Кіріспе
Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы маңызды сала болып есептеледі жəне
Алматы сияқты өндірісі дамыған үлкен қалада сүт өндірісі əлеуметтік маңызға ие. Сүтті
бағыттағы мал шаруашылығын ары қарай дамыту үшін қажетті шаралардың бірі
құнарлылығы бойынша тұрақты жəне үйлестірілген азықтық қор (база) құру болып
табылады. Берік азықтық қор дегеніміз азықтың үлкен қоры ғана емес, сонымен қатар
жоғары құнарлылығы, əсіресе протеин жəне оның қантпен қатынасы. Сондай-ақ, нақты
сүтті бағыттағы малдардың азықтық қорында ақуыз бен қанттың тапшылығы байқалуда,
ал бұл сүт өнімділігіне əсер ететін негізгі азық элементтері екені белгілі. Малдардың
өнімділігі негізгі үш шартпен байланысты: толыққұнды азықтандыру үшін азық өндіру
мен азық даярлау; малдардың генетикасы; бағып-күту. Өндірістік шығын құрамында
бірінші компонент өте жоғары маңызға ие жəне барлық шығынның 60%-ін құрайды. Берік
азықтық қорды Алматы қаласының маңайында орналасқан ЖШС «Байсерке-Агро»
шаруашылығында құру жоспарланып отыр.
Жүгері сүрлемін дайындау барысында біз азықтарды биотехнологиялық əдіспен
сүрлеуге мүмкіндік беретін жаңа препаратты қолдандық. Майлы-қышқылды ашуды
төмендетіп, сүтті-қышқылды ашуға жəне шикізаттағы негізгі қоректік заттардың
жойылуын азайтатын жəне жоғарысапалы жүгері сүрлемін алуға мүмкіндік беретін
биотехнологиялық əдістер негізінде дайындалған жаңа «Казбиосил» биоқоспасын
(биоконсервант) РММ Қазақ микробиология жəне вирусология ғылыми-зерттеу
институты ҚР ҒжБМ жасап шығарған. Айта кететіні «Казбиосил» авторлары 2011 жылы
ғылым жəне техника саласындағы ҚР Мемлекеттік Сыйлыққа лайықты деп табылды.
Авторлардың деректері бойынша [1] «Казбиосил» биоқоспалары азықтардағы құрғақ
затты жəне қоректік заттардың сақталу деңгейін жоғарылатады. Агрохимиялық
зертханалардың деректері бойынша «Казбиосил» қоспасымен жасалған жүгері сүрлемі
бақылаудағы сүрлеммен салыстырғанда протеин 1,4%, каротин 13,2 мкг/кг жəне қант
0,12% артық болады. Құрамында В
12
дəрумені 0,22-0,43 мкг/г аралығында болды.
Сүрленген азықтардың желінуі 25%, ал сүрленген сабан 90% жоғарылайды.
Сауын сиырларға қоспа қосылған жүгері сүрлемін бергенде майлылығы (0,05%-ға),
ақуыз (0,05%), сүт қанты (0,03%) жоғары болғанда орташатəуліктік сүт өнімділігі 15-20%
артады. Малды бордақылауда орташатəуліктік тірілей салмақ қосу 10-25% артады.
Анасының құрсағында жатып қоспа қосылған жүгері сүрлемін жеген қозы жақсы салмақ
жинайды жəне 3 айлық мерзімінде бақылаудағы қозыларған қарағанда 20% артық нəтиже
көрсетеді. «Казбиосил» - бұл микроорганизмдердің аборигенді штаммдары бар отандық
биопрепарат, «Казахсил» азықтық консервантының жаңартылған түрі жəне Қазақстанның
шаруашылықтарында 2008 жылдан бері, соның ішінде КС «Зинченко и К» (СҚО), ЖШС
«Камышенское» (ШҚО) жəне т.б.
Жаңа «Казбиосил» биоқоспасын біз шаруашылықта жүгері сүрлемін дайындау
барысында 1 тонна шикізатқа 20-дан 30-граммға дейін қолдану арқылы сынадық. Негізгі
сүрлем жерүсті траншеяларында нұсқаулыққа сəйкес 1 тонна сүрлемдеуші массаға 30 г
биоқоспа есебімен дайындалды. Сүрлемделген массадан қоректілік құндылығын
салыстырып тексеру үшін сүрлем жасағанға дейін жəне салынғанына 90 күн өткен соң
үлгілер алынып, азық сапасы тексерілді. Ірі азықтарды дайындау барысында сүрленген
пішеннен жəне сүрленген пішендемеден азық үлгілері алынып, ҚМШжМАӨҒЗИ
зоотехниялық талдау зертханасында химиялық талдау жүргізілді (1 кесте).
288
Кесте 1 – Шабу уақытына қарай пішендемеген салынатын жоңышқа пішенінің жəне
көк шөптің (жоңышқа+қамыс) химиялық жəне макроминералды құрамы мен қоректілігі
(табиғи ылғалдылықта 1 кг-на г есебімен)
Көрсеткіштер
Жоңышқа
пішені
Бірінші шабылымдағы
жоңышқа пішендемесі
Екінші шабылым-
дағы жоңышқа
пішендемесі
Шаруашы
лықта
өндірілген
Балқаш
ауд.
жоңышқа
70%,
қамыс
30%
жоңышқа
65%
қамыс
жəне т.б.
35%
жоңышқа
68%
қамыс
жəне т.б.
32%
жоңышқа
67%+түрлі
шөптер
33%
жоңышқа
65% түрлі
шөптер
35%
Азық өлшемі
0,51
0,45
0,38 0,31 0,33 0,29 0,28
Алмасатын
қуат, МДж
7,08
6,03
6,4 6,1 5,93 4,53 3,98
Құрғақ зат, г
878
854
550 500 476 444 521
Шикі протеин,
г
126,4 91,3 121,0 107,0 110,8 83,6 76,2
Қорытылатын
протеин, г
89,7
74,4
69,7 58,3 62,4 56,7 53,8
Шикі май, г
23,2
22,0
35,0 42,0 36,1 31,6 29,6
Шикі өзек
(клетчатка), г
272,3
284,6
256 275 256 256,8 301
Қант, г 281,0
415 60,0 45,6 48,7 43,6 44,6
Шикі күл, г
20,28
23,76
58 51,0 58,0 44,8 49,8
Белоксыз шы-
рынды зат, г
14,8
70,7
441 405 412 398 401
Кальций, г
9,08
8,44
10,0 9,8 8,9 8,6 8,8
Фосфор, г
4,53
3,30
3,1 4,0 3,4 3,2 3,19
Калий, г 4,74
6,17
5,74 3,67 4,71 4,21 3,91
Магний, г 2,47
7,20
3,72 3,23 3,19 2,67 2,81
Күкірт, г 1,68
3,75
2,35 2,21 3,05 3,0 3,1
Каротин, мг
33,2
29,5
38,2 36,3 35,6 32,6 31,8
Ірі азықтарды зертханада 16-17 көрсеткіш бойынша қоректілігін жəне химиялық
құрамын талдаудан белгілі болғаны шаруашылықта өндірілген жоңышқа пішенінің 1 кг-да
азық өлшемі 0,51; алмасатын қуат 7,08 МДж; құрғақ зат 878 г; шикі протеин 126,4 г;
қорытылатын протеин 89,7 г; фосфор 4,53 г жəне каротин 33,2 мг болды, ал Балқаш
ауданынан сатып алынғаны сəйкесінше: 0,45; 6,03; 854; 91,3; 74,4; 3,3 жəне 29,5 мг
құрады. Зертханалық талдаудың нəтижесі бойынша шаруашылықта өндірілген жоңышқа
пішені Балқаш ауданынан сатып алынғанмен салыстырғанда барлық көрсеткіштері артық
нəтиже көрсетті жəне «Ірі азықтардың көлеміне қойылатын талаптар»-ға сəйкес І санатқа
жатады [2]. Сатып алынған жоңышқа пішені алынған зертханалық талдау нəтижелеріне
сəйкес ІІ санатқа жатқызылады. Біздің ойымызша Балқаш ауданының пішенге арналған
жоңышқасы вегетацияның соңғы кезеңінде (гүлденудің соңында) шабылған, сондықтан
азықтың сапасы төмендеген [3].
Пішенге салынған көк шөптің бастапқы химиялық құрамын жəне құнарлылығын
зерттеу нəтижелері 1-кестеде келтірілген, мұнда бірінші шабылымды салу барысында
траншеяның əр жерінен (3 үлгі) алынды жəне екінші шабылымға (2 үлгі) қарағанда
құрамына əсері өте аз болды.
289
Сонымен қатар, екінші шабылымдағы жасыл жоңышқаның химиялық,
макроминералдық құрамы жəне құнарлылығы бірінші шабылыммен салыстырғанда 20-
25% төмендейді. Пішендемені салу кезеңінде бірінші (2201,2 т) жəне екінші (975,7 т)
шабылымда, барлығы 3176,9 тонна салынғанда ҚМШжМАӨҒЗИ ғалымдарының
қатысуымен жəне пішендеме дайындаудың ғылыми-дəлелденген талаптарына сəйкес
жүргізілді. Бірінші шабылымда салынған жоңышқа пішендемесінің негізгі құнарлы
заттары (азық өлшемі, алмасатын энергия, құрғақ зат, протеин, май, кальций, фосфор,
күкірт жəне каротин) екінші шабылымда салынған пішендемеден аз ғана айырмашылығы
бар, бұл бұршақтұқымдастыр жəне əртүрлі азықтық шөптердің проценттік арақатынасына
байланысты.
Ашанин А.И., Төреханов А.А. жəне Жазылбеков Н.Ə. [4] зерттеулерінің нəтижесі
көрсеткендей сүрлемдеуге арналған жүгерінің ылғалдылығы 65-75% аралығында болуы
керек. Өнімді жоғалтып алмау үшін сабағы биік дақылдар кескенде 12 см артық емес,
шөптік өсімдіктер 5-7 см болуы керек.
Сүрлемнің сапасына жəне құнарлылығына əсер ететін шарттардың бірі дайындау
мерзімі болып табылады. Зертханада жүргізілген химиялық талдаудың нəтижесі
көрсеткендей жүгері үшін негізгі қоректік заттар толығуы үшін сүрлемді ылғалдылығы
73-75% жəне дəндері балауса кезең болуы керек. Сонымен қатар вегетациялық кезеңі
қысқа кезеңдерде немесе екінші қайта себу кезінде вегитацияның ерте кезеңінде де орып
алуға болады. Жүгеріні пісу деңгейі сүтті кезеңде ору 1 га-дан 45% дейін, ал толық
піскенде 22% дейін азықтық мөлшерін жоғалтуға əкеледі.
Сүрленетін жүгерінің сапасына əсер ететін маңызды технологиялық əдістердің бірі
сүрленетін массаны оңтайлы дəрежеде ұсақтау болып табылады. Өте ұсақталған
шикізаттың нығыздалу деңгейі жақсы болады жəне арасындағы ауа тез шығады.
Ұсақталған массаны тиеу, түсіру жəне малдарға тарату оңай. Егер ұсақталу толық
жүргізілмесе нығыздау дəрежесі төмендейді, дайындау үрдісі үшін қажет емес
микроорганизмдер дамып сүрлемнің қышқылдануы ақырын жүреді. Сүрленетін
шикізаттың ұсақталу дəрежесі сүрлемнің сапасына ғана емес оның желінуіне де əсер етеді.
Сүрлемнің 1-ден 3 см-ге дейін ұсақталғанда ең көп желіну байқалды. Сүрлемді 1 см-ға
дейін ұсақтағанда желіну деңгейі 95,2%, 1-ден 3 см-ге дейін ұсақталғанда – 98,6%, 3-тен 5
см-ге дейін - 97,2% құрады. Ұсақталу көлемін 5-10 см көтергенде желіну деңгейі 91,7%
төмендеді. Сонымен, туралу 1 см-ден 5 см-ге дейін болғанда желіну көрсеткіштері жақын
болды. Өлшеу нəтижесінен белгілі болғаны ЖШС «Байсерке-Агро» жағдайында
сүрленетін жүгері массасының көлемі 2,5-4,5 см аралығында болды. Шикізатты ұсақтау
дəрежесі энергия шығынына жəне өзіндік құнына да əсер етеді. Турауды 30-дан 10 мм-ге
төмендеткенде энергия шығыны 1,7 есеге артты, ал комбайн өнімділігі 46,3% төмендеді.
Тегістеу жəне нығыздау жұмыстары Т-150, К-700 типті тракторларымен жəне шынжыр
табанды С-100, Т-75, Т-130 техникалармен жүргізілді.
Траншеяға салынған жəне нығыздалған сүрленетін массаның қалыңдығы күніне 80-
120 см кем болмауы керек, бұл СО
2
жоғары концентрацияда (45-50%) сақтауға мүмкіндік
береді. Егер алғашқы 6 күнде азықтық масса 40
0
С жетпесе, содан кейінгі күндері осы
температура үстіңгі 0,5 м көлемінде ғана байқалса нығыздалу деңгейі жақсы деп
есептеледі. Дайын өнімді алғашқы шикізатпен жəне малдардың жеу дəрежесін салыстыру
үшін ҚазМШжМАӨҒЗИ зоотехния жəне химиялық талдау зертханасына сүрленуші
массадан 4 үлгі əкелінді.
Вегетация фазалары бойынша жүгері массасынан алынған үлгілердің химиялық
талдауының нəтижесі жоғары құнарлылық балауызданып пісу фазасында екенін көрсетті
(кесте 2).
290
Кесте 2 – Жүгерінің пісу фазалары бойына химиялық, макроминералдық құрамы
жəне құнарлылығы (табиғи ылғалдылықта 1 кг-на г есебімен)
Көрсеткіштер
Пісудің сүтті-балауызды
фазасындағы жүгері
Пісудің балауызды
фазасындағы жүгері
Азық өлшемі 0,18
0,21
Алмасатын қуат, МДж 1,67
2,45
Құрғақ зат, г 216,6
233,7
Шикі протеин, г 18,8
21,7
Қорытылатын протеин, г 16,4
17,5
Шикі май, г 4,4
4,9
Шикі өзек (клетчатка), г 54,6
62,7
Қант, г 36,2
37,1
Шикі күл, г 17,8
18,3
Белоксыз шырынды зат, г 92,6
95,2
Кальций, г 0,91
1,06
Фосфор, г 0,38
0,43
Калий, г 2,68
3,11
Магний, г 2,71
3,18
Күкірт, г 2,1
3,0
Каротин, мг 21
19,6
Табиғи ылғалдылықта, балауызданып пісу фазасында жүгерінің 1 кг азық өлшемі
0,21, алмасатын қуат 2,45 МДж, шикі протеин 21,7, шикің май 62,7 г, фосфор 0,43 г, күкірт
3,0 г, қант 37,1 г жəне т.б. көрсетті, бұл пісудің сүтті-балауызды фазасымен
салыстырғанда 3-7% артық.
17 көрсеткіш бойынша жүргізілген талдаудың нəтижесі Алматы облысының Талғар
ауданындағы ЖШС «Байсерке-Агро» жағдайында жүгеріден сүрлем дайындаудың
оңтайлы кезеңі, негізгі қоректік заттарды максималды жинақтайтын балауызданып пісу
фазасы болып табылады.
Əдебиеттер
1. Саданов А.К. и др. Свои препараты лучше. Дата 15.07.2011, Категория: Без
категории интернет данные
2. Жазылбеков Н.А., Тореханов А.А., Кошен Б.М. Справочник по пищеварению и
сбалансированному кормлению крупного рогатого скота – 2013г. – С. 121.
3. Жазылбеков Н.А., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И. и др. Кормление
сельскохозяйственных животных, птицы и технология приготовления кормов.
– 2008 г.- с. 69
4. Ашанин А.И., Тореханов А.А., Жазылбеков Н.А. Консервирование кормов и
подготовка их к скармливанию Алматы, – 2008г. –С. 340
Показано влияние соотношении кормовых культур и сроков укоса на качество
сенажа и слоса, влияние фаз спелости и размеров измельчения на химический,
макроминеральный состав и питательность кормовых средств.
The influence of the ratio of forage crops and timing of mowing the quality of silage and
slosa influence the phase of maturity and size of the chemical milling , makromineralny
composition and nutritional fodder .
291
ƏОЖ 631.5:504.3 (574)
Қайрат Ə.Ж., Асанов Ш.Ш.
Қазақ ұлттық аграрлық универстиеті,
Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ҒЗИ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІҢ
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАЙ-КҮЙІ
Андатпа
Мақалада ауыл шаруашылығындағы жайылым жерлердің қазіргі кездегі алып
жатқан өзгерістері туралы қозғалады.Республикамызда соңғы жылдары табиғи
шабындықтар мен жайылым жерлерді дұрыс пайдаланбағандықтан өнімнің сапасы күрт
төмендеуде. Қазақстан жеріндегі айта кетсек шөлейт жəне шөл аймақтарда жайылым
жерлерді шектен тыс пайдаланудың салдарынан шабындық жəне жайылымдық жерлер
тозып, эрозияға ұшырауда. Əсіресе ауыл маңайындағы жерлерде өте көп кездеседі. Қазіргі
кезде республикамыздың ұлан байтақ жерін тоздырмай эрозияға ұшыратпай қалпынды
ұстап қалу жəне оның өнімділігін ұзақ жылдар бойы сақтап қалу мүмкін болмай отыр.
Осы мақаланы ғылыми айналымға қоса отырып мақала авторы тарапынан өзіндік
пайымдаулар жасалуда.
Кілт сөздер:шабындық,жайылым, стратегия, құнарлылық, гумус қабаты,
агроландшафт, топырақ классификациясы, экономика, ғылыми техника, минералдық
заттар, экологиялық, инфрақұрылым.
Кіріспе
Қазақстан əлемнің бəсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр.
Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан -
2050» стратегиясында: Қазақстаннның аграрлық секторы үлкен экспорттық
мүмкіндіктерге жəне инновациялық енгізу үшін жоғары əлеуетке ие. Ет өндірудің
экспорттық əлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.
Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларынан, оның ішінде қой шаруашылығын
дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді талап етті [1].
Жалпы ауыл шаруашылығы – адам өмірінің ең бір ежелгі саласы.Ауыл
шаруашылығы халықты азық-түлікпен жəне өнеркəсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен
қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік
шаруашылығынан жəне мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына
балық аулау, аңшылық жəне омарта шаруашылығы да кіреді.
Топырақтың экологиялық қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлығы,
су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ауа жəне жылу режимдері оның механикалық
құрамымен, физикалық – химиялық қасиеттерімен тығыз байланыста болып келеді.
Топырақ құнарлығын арттыруда органикалық тыңайтқыштардың рөлі өте зор.
Тыңайтқыштар топырақ құрамына кешенді əсер етеді, өсімдіктерді қажетті
қоректік элементтермен толықтырады, топырақтың химиялық, агрохимиялық жəне
физикалық қасиеттерін жақсартады, биологиялық белсенділігін арттырады.
Қазіргі уақытты ғылыми – техника заманы деуге болады. Халық санының өсуіне қарай
қоғамдық өндірістің қоршаған ортаға тигізетін əсері артуда. Сондай–ақ кейбір жерлерде
табиғаттың бір тұтас тепе–теңдігінің бұзылуынан табиғи қорлар азайып, қоршаған
ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді. Табиғи қорларды жоспарлы түрде тиімді
жұмсамағандықтан, алдын – ала экологиялық жəне əлеуметтік болжамдар
жасамағандықтан жəне шаруашылықты тиімсіз жүргезгендіктен кейбір табиғи қорлар
292
бітуге айналды. Табиғи апаттар мен адамдардың іс – əрекетінің салдарынан топырақтың
құнарлы қабаты жойылуда. Мал жайылымдары эрозияға ұшырауда, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі жойылуда. Ормандар мен тоғайлар өртенуде, топырақ, ауа мен су
құбырлары шектен тыс ластануда.
Халық шаруашылығы салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл
шаруашылық өнімді толық алуды, топырақ құнарлығын сақтап қалу жəне жүйелі түрде
жорғалатуды көздейді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша Азиядағы үшінші ел.
Ауыл шаруашылық аймақтарын қамтитын жер көлемі шамамен 272,5 млн гектар аумақты
алып жатыр. Орманды дала, дала,шөлейт жəне шөлді төрт аймақтың үлесіне жалпы
аумақтың 87,4 пайызы жəне ауыл шаруашылығы алқаптарының 88,3 пайызы алып жатыр.
Біздің республикамыз жер қорларына өте бай. Бірақ соңғы жылдары экономикалық
дағдарыстарға байланысты жердің тиімсіз пайдаланудың салдарынан топырақ құнарлығы
күннен – күнге нашарлап барады. Халықтың мал басы санының көбеюі, өндірістің
өркендеуі тау – кен шикізаттарын көптеп өндіруге жəне ауыл шаруашылық жерлерді
кеңінен пайдалануға байланысты жайылымдық жерлерде антропогендік əсердің ықпалы
жоғарылап барады. Табиғатты пайдалануға бүгіндегі теріс іс – əрекет себептерінің
нəтижесінде нəзік жəне жеңіл жараланатын жайылымдық жерлердің экологиясы
құлдилана түсуде. Олардың қайта қалпына келуі баяу өтетінін есте сақтау керек [2].
Табиғи жайылым – табиғатты пайдаланудың агроландшафтардың климаттың
өзгеруіне жəне жағымсыз процестердің əсеріне тұрақтылықтың жəне аумақтың
экологиялық жағдайларының «тірі көрсеткіші».Жайылымдардың əр түрлі антропогендік
факторлардың себептерінен қатты құлдилануына ағаштардың, бұталардың жəне жартылай
бұталарды кесу жəне жаппай кесіп алу əрекеті орасан зор зиян тигізуде. Ағашты, бұталы
өсімдіктердің
жойылуы
жайылымдық
жерлердің
экологиялық
жүйелерінің
құлдилануының бірінші себебі деп алуымызға болады.
Жер ресурстарын басқару Агенттігінің мəліметі бойынша бүгінде тозған
жайылымдар көлемі 1339,9 мың гектар құрап отыр. Оның басым бөлігі ауыл айналасында,
су көздері бар алқаптарда, яғни малдың көп топтанған жайылымдық жерлерде байқалуда.
Бүгінгі күнге дейін жайылым жерлерде мал шаруашылығын дамытуға жəне жаюға төрт
жүйесін анықтаған:
1 –түрі. Үй жануарларын жыл бойы барлық тиісті инфрақұрылымы бар шалғайдағы
жайылымда ұстайды;
2 –түрі. Таңертең малдарды жайылымға айдап, кешке ауылға қайтару. Бұл жағдайда
ауыл тұрғындары бірнеше топқа бөлініп малдарды кезекпен жаяды;
3 –түрі. Бұл жүйеде екінші түрге ұқсас, тек мұнда ауыл тұрғындары бақташы
жалдайды;
4 –түрі. Бұл жерде үй жануарларын көктемнен күзге дейін жайылымда ұстап, əр бір
үй малдарын қыс мезгілінде үйлеріне қораға ұстауға əкеледі;
Мал жаюдың шектен асуы топырақ жамылғысына кері əсер етеді: топырақ
тығыздалады, ұсақ төмпешіктер пайда болады, топырақтың құрғауы күшеді. Өз кезегінде
топырақтағы ылғал алмасуының орынсыз жүруіне əкеледі. Жайылымға мал шектен тыс
жайылғанда жайылымдық экология жүйелерінің яғни жарық, жылу, өнімді ылғалдық
қоры жəне минералдық заттар ауысуындағы архитектоникасы бұзылады. Қоршаған орта
қорларын толық пайдаланудың көп қысқаруына жəне өнімділігінің төмен түсуіне əкеліп
соғады. Малды шектен тыс жаюдың əсерінен алдымен жайылымдық экология жүйесінің
құрлысы – функционалдық байланысы да бұзылады. Ал оның арғы жағында топтаулар
құрамынан мал азықтық өнімдерінің бағалы түрлері арқылы, жайылымдық бағалы
өнімділігі мен нəрлілігі төмендейді, басым өсетін түрлердің тұқымынан жаңаруы
нашарлайды. Дегенмен, елді мекендерде жəне су көздерінің іргесіндегі жақын жерлердегі
293
жайылымдардың тоқырау процестері күшеюде ол жайылымдарға малдың тығыз
шоғырлануы себеп болып отырған жайы бар.
Жайылымды ұтымды пайдаланудағы экологиялық негізгі əсерлер төмендегі
жайлармен түсіндіріледі: жылдың құрғақ мезгілінде топырақ бетін қопсыту жұмысын
жүргізу; өсімдіктер төсеніштерін жасау жəне шөптік қосындыларда қарашіріктер пайда
болуы тездету;топырақты қоректік заттармен байыту;тұқымдарды сіңіру;өсімдіктің қайта
қалпына келуіне мүмкіндік туғызатын өсімдіктерді мал сілекейімен көз сабақтау; өрт
қауіптерін төмендету; құрт – құмырсқа мен кемірушілерін санын азйту;
Келешекте егістік жерлерден мал азығын өндіру мынадай негізгі бағыттарды
жүргізілуі тиісті: əр аймақта мал азығын құрылымын жетілдіру; мал азықтық
дақылдарының өнімін көтеру; аралық аңыздық жəне тығыздалған егістіктерді
шаруашылықтарға кеңінен енгізу; жасыл конвейрлерді кеңінен қолдану; егістіктен
алынатын мал азықтарын жаңа технологиялар бойынша дайындау; мал азықтарды ғылыми
жолға қою [4].
Жайылымның жоғары өнімділік жағдайын қамтамасыз ету үшін міндетті элементі
жайылымдық мониторинг - жайылымдық қорларды басқару жүйесін құру керек.
Салыстырмалы мониторингтің мына желісі ең тиімді болып табылады: қорықтық, табиғи
жайылымдар, шаруашылықта қолданылатын, экологиясы картаға түсірілген жақсартылған
жайылымдар. Жайылымдарды басқару тəсілдерін жасағанда ірі өлшемді карталарда
экология жүйелерінің бұзылу мезгілін белгілеу, əлсін - əлсін картаға түсіріп отыруды
жүргізу, алыстан бақылау тəсілдері жəне өсімдіктер мен топырақтың өзгерістерін шапшаң
əуе сурет картасына түсіруді əбден жетілдіру қажеттігін ескерген дұрыс. Əрі ауыл
шаруашылық жерлерін сапалық бағалау картасын жасау керек. Мысалы, əрбір шаруа
қожалығы өзінің ауыл шаруашылық жерінің геоэкологиялық жəне экономикалық-
географиялық
сапалық
бағалауын
көрсететін
мəліметтері
жазбаша,
немесе,
картографиялық болуы шарт.
Жайылымдық экология жүйелерін ұгымды пайдалану жайылымдарды басқару
жүйесін жетілдіру ретінде қарастырылады: жайылымдарды пайдалануда көп себептік
мүмкіндік мөлшерлер есебімен жер қорының экологиясы бойынша бірыңғайландыру мен
олардың көлемін белгілеу;өріс жүйелерін (олардың біркелкілігі мен мөлшерлілігі)
анықтау; мониторинг жəне қорғау шаралары.
Жайылымды экологиямен байланыстыра отырып реттеп пайдалану толық
желінетін азықпен қамтамасыз ететін, өсімдіктердің өсуі мен көбеюін, сонымен қатар ұзақ
жылдық өнімділігін сақтауды қамтамасыз ететін өріс деңгейін қарастырады.
Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдаланудың маңыздылығы ерекше.
Сондықтан жерді пайдалануға алған кəсіпкерлер жерді дұрыс пайдаланбай, оны аздырып-
тоздырып жіберсе немесе жер текке бос жатса, онда олардан жерді алып басқаларға беру
керек. Қазақстан Республикасының жер туралы заңындағы 93-ші бапқа сəйкес жер
иеленуші ауыл шаруашылық жерлерің құнарлығын төмендеуіне экологиялық
жағдайының едəуір нашарлауына əкеп соғатын болса, жерді қалпына келтіру немесе
жерді қалпына келтіруге кететін шығынды өтеу қарастырылған. Қазақстан
Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы зандарында көзделген жазалау
шаралары қолданылғаннан кейін жер төлемі меншік иесінен жəне жер пайдаланушыдан
алып қойылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |