4 тарау. Жалпы ережелер
5. Курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар) - оқу қызметінің маңызды түрі және мамандық профилі немесе пән бағдарламасы бойынша университет студенттерінің өз еркімен таңдап алған және оған жетекшісі ұсынған ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады.
Дипломдық жұмыс - білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;
Дипломдық жоба - жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;
6. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың орындалу мақсаты:
1) білім беру бағдарламасы бойынша теориялық білімі мен практикалық шеберлігін жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік және мәдениеттік міндеттерді шешуде қолдану;
2) өздік ғылыми жұмыстардың жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасау;
3) қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында студенттердің өздік жұмыстарға дайындығын, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.
7. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар тиісті ғылым саласының нақты білім беру бағдарламасының өзекті мәселелерін өз еркімен меңгеру және зерттеу нәтижелерін қорытуды көздейді.
8. Курстық, дипломдық жұмыстар және дипломдық жобалар:
1) мақсатты бағыттылықты;
2) нақты құрылымды;
3) берілген материалдың логикалық сабақтастығын;
4) зерттеудің тереңдігі мен сұрақтардың толық түсіндіруін;
5) дәлелдеуіді сеңдіруін;
6) тұжырымдамалардың дәлдігі мен қысқалығын;
7) жұмыс нәтижелерін баяндау нақтылығын;
8) қорытынды дәлелдігі мен негізделген ұсынымдарың;
9) талапқа сәйкес рәсімделуін қамтылуы тиіс.
9. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың тақырыбы өзекті болуы тиіс, ғылым, техника, ауыл шаруашылық, мәдениет дамуының қазіргі жағдайы мен келешегіне сәйкес болып және өзінің мазмұны бойынша келесі талаптың біріне жауап беру керек:
1) ғалымдармен, сарапшылармен, тәжірибелермен: инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен, заңгерлермен өткізілген зерттеу нәтижелеріне, жобалық шешімдерге талдау қорытылуы тиіс;
2) зерттелетін объект бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар болуы тиісті;
3) белгілі бір мәселені шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелерді қамтуы керек.
Ол өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алып отыру керек.
10. Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, сондай-ақ оның ғылыми жетекшісі кафедра отырысында қаралады және бекітіледі.
11. Дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың тақырыптары түлектерді даярлайтын кафедра әзірлейді және институт кеңесімен бекітілген тақырып тізімі болып саналады. Тақырыптар тізімі жыл сайын жаңартылып тұрады.
12. Студенттерге бекітілген тақырыптар ішінен тақырып таңдау құқығы беріледі. Студент өзінің де тақырыбын ұсына алады.
13. Дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның тақырыбы курстық жұмысты орындау процесінде өткізілетін зерттеу тақырыбының жалғасы болып табылады. Тақырып өзекті болуы керек және нақты зерттеу тақырыбы мен саласын көрсете отырып, нақты тұжырымдалуы керек. Зерттеу нысандары әр түрлі болғанда ғана тақырыптың тұжырымдамалары бірдей болуы мүмкін.
14. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша ұжымдық жобаны студенттер топтары орындауы мүмкін.
15. Түлек даярлайтын кафедралар студенттердің дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба жетекшілерімен кездесулерін өткізеді (осы білім беру бағдарламасы/тақырып бойынша зерттеу саласының мамандары болып табылатын түлек даярлайтын және басқа да кафедралар оқытушылары).
16. Бітіруге дейінгі курстың соңында студенттер кафедра меңгерушісі атына өтініш жазады. Дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға өтініш нысаны А қосымшада ұсынылған. Студенттерге дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың тақырыптарын соңғы бекітуі бітіру курсының басында, студенттерге тақырыптар мен дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалардың жетекшілерін бекіту туралы ректордың бұйрығымен жүзеге асырылады.
Қажеттілік жағдайда дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның тақырыбы қорғауға 2 айға дейін кешіктірілмей түлектер даярлаушы кафедраның ұсыныс хаты бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
17. Дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі, тақырыбы дербес көрсетіліп, басқарма төрағасы-Ректордың бұйрығымен бекітіледі.
18. Дипломдық жұмыстарға немесе жобаларға басшылықты бейіні бойынша оқытушылар және (немесе) кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар ұлттық біліктілік шеңберінің 7 деңгейіне және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар ұлттық біліктілік шеңберінің 8 деңгейіне сәйкес келетін мамандар жүзеге асырады.
19. Дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмыс және дипломдық жоба тақырыбын таңдауда студентке кеңес береді;
2) жұмыс пен жобаны орындау үшін тапсырмалар береді;
3) студенттерге жұмыс пен жобаны орындаудың барлық кезеңіне арналған күнтізбелік кестені құрастыруға көмек көрсетеді;
4) студенттерге тақырып бойынша қажетті әдебиеттер, анықтамалар, нормативтік және мұрағаттық материалдар мен басқа дереккөздер ұсынады;
5) студенттің ағымдық бақылау өткізетін күнтізбелік кестесін сақтауға, бітіру жұмысының орындалуының кеңес беру кестесін белгілейді;
6) жұмыстың және жобаның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және студент пен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді;
7) кемшіліктер мен ескертулерді ұсынады, оларды дұрыс жою жолдарын көрсетеді;
8) дипломдық жұмысты және дипломдық жобаны АК-ға ұсыну мүмкіндігін немесе орынсыз ұсынылуын дәлелдейді.
20. Дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға пікір беруі біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның бейініне сәйкес, тек сыртқы ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады.
Пікір берушілер ретінде басқа да жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және аға оқытушылары тартылуы мүмкін.
21. Дипломдық жұмыстарға және дипломдық жобаларға пікір берушілер институт директорының ұсынуы бойынша жұмыс орны, атқаратын лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы диплом бойынша базалық білімі) көрсетілген жалпы тізіммен Басқарма Төрағасы-Ректордың бұйрығымен бекітіледі.
22. Курстық жұмыстың(жобаның) тапсырмасы, мақсатының орындалуын, әзірлеуге жататын негізгі сұрақтарды, әдебиеттер тізімін, курстық жұмыстың көлемін, жетекшіге курстық жұмыстың (жобаның) тапсырылуы мен әзірлену барысы туралы баяндама мерзімін қамтиды. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмасының үлгісі Б қосымшасында ұсынылған.
23. Дипломдық жұмыс тапсырмасы мен дипломдық жобада бастапқы материал мен дереккөздердің сипаттамасы, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материалдар тізімі (кестелер, диаграммалар, диаграммалар және т.б.), жұмысты және жобаны жазудың толық күнтізбелік кестесін қамтиды.
24. Тақырып бекітілгеннен кейін жұмыс немесе жоба жетекшісі жұмыстың тапсырмасы мен жеке кезеңдердің орындалу кезегін көрсете отырып, барлық мерзімге кеңес беру және күнтізбелік кестесін құрастырады.
Осыдан кейін кесте мен тапсырма түлектер даярлайтын кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Бір данасы студентке беріледі, екінші данасы кафедрада сақталады, содан кейін жұмыспен және жобамен бірге қорғауға ұсынылады.
В қосымшада дипломдық жұмысқа және жобаға тапсырмалар құрастыру үлгісі ұсынылған.
25. Әр дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның тапсырмасына сәйкес жеке және перспективтік, теориялық пен практикалық сұрақтары болуы керек.
Мысалы, инженерлік мамандықтардың бітіру жобаларында негізгі тақырыптан басқа технологиялар, автоматтандырылу, кешендік өндірісті механизациялау, стандарттау, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, өндірісті басқару және т.б. мәселелер түсіндіріледі.
26. Іргелі ғылымдар бойынша (физика, математика, химия және т.б.) дипломдық жұмыстарда және дипломдық жобаларда көрсетілген бөлімдер қажеттілікке байланысты ашылады.
27. Дипломдық, курстық жұмыстың, дипломдық жобаның тапсырмасы жұмысқа және жобаға титул бетінен кейін тіркеледі бірақ бетінің номері қойылмайды.
28. Түлек даярлайтын кафедралар курстық, дипломдық жұмысын және дипломдық жобасын орындауың бастағанға дейін жұмысқа және жобаға (мамандық ерекшелігін ескере отырып) қойылатын талаптарды белгілейтін әдістемелік нұсқаулар құрастырып студенттерді қамтамасыз ету тиіс.
29. Ғылыми жетекші жұмысты және жобаны орындау бойынша студенттердің кезеңдік есеп мерзімін белгілейді (мерзімдер Б, В қосымшаларында көрсетілген), осы мерзімде жетекші мен кафедра меңгерушісі жұмыстың және жобаның дайындық деңгейін анықтайды.
30. Курстық, дипломдық жұмыс пен дипломдық жоба, ҚА жұмысы басталардан бір ай бұрын, міндетті түрде «Антиплагиат» жүйесінен тексеруден өткізілуі керек.
31. Курстық, дипломдық жұмыс және дипломдық жоба мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдарды, монографияларды, периодикалық әдебиеттерді, дәріс курстарды, журналдарды, оның ішінде шет тілдегі нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеліп орындалады.
32. Дипломдық жұмыстың және дипломдық жобаның негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеуде қолданылатын әдістердің негіздемесін, есеп беруде қабылданған әдістері мен компьютерлік технологиялар қолдану арқылы орындалатын есептердің өздерін, өткізілген эксперименттерді сипаттауын, оларды талдау және олар бойынша қорытындыларды, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыруларды және қажетті жағдайда иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және тағы басқаларды ашуы тиіс.
33. Студент дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны университетте, сондай-ақ ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа да ұйымдарда орындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |