Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов


Скринингтік тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі



бет3/4
Дата07.02.2023
өлшемі85,95 Kb.
#65911
1   2   3   4
Байланысты:
260416.pptx

Скринингтік тексерулердің нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі

  • 28. Аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығы тоқсан сайын республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығына (бұдан әрі – РАТО), салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне (аудандық, қалалық, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне), бейінді қызметтер мен Басқармаға скринингтік тексерулер бойынша жиынтық талдауды ұсынады. 29. Басқармаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) тоқсан сайынғы талдамалық материалдық ұсына отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі бейінді қызметтермен, штаттан тыс мамандармен бірлесіп барлық жүргізілген скринингтік тексерулердің мониторингі мен талдауын жүзеге асырады. 30. РАТО тоқсан сайын СӨСҚПҰО-на скринингтік тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша шығыс нысандарын және халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеру жүргізуге жауапты басқа бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымдары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұсынады. 31. СӨСҚПҰО Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жиынтық талдамалық тоқсан сайынғы және жылдық қорытынды есептерді ұсына отырып, скринингтік тексерулерді үйлестіруді, әдістемелік сүйемелдеуді, талдауды және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады

Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу кезеңділігінің алгоритмдері

  • 1. Жалпы ережелер
  • 1. Ересектер мен балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) дайындық – нысаналы топтарды қалыптастыру, ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру. Дайындық кезеңде медициналық пункттің, фельдшерлік-акушериялық пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, ауылдық, аудандық, қалалық емхананың (бұдан әрі - МСАК ұйымдары) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің профилактикалық іс-шараларға жауапты орта медицина қызметкері, мектепке дейінгі мекеменің, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері жүзеге асырады және мыналарды қамтиды: ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін алда тұрған скринингтік тексеріп-қарауға жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін қалыптастыру және құру; ересектердің нысаналы топтарын, нысаналы топтағы балалардың ата-аналарын скринингтік тексеріп-қарауды өтудің қажеттілігі және шарттары туралы хабардар ету; халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауға шақыру; ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік тексеріп-қараулар жүргізу үшін МСАК аумақтық ұйымдары мамандарының мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім
  • беру ұйымдарының аумағына шығуын ұйымдастыру; халықтың нысаналы топтарының скринингтік тексеріп-қарауды уақтылы өтуін қамтамасыз ету; 2) скрининг жүргізу – баланың (бұдан әрі – 025-07/е нысаны), амбулаториялық пациенттің (бұдан әрі - 025-08/е нысан) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6697 болып тіркелген) профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың (скрининг) статистикалық картасын толтыру (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907). Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді мектепке дейінгі, білім беру ұйымдарының орта медицина қызметкері, педиатр дәрігер, отбасы дәрігері, МСАК ұйымының жалпы практика дәрігері; маман дәрігерлер, педагог-психолог жүзеге асырады. Ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарау жүргізуді учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі - МСАК дәрігері), МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) дәрігерге дейінгі кабинетінің дәрігері мен орта медицина қызметкері және МСАК дәрігерінің/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі дәрігерінің жолдамасы бойынша бейінді мамандар жүзеге асырады; 3) қорытынды – анықталған патологиясы бар адамдарды толық тексеріп-қарау және диспансерлік есепке алу, есепке алу-есеп беру статистикалық құжаттарын ресімдеуді аяқтау. Бұл кезеңде МСАК/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 025-07/е, 025-08/е нысандарын және Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушысының
  • паспортын енгізеді, профилактикалық медициналық скринингтің статистикалық нысанына халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелерін қауіп (мінез-құлықтық, биологиялық) факторларын, қорытынды диагнозды көрсете отырып, енгізеді, толық емделуге, бақылауға ұсынымдар береді. Қорытынды диагнозды алғаннан кейін нысан скринингтік тексеріп-қараудың деректерін статистикалық өңдеу үшін медициналық статистика кабинетіне (маманына) беріледі. Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушысының паспорты қолына беріледі және скрининг өткендігін куәландыратын құжат болып табылады. 2. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына, баланың даму тарихына енгізіледі. Ұйымдастырылған балалардың скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері денсаулық паспортына қосымша енгізіледі. 3. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері бар адамдардың тегі көрсетілген тізім: 1) одан арғы динамикалық бақылау үшін МСАК дәрігеріне; 2) ақпараттық-білім беру жұмысын жүргізу және ауру қаупі факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика, салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқыту үшін салауатты өмір салты кабинетіне, бейінді денсаулық мектебіне жіберіледі. 4. Психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің деңгейлерін айқындау үшін жалпы бірдей орта білім беретін мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 жас пен одан асқан оқушыларының арасында скринингтік тексеріп-карау жүргізу кезеңділігінің алгоритмі: 1) скринингтік тексеріп-қараудың бірінші кезеңін арнайы оқытылған медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі - МСАК) маманы жүргізеді және жалпы бірдей орта білім беретін мектептердің, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 17 жас пен одан асқан оқушыларының арасында психобелсенді заттарды тұтыну қаупінің айқын
  • дәрежесін айқындауға арналған халықаралық ASSIST сауалнамасын қолдана отырып, скрининг-сауалнама жүргізуді қамтиды; 2) сауалнама жүргізілгеннен кейін сауалнамаларды арнайы оқытылған МСАК маманы талдайды және өңдейді. Талдау мен өңдеу нәтижелері бойынша психобелсенді заттарды тұтынудың қауіп топтары (жоғары, орташа, төмен қауіп) айқындалады; 3) скринингтің екінші кезеңі: психобелсенді заттарды тұтынудың орташа немесе жоғары қаупі бар оқушылар, заңды өкілдерінің келісімімен аумақтың наркологиялық ұйымыдарына МСАК мамандары жібереді, онда психобелсенді заттардың болуына тест-жолақтарды пайдалана отырып экспресс-тестілеу жүргізіледі; 4) үшінші кезең: экспресс-тестілеудің оң нәтижелері бар оқушылар заңды өкілдерінің келісімімен клиникалық тексеріп-қарау және қажет болған кезде қосымша химиялық-токсикологиялық және психологиялық зерттеулер жүргізу үшін нарколог-дәрігердің консультациясына жіберіледі; 5) тексеріп-қараудың нәтижелері және писхобелсенді заттарға тәуелділік белгілерін айқындау бойынша (18 жасқа толмаған) оқушылар заңды өкілдерінің келісімімен диспансерлік есепке және нарколог дәрігердің бақылауына қойылады; 6) оқушылардың заңды өкілдері диспансерлік есепке қоюға келіспеген жағдайда оқушылар профилактикалық бақылауда болады. 5. МСАК ұйымының МСАК/бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің (кабинетінің) орта медицина қызметкері жүргізілген скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері бойынша: скринингтік тексеріп-қарауға шақырылған, скринингтік тексеріп-қараулардан өткен, толық тексерілуге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің тізімін салыстырады;
  • дәрігердің ұсынымы бойынша пациентті толық тексерілу үшін шақырады. 6. Скринингтік тексеріп-қараудың барысында анықталған, алғаш қойылған диагнозымен барлық пациенттер диспансерлеу және динамикалық бақылау үшін МСАК дәрігеріне жіберіледі. 7. Скринингтік тексеріп-қарау - зертханалық және диагностикалық зерттеулер бойынша мәліметтердің бірыңғай базасының нақты, сапалы қамтамасыз етілуі үшін онкопатологияларды ерте анықтау скринингтері аясында орталықтандырылған зертханалар мен диагностикалық орталықтар/бөлімшелерде жүргізілсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет