Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Қозуды жеке өткізу заңы. Бір жүйке құрамындағы жеке талшықтар қозуды 
қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен 
байланыстағы құрылымға (ет талшығына, ағзаларға) тура жеткізеді. 
Организмдегі жүйкелердің көбісі аралас, бір-бірінен алшақ қашықтықта 
орналасқан, әртүрлі тіндер мен мүшелердің қызметін реттейтін көптеген 
жүйке талшықтарынан (сезгіш, қозғалтқыш, вегетативтік) тұрады. Олардың 
арасындағы миелинді қабығы изолятор ретінде электр тоғын өткізбейді және 
оның злектрлік кедергісі жоғары болғандықтан, қозу тек жеке талшық 
бойымен өтеді. Соның нәтижесінде жүйке орталығынан әрбір жүйке 
талшығы қозуды өз бойымен қозғалтқыш бірлігіне жеткізіп ондағы ет 
талшықтарын ғана жиырылтады. 
Жүйке 
талшықтарының 
қозуды 
өткізу 
ерекшеліктеріне 
оны 
тітіркендіргенде көпке дейін қажымауы да жатады. Жүйкенің қажымау 
себебі оның талшықтарындағы АҮФ-тың қайта түзілуі (ресинтезделуі) өте 
жоғары жылдамдықта жүреді және лабилдік қасиеті өте жоғары. 


ДӘРІС № 5. Бұлшықеттердің физиологиясы: физиологиялық қасиеттері, 
жиырылу түрлері мен механизмдері. Бұлшықеттердің күші мен 
жұмысы. 
Дәрістің жоспары: 
5.1. Қаңқа еттерінің физиологиялық қасиеттері. 
5.2. Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу механизмі. 
5.3.Бұлшықеттің күші мен жұмысы. 
5.4.Бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. 
Морфологиялық белгілері бойынша адам мен омыртқалы жануарларда 
кездесетін ет тіндері үш топқа бөлінеді:
1) көлденең жолақты қаңқа еті;
2) көлденең жолақты жүрек еті (миокард);
3) бірыңғай салалы еттер.
Көлденең жолақты еттердің организмдегі атқаратын қызметтері өте көп – 
олар динамикалық және статикалық қимыл-қозғалысты, тынысты, жылу 
өндіру (термогенез) және т.б. үдерістерді қамтамасыз етеді. Қаңқа еттерінің 
қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесінде 
ерікті қимыл-әрекеттерді жүзеге асырады.
Жүрек еті жиырылғыш жасушалар (кардиомиоциттер) мен өткізгіш 
жүйесінің 
жасушаларынан 
тұрады. 
Жүректің 
өткізгіш 
жүйесі 
жасушаларының жиырылғыш қаблеті болмайды, бірақ оларда туындаған 
электрлік серпіндер жүректің жыиырылғыш жасушаларына қарай өткізіледі. 
Жүрек етінің негізгі қызметі – сорғы (насос) ретінде тамырлармен қан 
қозғалысын қамтамасыз ету. Жүрек еті мен кейбір бірыңғай салалы (ішек, 
лимфа тамырлары) еттердің автоматиялық қасиеті бар. 
Бірыңғай салалы еттер ішкі ағзалар қабырғасының негізгі құрамында 
орналасады (асқорыту арнасы, қантамырлары, ішкі қуыс мүшелері, тыныс 
жолдары, сыртқы сөлініс бездерінің сөл шығаратын түтіктері және т.б.) және 
қимыл-қозғалту (кеңейту, тарылту, жылжыту тәрізді) қызметін атқарады. Бұл 
еттер унитарлы (бірыңғайлы) және мультиунитарлы болып бөлінеді және 
еріксіз еттерге жатады, сондықтан адам олардың жиырылу қасиетін өз 
еркімен бақылауға ала алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет