар емес. Дәл осы себептен мұғалімнің кәсіби қызметінде негіз болатын
құжаттармен белгіленген ережелердің аясын ажыратып шығару қажет болып
отыр.
Әр типке қатысты оқу сыныптарының, бөлмелердің, оқу-өндірістік
шеберханалардың ауданы көлеміне қатысты нақты белгіленген нормативтер -
СНмЕ-дің құрылысы нормалары мен ережелері сонымен олардағы гигиеналық
жағдайларға қатысты талаптар енген санитарлық-эпидемиологиялыұ
ережелердің болатынын білген абзал.
Әр оқу сыныбы мен оқу шеберханасы үлгілік Оқу-көрнекі құралдардының
және оқу жабдығының үлгілік Тізіміне сәйкес жинақталуы тиіс.
Шеберханадағы жабдықтың әр түрінде жұмыс уақытындағы қауіп туралы
ескертетін қауіпсіздік техникасы бойынша және жұмысты бастау алдында,
жұмыс уақытында және оны аяқтаған соң орындауға жататын қажетті
әрекеттердің сипаттамасы бар үлгілік нұсқаулығы болуы тиіс.
МЖМБС жүзеге асыру үшін оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру тек сабақты
дидактикалық материалмен мейлінше қамтамасыз ету, педагогикалық ғылым,
озық педагогикалық тәжірибе жетістіктерін пайдалану негізінде ғана мүмкін.
МЖМБС іске асыру үшін мектеп бөлмелерінің жабдықталуын анықтау оқу
үрдісі мен педагогикалық қызметкерлердің және оқушыларының еңбегін
ұйымдастырудың қазіргі жағдайын объективті бағалаудың негізгі шарты болып
табылады. Мектеп кабинеттерінің жабдықталу көрсеткіштері бойынша тұтас
білім беру ұйымындағы педагогикалық ұжым жұмысының келешегі мен негізгі
баыттары анықталады.
Мысалы, білім беру ұйымы бойынша еңбекті ғылыми ұйымдастыру
деңгейінің жалпы көрсеткіші (ЕЕҒҰ) әрқайсысы 0 бастап 1 дейінгі мәніне ие
жеке еселіктердің негізінде анықталады. Егер есептеу барысында еселіктің мәні
1-
ден артық немесе 0-ден кем болып шықса, онда ол сәйкесінше 1 немесе 0-ге
тең деп қабылданады. Барлығы 17 жеке еселік қабылданған [3].
4
Әр оқу нысаны (сынып, мекте бөлмесі, зертхана) бойынша ЕҒҰ-ның
деңгейін анықтағанда, олардың ішінен нақты нысанға қатыстылары ғана есепке
алынады.
Еселікті анықтау барысында сыныпты, оқу бөлмесін және т.б. жабдықтау
бойынша үлігілік нормативтерін басшылыққа алу керек. Үлгілік нормативтер
болмаған жағдайда, МЖМБС-тың, оқу бағдарламаларының және т.б.
талаптарына сәйкес қажетті жабдықтың, материалдың, құралдардың,
құрылғылардың және т.б. уақытша нормативтерін орындарда анықтап,
әзірлеуге рұқсат беріледі [3].
Мектеп кабинеттерінің жабдықталу деңгейін зерделеу көрсеткеніндей,
МЖМБС жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының материалдық-
техникалық базасын жақсарту қажет.
Мысалы, бастауыш сыныптардың бөлемелері заманауи жабдықтармен
қамтамасыз етілмеген, мектептерде бар жиһаз үлгілер ескірген түрінде.
Әр пән бойынша оқу-әдістемелік құралдардың нормалары мен тізімдері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
Қулысымен бекітілген орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы) білімнің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес
құрастырылғанын атап өту керек.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдар да өзінің өзектілігінен
айырылған.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген орта білім мазмұны
жаңғырту міндетіне сәйкес, бастауыш білімінің оқу үрдісіне жаңа пәндерді,
сонымен қатар оларға оқытып-үйретудің белсенді формалары мен озық
технологияларын енгізу күтілуде. Мысалы, осындай жаңа пәндердің бірі
ретінде «Ғылымға кіріспе» шықпақ. Бастауыш мектептегі «Ғылымға кіріспе»
пәнінің мақсаты – негізгі және жоғары мектепте «Биология», «Химия»,
«Физика», «Математика» пәндерін зерттеу үшін қажет негіздердің сонымен
қатар алған білімдерін табиғат құбылыстары мен күнделікті тұрмыста
байқалатын процестерді, табиғи нысандарды болжамдау, сипаттау, түсіндіру
мақсаттарында қолдану дағдыларын қалыптастыру. «Ғылымға кіріспе» пәні
бастауыш мектепте мәселені көре білу, болжам шығару, сауал түзу, сынақ
жүргізу, зерттеу нәтижелерін сипаттау мен бағалау, ой толғату, қорытынды
шығарып, ой түю секілді зерттеушілік, ойшылдық, коммуникативтік дағдылар
мен икемдерді қалыптастырып, дамытуды көздейді.
«Ғылымға кіріспе» пәнін оқыту үшін жоғарыда аталған «Мектепалды,
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының жабдықпен және жиһазбен жабдықталу нормаларын» тиісті
деңгейінде толықтыру қажет, себебі бұл пән жаратылыстанумен байланысып,
алғаш рет енгізілуде. Демек, мектеп бөлмелері сынақтар үшін қажет
зертханалық керек-жарақ, сканерлер, интерактивті тақталар және т.б. секілді
жаңа жабдықпен қамтамсыз етілу қажет. Осыдан кейін, жаңа стандарттың
жобасына сай, 1-сыныптан «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
пәні енгізілуде.
5
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мақсаты – нақты
нысандар мен процестердің ақпараттық үлгілерін түрлендіру, құру, қолдану
мен талдау, сонымен қатар өзге пәндерді оқып-үйрену үшін ақпараттық-
комуникациялық құралдармен жұмыс жөніндегі дағдылармен, біліктермен
және базалық білімдермен қамтамасыз ету. Нақты пән білім алушылармен
ақпараттық үрдістердің қоғамдағы рөлі мен техникалық мүмкіндіктері,
ақпарттық-коммуникациялық құралдардың адам қызметінің түрлі аясында
қолдану келешегі туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған.
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар»
пәнін
зерделеу
барысында оқушылар келесілерді меңгереді:
-
компьютер туралы бастауыш білімдерді, заманауи технологиялар мен
олардың қоғам өміріндегі рөлі туралы білімдерді;
-
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолданумен түрлі формадағы
ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу және тасымалдау дағдыларын;
-
түрлі бағдарламалық қосымшаларды пайдалана отырып, оқиғалардың
нақты жүйелері мен үлгілерін өңдеу, талдау және түрлендіру, сонымен қатар өз
ойын іске асыру дағдыларын;
-
пән бойынша түрлі тапсырмаларды орындау арқылы қисынды,
алгоритмді, жүйелі және сындарлы ойлау қабілеттерін дамытуды;
-
ақпарттық-коммуникациялық құралдарды қарым-қатынасты орнату,
ақпаратпен алмасу және өзара әрекетке түсу мақсатында пайдалану
дағдыларын.
Осы пәннің алғаш енгізілуіне байланысты, оны енгізу үшін заманауи
жабдықпен сәйкес деңгейінде қамтамасыз ету қажет.
«Ақпараттық-комуникациялық технологиялар» пәнін оқыту бойынша
негізгі талап ретінде компьютерлік жүйелердің қолжетімділігі болып табылады.
Бастауыш
мектеп
стандартының
жобасына
сәйкес,
ақпарттық-
коммуникациялық технологиялар кабинеті үшін қажетті жабдық мынандай:
-
гарнитуралармен (микрофондар мен құлаққалғандары) жабдықталған
дербес компьютерлер мен ноутбуктар; компьютерлік бағдарламалар;
-
құрылғылар мен коммуникациялар, оқытушылар мен оқушылар арасында
деректермен алмасуды қамтамасыз ету үшін ашық желі (кең жолақты
интернет);
-
қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшірме техникасы
және т.б.
Сыныпта орнатылған компьютерлерді интернет желісімен жалғау және
оқушылардың дербес компьютерлермен (ноутбуктармен), не болмаса мобильді
құрылғылармен қамтамасыз ету ұсынылады.
Білім беру саласының ақпараттық технологиялармен қамтамасыздығы
туралы мәселе әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі уақытта бір компьютерге
16
оқушы келеді. Интерактивті кабинеттермен және жабдықтармен білім беру
ұйымдардың 50% қамтамсыз етілген. Интернетке тек 98% мектепте ғана қол
жеткізілген, ал кең жолақты Интернетке тек 37,3% үшін жол ашылған.
2012 жылдың 1 қазанынан 3202 (49,7%) негізгі және орта мектеп заманауи
модификациясындағы физика кабинеттерімен, 1900 (29,5%) – химия
6
кабинеттерімен, 2553 (39,7%) – биология кабинеттерімен қамтамсыз етілген.
Осы уақытта лингафон кабинеттерімен жабдықтаудың қажеті жоқ
екендігін де атап өту керек, себебі нормативте ескерілген және бекітілген
заманауи ақпараттық технологиялар бар. Кестелер, плакаттар секілді
демонстрациялық жабдықтар санын азайтып, практикалық бағытта оқытуға
арналған оқыту құралдарының санын ұлғайту керек. Оқушылардың «Ғылымға
кіріспе» пәні бойынша бастапқы зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үшін
қосымшалар қажет. МЖМБС жүзеге асыру үшін «Ән-күй» және «Бейнелеу
өнері», «Ән-күй» және «Еңбекке баулу» пәндерінің ықпалдастығына
байланысты, МЖМБС-ға қосымшалар енгізілген.
ШЖМ оқу кабинеттерінің жабдықталу әлсіздігін атап өту керек, онда
арнайы оқу зертханаларының және шығармашылық шеберханаларының,
заманауи жиһаздың, техникалық құралдардың, спорттық жабдықтардың, оқу
залы бар электрондық кітапхананың жоқтығы аталады. 948 мектепте асхана,
822 –
спорттық залы жоқ; заманауи талаптарға олардың медициналық
кабинеттері сай келмейді; телекоммуникациялар инфрақұрылымы ескірген –
кең жолақты Интернетке 11,5% ШЖМ қосылған, интерактивті жабдықпен 28%
ШЖМ қамтамасыз етілген, 1834 негізгі және орта ШЖМ-де физика кабинеті,
2554 –
химия 85 – информатика кабинеттері жоқ.
Білім берудің қазіргі даму кезеңінде Назарбаев зияткерлік мектептері үздік
қазақстандық және шетелдік педагогикалық тәжірибені зерттеп, енгізіп отырған
сынау алаңы болып табылады. Әр мектептің қуаты мен инфрақұрылымы
меншікті жобасына және мүмкін сынып-жинақтарына сәйкестікте анықталады.
Зияткерлік мектептердің ғимараттары, негізінде, 720 орынға есептелген, соның
ішінде 120 орынға арналған жатақхана бар. Мектеп ғимараты бірнеше ірі
блоктар құрылған: оқу, жатын және спорттық. Оқу блогында 63 кабинет бар,
олардың ішінен 40 кабинет 10 оқушыға, 16 кабинет 20 оқушыға, 2 - әмбебап
кабинет, 5 - жеке сабақтарға арналған. Жатын блогы - өзге қаладан келген
балаларға арналған, жайлы 120 орынды жатақхана. Спорттық корпуста үлкен
және шағын залы, тренажер залы қарастырылған. Сонымен бірге, жалпы
мектептің жайлары, кабинеттер мен зертханалар, медициналық блок, 360
орынға арналған түстену залы, 360 орынға арналған акт залы да қарастырылған.
Мектеп Қазақстанда, Ресейде, Германияда шығарылған жабдықтармен және
жиһаздармен,
ең
жаңа
компьютерлік
жүйелермен,
мультимедиа
кабинеттерімен,
робототехника,
нано-
және
биотехнологиялар
зертханаларымен қамтамасыз етілген. Жаңа мектептің осындай материалдық-
техникалық қамтамасыздығы жас зиялы зияткер ұрпаққа ғылыми-ізденіс
қызметін тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Мектеп кабинеттерінің МЖМБС іске асыруы үшін қамтамасыздық
деңгейін анықтау мақсатымен «Мектептің үздік кабинеті» байқауының
Қарағанды қаласындағы бір мектеп-лицей нәтижелері талдауға алынды.
Байқау шеңберінде келесідей номинациялар ұйғарылды:
-
«Бастаушы мектептің үздік кабинеті».
-
«Орта мектептің үздік кабинеті».
-
«Үздік мамандандырылған кабинет».
7
Байқауға қатысу үшін келесідей материалдар ұсынылды:
•
Оқу кабинетінің функционалдық тағайындалуы, кабинеттегі жабдықтар,
құрылғылар, оытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар, оқулықтар,
әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар мен т.б. көрсетілген
төлқұжаты;
•
Кабинетті ағымдағы жылда жетілдіру бойынша жұмыстардың
көрсеткіштері толтырылған кестесі бар кабинеттің ағымдағы және келешек
жылға арналған жұмыс жоспары;
•
Мұғалімнің оқушылармен кабинеттегі жұмысының тиімділігін көрсететін
фото және бейнематериалдар.
Оқу кабинеттері оқу кабинеттерін бағалау бланкісінде 4-баллдық
шкаласымен көрсетілген критерийлермен бағаланды: 4 балл – үздік, 3 балл –
жақсы, 2 балл – қанағаттанарлық, 1 балл – қанағаттанғысыз (1-кесте).
1-
кесте – Оқу кабинеттерін бағалау бланкісі
Достарыңызбен бөлісу: |