Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет38/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

Қорытынды 
Қорыта  айтар  болсақ,  республикамыздың  агроөнеркəсіп  кешенін  өркендетудің 
«Агробизнес 2020» бағдарлама  аясында  жасақталған  жем-шөп  өндіруді  арттыруға 
арналған  іскерлік  жоспардың  табысты  іске  асуына  ғылым  жетістіктері  негізінде 
жасақталған «жасыл» технологиялар кең жол ашады деп санаймын.  

294 
 
Жайылымдық  жерлерді  тиімді  пайдалана  отырып,  қыстық  мал  азығы  жемшөпті 
жоспарлап  алдын-ала  дайындап  қою  қажет.  Жайылымдардың  қайта  жаңғыртып  жəне 
ұдайы  қалпына  келіп  отыруы  қабілеттін  тұрақты  түрде  қамтамасыз  ету  үшін,  оларды 
экологиялық  жəне  биологиялық  тұрғыдан  мүмкін  болатындай  көлемде  ғана  пайдалану 
қажет  екенін  дүниежүзінің  түрлі  табиғи  аймақтарындағы  жайылымдарда  жүргізіліп 
жатқан  ғылыми  зерттеулер  көрсетіп  отыр.  Жайылымның  мал  азық  сыйымдылығы  мен 
оған  жаятын  мал  басының  сəйкес  келуі – мал  жаюдың  негізгі  ұтымды  ұстанымы  болып 
табылады.  Бұл  ұстанымды  бұзу  бүгіндей  жайылымдық  шаруашылықтың  дамуына  кері 
əсерін тигізеді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.А.Назарбаев  «Қазақстан - 2050» 
стратегиясы  қалыптасқан  мемелекеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауындағы  тапсырмалар  негізінде,  Халықаралық  Қайта  Құру  жəне  даму  банкімен 
Бүкілəлемдік  экологиялық  қордың  «Қуаң  жерлерді  қалпына  келтіру»  жобасы, 
«Агробизнес – 2020 » бағдарламасы аясында жақсара түсетініне сенемін. 
 
Əдебиеттер  
 
1.  Мемелекет  басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы  «Қазақстан -2050» 
стратегиясы:  қалыптасқан  мемелекеттің  жаңа  саяси  бағыты  атты  Қазақстан  халқына 
жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы ұлттық іс-шаралар жоспары. 12 желтоқсан 2012ж. 
№449. 
2.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  жердің  шөлейттенуіне  қарсы  күрес  жөніндегі 
конвенциясы, Алматы 1996 23-25 б. 
3.  Андреев  Н.Г.  исследования  по  улучшению  сенокосов  и  пастбищ.  Вестник  с. – 
х.наука Москва, 1965 №12.С. 16- 17 
4. Əубəкіров Қ.Ə., Атақұлов Т., Ахмет А.Мал азығын өндіру Алматы, 2011, 145б. 
  
 
ƏОЖ 636.1.11.619 
 
Мұхаметкерім Е., Қалиханов С., Исхан Қ., Мұхантайқызы Г. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық универсететі 
«Тарем» университеті ҚХР 
 
ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛЕТІН АҒЫЛШЫН ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 
 
 
Кілттік  сөздер:  «ағылшын», «таза  қанды  мініс»,  араб,  варварий,  түрк  айғырлары, 
буденный, қостанай жəне жаңақырғыз жылқылары. 
Кіріспе 
Таза  қанды  мініс  жылқысы - ХVII  ғасырдағы  мініс  бағытындағы  өз  жылқысының 
биелерін  шығыс  тектілі  (араб,  варварий,  түрк)  айғырларымен  өндіре  шағылыстыру 
арқылы,  оның  ат  жарысындағы  шабыстылығының  ұшқырлық  қабілетін  үнемі  жетілдіру 
нəтижесінде  Англияда  шығарылған.  Олардың  алынған  ұрпақтарын,  жылқының    басқа 
тұқымымен  араластырмай  оның  тек  қарқындылық  пен  ұшқырлық  сапасы  жоғары 
ұрпақтарын «таза тұқымда» өсірген. Сондықтан ол «таза қанды мініс» жылқысы немесе 
«ағылшын»  жылқысы  деп-те    аталады.  Бұл  таза  қанды  ағылшынның  мініс    жылқысы 
əлемдегі  ең  ұшқыр  əрі  жүйрік  «жылқы  тұқымы»  болып  саналады.  Себебі,  оның  негізгі 
шығарылудағы  алғашқы  мақсаты - ат  спортының  жазықтағы  атшабысына  арналған 
болатын.  

295 
Міністік  таза  қанды  ағылшын  жылқысының  тұлғасы  ірілеу  болып  келеді,  дене  құрлысы 
дұрыс  қалыптасқан,  өзі  қызу  қанды  əрі  қызба  мінезді.  Басы  орташа  əрі  жалаң,  көздері 
жанарлы  əрі  үлкен,  құлақтары  өте  қозғалғыш,  мойны  орташа  əрі  түзу,  шоқтығы  биік, 
арқасы  қысқа  жəне  бір  тегіс,  белі  кең,  сауры  етті,  кеудесі  еңкеу.  Бірақ  қабырғасының 
икемділігі  жеткіліксіздеу  болып  келеді,  сондықтан  көп  уақытта  кейбіреулерінің  кеудесі 
тарлау болып келеді. Жаурыны ұзын, бірақ тұлғасы қиғаш қойылған. Аяқтары мықты əрі 
жіңішке,  сіңірлері  берік  жəне  жақсы  байқалып  тұрады,  ал  шашасында  мін  жоқ.  Аяқ 
құрлысында - бүкіш  тізе,  тік  бақай,  грифельше  сүйектің  басы  өсіп  кетуі  сияқты 
кемшіліктері сиректеу болса-да кездесіп отырады. 
Міністік  таза  қанды  жылқысы  жақсы  күтімге  жəне  азықтандыруда  өте  талғампаз. 
Күтіп-бағуды  ерекше    көп  тілейтін  жылқы  тұқымы  болып  саналады.  Ол  ауа-райы 
климатындағы суықты да ыстықты да көтере алмайды. Жақсы əрі сапалы пішенмен жəне 
құндылығы  жоғары  жеммен  қорада  азықтандырылуды  жəне  жақсы  күтіп-бағуды  қажет 
етеді.  
Міністік  таза  қанды  жылқысы  шабыс  жылқысы  ретінде  жоғары  бағаланады.  Ал 
қарқындылық қабілеттері ипподромда, яғни жазықтағы шабыс нəтижесінде ғана сыналып 
анықталады. Олардың негізгі түр-түстері жирен болып келеді. Таза қанды мініс жылқысы 
– қарқындылық  сапасы  жоғары  жаңа  тұқым  шығаруға  жəне  алуға  ыңғайлы  тұқым.  Бұл
тұқымнан алынған бірінші ұрпақ буданы, əдетте, жартылай қанды жылқылар деп аталады. 
Буданы асырау жəне күтім жағдайына ағылшын жылқысына қарағанда оншама көп күтім 
талғамайды, қарқындылық қабілеті де жақсы болады. Өзі жүйрік əрі ұшқыр жəне төзімді 
болып  келеді.  Міністік  таза  қанды  ағылшын  жылқысын  тұқым  асылдандыру  қажетіне 
шебер  жəне  ұтымды  пайдалану  нəтижесінде  жылқының  келесі  тұқымдары  шығарылған. 
Олар - буденный, қостанай жəне жаңақырғыз жылқылары.  
Қазіргі  уақытта  ағылшынның  таза  қанды  мініс  жылқысы  ат  спортының  кəсібилік 
түріне  яғни  жазықтағы  шабысына  жəне  классикалық  түрлеріне  жəне  цирк  ойындарына 
кеңінен пайдаланылады. Олардан алынған будандары да ат спортының басқа да түрлеріне 
пайдаланыла береді. Қазақстанда өсірілетін  асыл тұқымды таза қанды ағылшынның мініс 
тұқымындағы жылқысының мал басының құрамының мəліметтері  1 кестеде берілген. 
1 кесте. Қазақстанда  өсірілетін ағылшын тұқымындағы жылқысының  құрамы 
Жылқы топтары 
Барлығы 
басы
%
Тұқымдық-айғырлар
21
11,5
Биелер
163 
88,5
Барлығы
184 
100,0
Қазіргі  кездегі  Қазақстанда    өсірілетін      асыл  тұқымды  таза  қанды  ағылшынның 
мініс  тұқымындағы жылқыларының барлығы - 184 бас, оның ішіндегі айғырлары – 21 бас 
немесе  11,5%, биелері – 163 бас  немесе 88,5,%. Бұл  мəліметтер  Қазақстанда    өсірілетін 
асыл  тұқымды  таза  қанды  мініс    жылқысының    қатаң  есепке  алынатына  байланысты 
жүргізілген.  
Қазақстанда  өсірілетін  таза  қанды  ағылшынның  мініс  тұқымындағы  жылқылардың 
жылқы  зауыттары  мен  басқа  да  шаруашылықтар  мен  жекелеген  жекеменшік  ат  иелері 
бойынша бөлгендегі мал басының құрамдары 2 кестеде берілген. 

296 
 
2  кесте.  Қазақстанда  өсірілетін  таза  қанды  ағылшынның  мініс  жылқыларының  мал 
басының құрамы 
 
Жылқы топтары 
«Ажар
» 
жылқы
  зауыты
 
«Азем
» 
жылқы
  зауыты
 
«Бейбарс
» 
жылқы
  
зауыты
 
«Гладиолус
» 
жылқы
 зауыты
 
«Байсерке
-Агро
» 
жылқы
 зауыты
 
Шаруашылықтар
 
мен
 
жекеменшіктер
 
Айғырлар 
3 2 2 4 3  7 
Биелер 
17 16 15 30 30  55 
Тайлары (бір жаста) 15 
15 

21 
25 
43 
Құнандары (екі жаста) 13 



17 
39 
Дөнендері (үш жаста) 11 

11 


51 
Төрт жас жəне одан жоғары 
14 8 8 7 6  67 
Барлығы 
73 55 47 76 90  262 
 
 
Сонымен  кестеде  берілген  мəліметтерде,  Қазақстанда  өсірілетін  таза  қанды 
ағылшынның  мініс  тұқымындағы  жылқылардың  құрамының  барлығы – 603 бас,  оның 
ішіндегі 341 басы жылқы зауыттарында, ал қалған 262 басы басқа да шаруашылықтар мен 
жекелеген жекеменшік ат иелерінде өсіріледі.  
         «Ажар» жылқы зауытында өсірілетін   асыл тұқымды ағылшынның таза қанды мініс  
жылқысының барлығы - 73 бас, оның ішіндегі өндіруші тұқымдық-айғыры – 3 бас немесе  
4,1%,  биелері – 17 бас  немесе 23,3%. Сонымен  бірге  ересек  яғни  төрт  жас  жəне  одан 
жоғары  жастағы  жылқылар – 14 бас  немесе 19,2%, оның  ішіндегі:  еркегі  (айғыры) – 10 
бас,  ұрғашысы  (биесі) – 4 бас,  дөнендері – 11 бас  немесе 15,0%, оның  ішіндегі:  еркегі 
(дөнені) – 5 бас,  ұрғашысы  (байталы) – 6 бас,  құнандары – 13 бас  немесе 17,8%, оның 
ішіндегі: еркегі (құнаны) – 6 бас, ұрғашысы (байталшасы) – 7 бас, тайлары – 15 бас немесе 
20,6%, оның ішіндегі: еркегі (тайы)  – 7 бас, ұрғашысы (тайыншасы) – 8 бас. 
«Азем» жылқы зауытында өсірілетін   асыл тұқымды ағылшынның таза қанды мініс  
жылқысының барлығы -  55 бас, оның ішіндегі өндіруші тұқымдық-айғыры – 2 бас немесе  
1,9%,  биелері – 16 бас  немесе 29,0%. Ересек  жылқылар  яғни  төрт  жəне  одан  жоғары 
жастағылары – 8 бас  немесе 14,5%, оның  ішіндегі:  еркегі  (айғыры) – 5 бас,  ұрғашысы 
(биесі) – 3 бас,  дөнендері – 7 бас  немесе 12,7%, оның  ішіндегі:  еркегі  (дөнені) – 3 бас, 
ұрғашысы  (байталы)  – 4 бас,  құнандары – 7 бас  немесе 12,7%, оның  ішіндегі:  еркегі 
(құнаны) – 4 бас, ұрғашысы (байталшасы) – 3 бас, тайлары – 15 бас немесе 27,3%, оның 
ішіндегі: еркегі (тайы) – 7 бас, ұрғашысы (тайыншасы) – 8 бас. 
 «Бейбарс»  жылқы  зауытында  өсірілетін      асыл  тұқымды  таза  қанды  ағылшынның  мініс 
жылқысының барлығы - 47 бас оның ішіндегі өндіруші тұқымдық-айғыры – 2 бас, немесе 
4,3%,  биелері – 15 бас  немесе 31,9%. Сонымен  бірге  тайлары – 6 бас  немесе 12,8%, 
құнандары - 5 бас немесе 10,7%,  дөнендері - 11 бас  немесе 2,3%, төрт жəне одан жоғары 
жастағы ересек жылқылары - 8 бас немесе 17,8%. 
«Гладиолус»  жылқы  зауытында    асыл  тұқымды  таза  қанды  мініс  жылқысының 
барлығы - 76 бас, оның ішіндегі өндіруші тұқымдық-айғыры – 4 бас немесе 5,5%, биелері 
– 30 бас немесе 39,5%. Сонымен бірге тайлары – 21 бас немесе 27,6%, құнандары - 9 бас 
немесе 11,8%,  дөнендері - 5 бас    немесе 6,6%, төрт  жəне  одан  жоғары  жастағы  ересек 
жылқылары - 7 бас немесе 9,2 %. 
«Байсерке-Агро»  жылқы  зауытында  өсірілетін  асыл  тұқымды  таза  қанды  мініс 
жылқысының барлығы – 90 бас, оның ішіндегі өндіруші тұқымдық-айғыры – 3 бас немесе 

297 
3,3%,  биелері – 30 бас  немесе 33,3%. Сонымен  бірге  тайлары – 25 бас  немесе 27,6%, 
құнандары – 17 бас  немесе 18,8%,  дөнендері – 9 бас    немесе 10,0%, төрт  жəне  одан 
жоғары жастағы ересек жылқылары - 6 бас немесе 7,0 %. 
Ал  тағы  басқа  Қазақстанда  өсірілетін    шаруашылықтар  мен  жекелеген  жекеменшік  ат 
иелерінде  – 262 бас.  Олардың  мал  басының  құрамы  келесідей  болады:  өндіруші 
тұқымдық-айғырлары – 7 бас немесе  2,7%, биелері – 55 бас немесе  21,1%, тайлары - 43 
бас  немесе 16,4%, құнандары - 39 бас  немесе 14,9%,  дөнендері - 51 бас    немесе 19,5%, 
төрт жас жəне одан жоғары жастағы ересек жылқылары - 67 бас немесе 25,5 %. 
Қазақстандағы  жылқы  зауыттары  мен  басқа  шаруашылықтардағы  мініс 
жылқыларының тұқымдық құрамынан айғыр мен биелердің жарамсыздарын шығару жəне 
оларды  ретпен  орналастыру,  оның  ұрпақ  сапасына  жəне  айғыр  мен  биенің  өзінің 
тұқымдық құндылығына байланысты жүргізіледі. 
Əдебиеттер 
1. К.Рақышев, С.Түгел. Қазанат. –Алматы.  из-во «Таймас». 2007. –С. 151-196.
2. Исхан К.Ж. Жылқы шаруашылығы. –Алматы, 2009. –С. 122-124.
3. Исхан К.Ж. Ат спорты.  –Алматы, 2013. –С. 90-91.
In this article presented growing in the Kazakhstan the best of  bred pureblooded English 
riding Horses breed the amount of content data. 
В  данной  статье  приведены  данные  поголовья  чистокровных  верховых  английской 
породы лошадей, выращиваемых а Казахстане. 
УДК 664.6/7 
Оспанов А.А., Муслимов Н.Ж. 
Казахский национальный аграрный университет 
    Таразский иновационно-гуманитарный университет 
ДИНАМИКА ОТЕЧЕСТВЕННОГО РЫНКА КОЭКСТРУДИРОВАННЫХ ПРОДУКТОВ 
ПИТАНИЯ 
Аннотация  
В  этой  связи  одной  из  мер  по  повышению  конкурентоспособности  отечественной 
продукции  является  активизация  мер  по  разработке  и  обоснованию  перспективных 
рецептур,  направленных  на  повышение  питательной  ценности  без  ущерба 
функциональных  свойств.  При  разработке  рецептур,  необходимо  максимально 
использовать сырье животного и растительного происхождения. 
Введение 
В  Республике  Казахстан  налажено  производство  коэкструдированных  продуктов, 
однако его объемы незначительны и не оказывают существенного влияния на изменение 
объемов  рынка.  Вырабатываемая  коэкструдированная  продукция  не  характеризуется 
широкими  ассортиментом,  а  зачастую  просто  ограничена.  Так  же  вырабатываемая 
продукция значительно уступает по потребительским свойствам, упаковка продукции не 

298 
 
отличается  оригинальностью.  Данные  факты  снижают  объемы  продаж  отечественной 
продукции и  не могут конкурировать с импортируемыми товарами.  
В  результате  проведенного  обзора  за 2009-2014 гг.  установлено,  что  суммарный 
объем импорта коэкструдированных продуктов питания вырос на 34% с 58,8 тонн до 78,8 
тонн, аналогично и в стоимостном выражении - с 95,5  до 128 млн.тг.
 
Объем импорта в стоимостном выражении характеризуется постоянным  ростом, за 
исключением  период 2011-2013 гг.,  где  наблюдается  замедление    активности  рынка 
коэкструдированных продуктов (рисунок 1). 
Замедление  объемов  импорта  в  стоимостной  оценке  в  коридоре 118,63 - 122,7 
млн.тг., стабилизировало рынок коэкструдированных продуктов в 2011-2013 гг., при этом 
незначительный рост импорта в количественном выражении составил 3,4%. 
Процентное  увеличение  объемов  импорта  (на 4,3%) на  рынке  коэкструдированных 
продуктов высокой степени готовности наблюдали в период 2013-2014 гг., что составило 
в стоимостном выражении 5,3 млн.тг, с 122,7 в 2013 году до 128,0 в 2014 году. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рисунок 1 - Динамика объема импорта в 2009-2014 гг, тонн и млн.тг 
 
Этот  рост  был  связан  с  изменением  продуктового  ассортимента  в  сторону  более 
дешевых  видов  коэкструдированных  продуктов,  как  реакция  потребителей  и 
производителей  продуктов  высокой  степени  готовности  на  экономический  спад  в 
Казахстане, 
что 
подтверждается 
снижением 
средней 
стоимости 
импортных 
коэкструдированных продуктов по сравнению с 2009 годом (таблица 1). 
 
Таблица 1 - Средняя цена импортируемых продуктов высокой степени готовности с 
начинкой 
 
№ 
Период, год 
Стоимость коэкструдированных продуктов, тыс.тг/т 
1 2009 

626,0 
2 2008 

625,0 
3 2010 

625,0 
4 2011 

625,0 
5 2012 

625,0 
6 2013 
1625,0 
7 2014 

624,0 
тонн 
млн.тг 
года 

299 
Далее нами проведен обзор экспорта коэкструдированной продукции в период 2009-
2014 гг. (рисунок 2). 
Суммарный  объем  экспорта  и  в  количественном,  и  в  стоимостном  выражении 
показал  стабильный  рост,  за  исключением  периода 2010-2011 гг.  где  наблюдали 
замедление  темпов  развития  отечественного  рынка.  При  этом  количественный  объем 
резко просел на 11%, с 2 тонн до 1,8 в год, а в стоимостном выражении на 298,0 тыс.тг и 
опустился до уровня 2,952 млн.тг. в 2011 году. 
Рисунок 2 - Динамика объема экспорта экструдированной продукции 
в 2009-2014 гг., тонн и млн.тг. 
Однако,  резкий  скачок  объемов  экспорта  в 2012 году  и  последующих  годах 
объясняется  вступлением  Казахстана  в  Таможенный  Союз  (далее - ТС)  и  резким 
увеличением  экспорта  со  стороны  членов  ТС.  Однако,  следует  отметить  что  Республика 
Казахстан  не  обладая  производственными  мощностями  для  экспорта  такого  количества 
пищевой  продукции,  реэкспортировала  коэкструдированную  продукцию  в  ближнее 
зарубежье, а также близ граничные районы.  
Изучена  общая  структура  импорта  коэкструдированных  продуктов  питания.  При 
рассмотрении  структуры  импорта  продуктов  высокой  степени  готовности  с  начинкой  в 
качестве  базовых  выбраны 2009 и 2014 года.  В  количественном  выражении  общая 
структура импорта коэкструдированных продуктов претерпела существенные изменения, 
совокупный объем импорта коэкструдированных продуктов вырос на 34%, с 58,8 до 78,8 
тонн в год (рисунок 3). 
Основную долю в импорте занимают коэкструдированные продукты с начинкой из 
сгущенного  молока  и  шоколада (45,5% и 30,5% в 2009 году, 42,6% и 34,2 в 2014 году 
соответственно), с начинкой из плодового сырья - повидло из яблока (15%, в 2009 году и 
13,8 в 2014 году), с карамельной начинкой (8,5% в 2009 году и 7,9% в 2014 году). На долю 
других  коэкструдированных  продуктов  с  начинкой  из  вишни,  клубники,  черника  и  т.д. 
приходится незначительная часть рынка (0,5% в 2009 году и 1,5% в 2014 году). 
Наиболее значимым изменениям за эти годы в структуре импорта - это уменьшение 
доли  коэкструдированных  продуктов  с  сгущенным  молоком  на 6,4% и  рост  доли 
продуктов высокой степени готовности с ягодной начинкой увеличилось на 300%! 
тонн 
млн.тг. 

300 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 - коэкструдированные продукты с начинкой из сгущенного молока; 2 - с шоколадом; 
 3 - с начинкой из плодового сырья; 4 - с карамельной начинкой; 5 - с начинкой  
лесные ягоды 
 
Рисунок 3 - Структура импорта коэкструдированных продуктов  
в 2009 и 2014 гг., % 
 
Такое  обстоятельство  можно  объяснить  совершенствованием  процесса  экструзии, 
что  позволило  зарубежным  импортерам  пищевой  продукции  разработать  и  внедрить  в 
производство  новые  рецептуры,  расширяющие  ассортимент  коэкструдатов,  с  целью 
увеличения  объемов  продаж,  а  также  укрепления  лидирующих  позиций  на 
международном рынке продуктов высокой степени готовности. 
В стоимостном выражении структура импорта изменилась более значительно, чем 
в количественном (рисунок 4). 
Анализ  представленных  данных  показывает,  что  произошло  увеличение  общего 
стоимостного объема импорта на 34%  с 95,5 до 128,0 млн.тг. 
Основным источником такого роста стали новые коэкструдированные  продукты с 
ягодной  начинкой  (рост  до 95,7%), с  плодовой  начинкой  (рост 25,4%) и  карамельной 
начинкой (рост до 48,7%). 
В  результате  проведенного  анализа,  установлено,  что  рынок  коэкструдированных 
продуктов в Казахстане на своем начальном этапе развития, и формируется относительно 
недавно,  в  то  время  как  за  рубежом  продукты  подобной  категории  для  многих  давно 
являются частью повседневного рациона.  
Не  значительные  объемы  производства  отечественной  коэкструдированной 
продукции  свидетельствуют  о  наличии  технологических  проблем,  о  несовершенстве 
технологического  процесса,  о  скорейшей  необходимости  разработки  рецептур  для 
расширения  ассортимента  готовой  продукции,  т.е.  о  совершенствовании  научно-
теоретической базы 
 
 
 
 
 
 

2009 г 
2014 г
2
3
4
1
5
58,8 тонн 
78,8 тонн

301 
 
 
 
 
1 - коэкструдированные продукты с начинкой из сгущенного молока; 2 - с шоколадом;  
3 - с начинкой из плодового сырья; 4 - с карамельной начинкой; 5 - с начинкой  
лесные ягоды 
Рисунок 4 - Структура импорта коэкструдированных продуктов  
в 2009 и 2014 гг., % 
Жасалған мониторинг қорытындысы бойынша коэкструзияланған тамақ өнімдерінің 
отандық нарығының динамикасы жасалды. Даярлығы жоғары дəрежелі болатын тағамдар 
өндірісі бойынша саланың негізгі даму жолдары анықталды. 
As a result of the conducted monitoring  set the dynamics of  domestic market of extrusion 
products with filling. The basic way of development of the branch of production of the products 
of high readiness is defined. The basic way of development of industry of production of the 
products of high readiness is defined. 
ƏОЖ 636.1.11.619 
Сергазина С., Мəнкебаев А., Исхан К.Ж.,  Білəлов Е., Онғаркұлова А 
Қазақ ұлттық  аграрлық  университеті,  
Шəкəрім атындағы мемелекеттік университет 
ЖЫЛҚЫНЫҢ МИОГЛОБУЛИНУРИЯЛЫҚ САЛДАНУЫ 
Андатпа  
«Жылқының  миоглобинуриялық  салдануы»  дертінің  мəн  жайы  ғылыми 
ветеринариялық тəжірибе мағлұматына сəйкес жəне өзіміз куə болған дерттің патогенезі 
мен  оның  алдын  алудағы  ветеринариялық  іс  шараларға  қатысты  ұсыныстарымыз 
баяндалады. 
Кілт сөздер: жылқы, миоглобулинурия, морфология, сүт қышқылы, бұлшық ет. 
Кіріспе  
Мақалада - Қарағанды  облысына  қарасты  Ақтау  селолық  елді  мекеннің  Шет  баз 
жайлауының  тұрғыны  қарт  жылқышы  Икен  ағайдың  жылқы  табынында  жəне  сол 
млн.тг 
95,5 млн.тг 
128,0 млн.тг
2
3
4
1
5

302 
 
аумақтағы  ветеринар  мамандарының  айтуы  бойынша  бұрын  соңды  кездеспеген 
миоглобулинуриялық салдану ауруы мəлімделеді.  
Жылқының миоглобулинуриялық салдануы – қалың бұлшық еттердің құрылымдық 
өзгерістерімен  сипатталынатын,  əсіресе  дененің  артқы  бөлігінің  салдануымен  жəне 
миоглобиннің  несеппен  бөлінуімен  ерекшеленетін  жіті  түрде  кездесіп  кенеттен  пайда 
болатын ауру. 
Бұл  ауру  негізінен  семіз,  саяқ  (флегматиктер)  жылқыларда  сондай-ақ  ауыр  жəне 
орташа жүк тасымалдауға лайықты тұқым тектес жануарларда жəне 4-20 жас аралығында 
кездескенімен 9-13 жас  шамасында  жиі,  мезгілсіз  жер  аймағына  байланыссыз  əртүрлі 
мезгілде кездесуімен ерекшеленетін көбінесе ұрғашы жылқылар ауырады. 
Себебі жылқыларды қозғалыссыз жəне құнарлы азық түрлерімен азықтандыру 
жағдайында ұстау аурудың ең басты себебі болып табылады. Сондай-ақ жануарға тəн 
мешкейлік, саяқтық ауруға шалдықтырудың алғы шарты.  
Дерттену.  Аурудың  дамуы  жөнінде  бірнеше  тұжырымдамалар  бар:  Марек,  Герт, 
Вестер,  Карлстрем  сынды  зерттеушілердің  пікірлерінше  бұлшық  етке  сүт  қышқылының 
гликогендік  қордан  түзіліп  шоғырлануынан  бастау  алатын  көрінеді.  Осы  сүт 
қышқылының  əсерінен  бұлшық  ет  талшығы  домбығып  қылтамырларға  қысым  түсіп, 
бұлшық  етке  келетін  қан  ағысы  баяулайды.  Осы  үрдіске  байланысты  сүт  қышқылының 
жойылуы жəне кері түзілуінің баяулауы салдарынан бұлшық еттің қайтымсыз өзгерістерге 
ұшырауына  əкеп  соғады.  Несептің  қоңырқай-қошқыл  (кофейный)  түске  енуі,  ацидоздық 
жəне гидрофильдік əсер мен миоглобиннің қаннан несепке өтуіне байланысты туындайды. 
С.Г.Гжицкий  сүт  қышқылын  ауруға  шалдығудың  себебі  ретінде  қарастырмайды. 
Автор  басты  себеп,  жануарды  шамадан  тыс  азықтандыру  мен  шектеулі  қозғалыс 
салдарынан бұлшық еттегі гликогендік метоблолизм бұзылып, бұл кератин жəне фосфор 
қышқылдарының алмасуы бұзылуының туындауын негізгі себеп деп есептейді. 
А.В.Синев.,  О.Г.Смирнов  деректерінше  организмнің  миоглобинді  шығындауы 
миоглобинуриялық салданудың басты себебі емес дейді. 
Тағы  бір  дерекке  қарағанда  (Верболович,  Александрович,  Мережковский) 
қозғалыстың  шектелуі  бұлшық  еттегі  миоглобиннің  азаюына,  оттегінің  жеткіліксіздігіне 
əкеп соғады. Ал миоглобин гемоглобинге қарағанда бүйрек арқылы 6 есе жылдам бөлінеді 
екен. Бұл көзқарас бойынша:  
1) 30-50/минут мөлшерінде ақ несеп түсінің қошқылдануы бұл ауруды анықтаудағы 
айырықша белгісі екенін көрсетеді; 
2) 100 мл қандағы қанттың алғашқы көрсеткіші аурудың түріне қарай – ауыр халдегі 
түрінде 166,3 мг,  орташа  жағдайында 140,9 мг,  жеңіл  түрінде 128,5 мг.  Бұдан  кейінгі 
сынамаларда қанттың мөлшері əртүрлі деңгейде болуы мүмкін; 
3)  Бұлшық  еттің  көлемді  аумағындағы  зат  алмасудың  бұзылуынан  орталық  жүйке 
жүйесі  жəне  паренхиматоздық  мүшелер  қызметі  бұзылуы  салдарынан  келіп  қант 
мөлшерін реттеу тетігінің де бұзылуына əкеп соғады екен; 
Сурет (ауруға лайықты клиникалық көрінісі негізіндегі суреттен алынған) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

303 
4) Қандағы  сүт  қышқылы  мөлшерінің  жоғарылауы 100 мл  қандағы  орташа
көрсетілген дерттің ауыр халдегі жағдайында 20,8-22,4; орташа халдегі жағдайында 20,2-
21,8 ал жеңіл түрінде 18,9-20,3 мг көрсеткішінде болады екен. 
Қанға  түскен  қышқыл  өнімдер  тыныс  алу,  жылу  орталығы,  жүрек  қызметін 
тітіркендіруі  салдарынан  бұлшық  етте  қайтымсыз  өзгерістермен  қоса,  жүрек  етінде, 
бүйрек, бауыр, бел, сегіз көз бөлімдеріне дейін жетіп жұлында, дененің артқы бөлігі, қуық 
жəне тік ішектің салдануына əкеп соғады. 
Клиникасы.  Жылқының  кенеттен  əр  үйірден  бірер  басының  ауыруы.  Алғашқы 
сəттерде терлеу, аяғын шалыс басу, қиналу байқалады. Жүругек ұмтылыс жасауда артқы 
аяқтары  лажсыз  бүгіліп  құлауға  мəжбүр  болады.  Құлаған  жылқы  тұруға  ұмтылыс 
жасағанымен көпшілік жағдайда тұра алмай, ит сияқты аз уақытқа шоқиып отыру қалпын 
қайталайды. 
Осы  сəтінде  жылқының  орынынан  тұруына  көмек  көрсеткенімен  артқы  аяқтың 
салдануына  байланысты  ұзақ  тұра  алмай  құлайды.  Дене  қызуы  жүйкенің  қозуына 
байланысты алғашқыда аздап жоғары болады, уақыт өте лихорадка пайда болады, уақыт 
өте жиілеп минутына 100 жəне одан да жоғары болады екен. Кілегей қабықтары қанталап 
аздап  сарғаяды,  нəжіс  жəне  несептің  шығуы  қиындайды.  Дерттің  өзгеріссіз  белгісі 
несептің  қара  қошқылдануы  сондай-ақ  созылыңқы  түрде  ағуымен,  тұндырғанда  түсінің 
бөлектенбеуімен  сипатталады.  Қан  сары  суының  қызғылтым  түске  енуі  бұлшық  еттен 
миоглобиннің қанға келіп түсу мөлшеріне байланысты. 
Дерттің жеңіл түрінде миоглобинмен бұлшық ет байланысы жылдам қалпына келіп 
қан  сарысуы  кəдімгі  сабан  түске  ие  болады.  Бұны  да  диагностикалық  ерекшелік  ретінде 
қарастыру керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет