Азербайжанның билеушісі атабек Ж и Ь ан Пехлеванға (Кыран оның да
кы зы на үйленген еді) жазған хаты нда ө зін е Т ү р к іс та н н ы ң барлы к
түкпірлеріндегі қыпшақтардың сансыз қолы қызмет ететінін хабарлаған105.
Әл-Бағдадидің мерзімі 1182 жыл деп көрсетілген мәліметтері бойынша,
Мәлік-шах тек Женттің, Рибат пен Баршылыкенттің ғана емес, сонымен
Катар қыпшақтардың әкімш ілік-саяси орталығы Сығанақтың да билеушісі
Деп аталған. Алайда бүл деректер аймақтағы саяси жағдайдын ара-тұра
423
көрінісін ғана бейнелеген. Ол жағдай жалпы алғанда хорезмшахтар өздерінің
тәуелсіз қыпшак, ұлысының негізін шайкалтуға бағыттап жургізген саяса-
тының максатында туғызып, қолдап отырған мейлінше тұрақсыздығымен
сипатталды. Бұл үшін олар кыпшақақсүйектерініңөкілдерінен хорезмшах-
тардың ниеттерін колдайтын шектеулі әскери сословие кұрды. Мұндай
оағыттың идеологиялык негізі кыпшақтарды, ең алдымен олардың шон-
жарларын ислам дініңе енгізу болды106. Солай бола түрса да, қыпшақ тай-
паларының едәуір топтары XII ғасырдың аяғына дейін ислам дінін мойын-
дамады. Жент пен Фараб арасындағы байтак жер XII ғасырдың аяғына дейін
пүтка табынатын кыгішактар аймағы деп саналған. «Осындай кейінгі кезте
дейін, — деп атап етті В. В. Бартольд, — исламды кабылдамағам қьіпшақ
мемлекетінің болу мүмкіндігі халықтык элементтін каншалыкты күшті бо
лтаный көрсетеді»107.
Хорезм билеушілерінде кызметте жүрген кыпшак тайпалары көсем-
дерінің Дешті Қыпшақтағы далалык тайпаластарының жағына шығып ке-
туі сирек кездеспейді. 1195 жылы Сығанақ пен Жент билеушісі кыпшак
ханы Қадыр-Буке касиетті соғыс сылтауымен аттанысқа шыкқан Текештің
әскерімен шайқасты. Шайқастың нәтижесі үран тайпасынан шықкан кы
пшак үландарының хорезмшах косынынан Кддыр-Буке-хан жағына өтуі
нәтижесінде шешілді. Талкандалған әскерінің калдығымен Текеш Хорезм-
I ге қайтып оралды.
XII
ғасырдың ортасында кыпшактар мен кимек^ердің әскери колдары
Еділ бойында орналаскан Саксин мен оның төңірегіне жорық жасады. Осы
окиғалардың нәтижесінде Саксин түрғындары кыпшақхандарына тәуелді
екендіктерін мойындады, сойтіп қыпшак хандары оған өз наместниктерін
(баскактарын) тағайындады. Орныққан дәстүрге сәйкес, Хорезм билеуші-
лері қаңлылар мен кыпш ақтардың хандарынын руынан әйел алатын.
Біріккен қаңлы тайпалары XII ғасырдың екінші жартысы - XIII ғасырдың
басында озін-өзі билеуге ұмтылған ж әне сол аркылы Қыпшак хандығы-
н кң саяси бірлігіне жәрдемдеспеген үлкен саяси күш болды. Хорезмшах-
тардың негізгі әскери тірегі каңлылар мен қыпшақгардың топтары болта
ны мәлім. XIII ғасьірдың басында хорезмшахтар сарайында қанлылардың
басшысы Әмин М әлік үлкен рол аткарды, ал онын қызын хорезмшах Ала
ад-дин Мухаммед алған еді. Хорезмшахтар мемлекеттік ж әне әскери лау-
азымдар берген қыпшак ақсүйектері хорезмшахтардың мүдделерін корғ-
ады. Қыпшақ коғамында кыпшактардың едәуір топтарының Хорезмді жак-
таған бағыт үстауы, сондай-ақ жоғарғы билік үшін бақталастықтын орта-
лықтан аулақтану сарындары туғызған ішкі қайшылықтар күшейді. Осы
жағдайда хорезмшахтар қыпшақ кесемдері арасында шеберлікпен араздық
отын тұтатып, қолдап отырды.
XII ғасырдың аяғында Қадыр-Буке-хан мен оның жиені Алып-Дерек
дауласып қалды. 1198 жылы Текештің ұлы Мухаммед Алып-Дерекпен бірге
далаға жорық жасады. Қадыр-Буке-хан талқандалып, Хорезмге жеткізілді.
Хан билігі Алып-Дерекке көш ті, ол хорезмш ахтарға тәуелсіз саясат
жүргізді. Кыпшақханының одан әрі күшеюінен қауіптенген Текеш Қадыр-
Буке-ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін берді де, оны Алып-Де-
рекке карсы аттандырды. Соның нәтижесінде Алып-Дерек талкандалды,
алайда Кадыр-Буке-ханның өзі хорезмшахқа тәуелді болып қалды.
XIII ғасырдың басында мүсылмандық Азияда бірінші боЛуға дәмелен-
424
ген хорезмшах Мухаммед (1200—1220) мемлекетінің құрамына Сығанақ
аймағы дакірді. Сығанақиелігінен айырылғанына карамастан, қыпшақ хан
дары Хорезмге карсы табанды күрес жүргізуін жалғастыра берді. Женттен
Мүхаммед солтүстікке карай Дешті Қыпшактын кыпшактарына карсы та-
лай рет жорык жасады. 1216 жылы Қадыр-ханға қарсы бір соғыс жорыкта-
ры кезінде ол Ырғызға дейін жетіп, онда Торғай даласында монғолдардан
кыпшактар еліне кашкан меркітгерді куып келе жаткан Ш ынғыс-хан әске-
рімен мүлдем күтпеген жерде кактығысып калды. Сүлтанмен шайкастан
кейін монғолдар түн жамылып шегініп кетті. Бұл Қазақстан жеріне мо-
нғолдардың алғашқы келуі болатын, ол кыпшактардың хорезмшахтармен
ұзақка созылған бақталастығын тоқтатты.
Қыпш ақ мемлекеті күлады, алайда оның даму үрдісін XIII ғасырдағы
ауыр оқиғалар біржола күйреткен ж ок, тек кана туншықтырып тастады,
сөйтіп XV ғасырда, казак халкы мен мемлекетінің калыптасу кезеңінде қайта
шықты.
Тайпалық және этникалық қүрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан
XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалык кауымдастығының калы-
птасуы дамудың сапалык жаңа кезеңіне аяк басады, мұньщ өзі ең алдымен
олардың жерінде — Ш ығыс Дешті Қыпшакта кыпш ак хандары күш-қу-
атының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберін-
де күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI
ғасырдын орта шенінде қыпшақ және куман тайпалары батысқа карай
козғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары
шегінде болған саяси ж әне этнографиялык өзгерістерді парсы тарихшысы
Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшак
деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті
Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс
жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі.
Бардык жағынан алып карағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл
кумандарды білдіретін нақты ж әне бүкіл кыпшак тайпалары бірлестігіне
Қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда
бұл мағыналары ажыратылмаған.
Жазбаша (ертедегі орыс) ескерткіштердегі мәліметгерді түсіндірген кезде
белгілі қиындықтардың тууы содан. Орта ғасырлардағы Византия тарихна-
масына да байланысты істің жайы нак осындай. 1078 жылы византиялық-
тар өздерінің батыстағы көрш ілерінің шын этникалы к атауы кумандар
екенін бірінші болып біліп, бұл атауды Дешті Кыпш актың барлық түрік
тайпаларына таратты. Бұл дәстүр Византия әдебиетінде тура XIV ғасырға
дейің сақталды.
«Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен
Днепр аралығында деп белгіленді. Ал, мұсылман деректемелеріне сәйкес,
батыс Дешті Қыпш ақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. М әселен, араб
географы әл-Идрисидің (XII ғ.) мәліметтері кумандардың көшіп жүретін
жерлері Днестр мен Днепр аралығында орналаскан, ал Днепрден шығысқа
Қарай қыпш ақ тайпаларының ордалары жаткан деп санауға мүмкіндік бе-
реді108. Батыс бірлестігі қыпшактарының тайпалық қүрамы он бір тайпа-
Дан: тоқсоба, йетиоба, бұржоғлы, елбөрілі, қаңғароғлы, анджоғлы, дурут,ку-
лабаоғлы, жартан, қарабөріклі, қотан тайпаларынан тұрған109.
Біршама біртектес этникалык күрамы атап өтіледі, оған тек турік тайпа-
лары: кыпшак, куман ж эне печенег тайпалары ғана кірген. Қыпшақтайпа-
ларының батыс конфедерациясындағы жетекші әулеттік тайпа тоқсоба мен
бұржоғлы болған. Казақстан аумағында кұрылған Шығыс қыпшақ бірлесті-
гінде этникалық байланыстардың даму және терендеу дәрежесі, сондай-ақ
қыпшақ этносының қалыптасу деңгейі Шығыс ұлыс кыпшақтарының тай-
палық қүрылымы бойынша әжептәуір айқын анықталады. Араб ғалымд-
ары Ахмет ат-Тыни (1235-1318) және ад-Димашкидің (1301-1349) еңбек-
терінде Шығыс ұлыс кыпшақтарының рулық- тайпалық кұрамы туралы нақ-
ты деректер бар. Ол 16 этникалық компоненттен тұрған. Олардың 8-і негізгі
тайпалар болған да, одан кейінгі 8 этникалық компонент неғұрлым ұсак
бөлімшелер болып табылады. Қыпшақтардың он алты тайпалық конфеде-
рациясы тізімінің өзі ретсіз кездейсок сипатта болмағанын атап өту маңы-
зды. Керісінше, онда бәрі де аталған этникалық бөліністердің әркайсысы
әулеттік, әлеуметтік жэне саяси орны мен деңгейіне сәйкес қатаң реттел-
ген^
'х ң бірінші жетекші, тандаулы тайпа бөрілілер (баска деректемелер бойы
нша, елбөрілілер) болып, қыпшақ хандары ұрпактан ұрпакка солардың қат-
арынан шығып келген. Бөрілі терминінің семантикасы «қасқыр» мағына-
сымен байланысты. Тарихи және этнографиялык әдебиетте бірқатар түрік
этносының аңызға айналған негізін калаушы ретіндегі қасқырға табыну
және түрік тайпаларының ертедегі даму сатыларындағы қасқырдың тотемдік
рөл атқаруы кеңінен белгілі. Бөрілілер (елборілілер) Орталык Азиядан
шыққан ертедегі түрік тайпасы болған. Екіншісі — токсоба, ол да «тоғыз
тайпалы» деген мағынамен тандаулы тайпаларға есептеледі. Одан әрі йети-
оба, яғни жеті тайпалы (жетіру), содан соң «терт тайпалы» дегенді білдіретін
дурут тайпасы (туртоба) келеді. Бесінші тайпа етіп әл-арс аталады, олар
аландарға туыстас иран тайпасы астар деп саналады. Осының бәріне
Кар
аганда, Арал теңізіне көршілес мекендеген түркі тілдес астардың (арстар-
дың) жекелеген топтары қыпшақ тайпаларының кұрамына енсе керек. Одан
әрі бұржоғлы тайпасы келеді, олар басқалармен қатар оңтүс' ік орыс дала-
ларында қыпшақ қоғамының үстем тобын құрып, ал Мысырда өз ортасы-
нан мамлюк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетінші етіліп манқұроғлы тай
пасы көрсетіледі, олар, тегінде, кимек тайпаларының біреуіне жататын болса
керек. Бірқатар деректемелердің мәліметтері бойынша, кимектер елінде
Манқүр таулары болған. Тотем ретінде, сірә, таулардың аты кимектер кон-
федерациясының жекелеген топтарына берілген болса керек. Соңгы ірі тай
па ретінде имек тайпасы — мұсылман тобының кептеген жазбаша деректе
мелер! бойынша, түркі тілдес кимек этносының нақ өзі аталады. XI гасы-
рдан бастап, шынына келгенде, К имек каганаты құлаганнан кейін, жазба
ша деректемелерде кимек атауы енді аталмай, ол өзінің диалектілік түріндегі
имектерге орнын толық босатып берген. Қыпшақтар мен имектердің этни-
калық-саяси және этникалық-мәдени аскдн тығыз байланыстарыныңтоп-
тасудьщ жоғары деңгейіне жеткені соншалық, Махмұд Қашғари (XI ғ.)
дәуірінде имектерді қыпшақтар деп атаған, ал қыпшақтар болса ездерін ба
ска атаумен атаған.
Тайпалардың қарастырылып отырған тізімі тұрғысынан алғанда, ад-Ди-
машки имектер жөнінде: «ал олар (имектер) сол кезде-ақ хорезмдіктерге
айналган еді» деген мазмұндағы ескертпежасайды110. Бұл арада ең адцымен
имек ханыньщ кызы, хорезмшах Текештің әйелі Теркен-қатынның қызметі-
426
нде болған 10 мың адамдық имек әскерінің контингенті айтылып отыруы
ыктимал.
Үсак бөлімшелер арасында бірінші кезекте тағ этнонимі аталған. Ерте-
дегі оғыз аңыздарына карағанда, тағ тайпасы оғыздардан шыққан. Содан
соң ертедегі башкұрт тайпасы - жекелеген топтары X ғасырда Арал өңірі
мен Каспий өңірі далаларына қоныстанған башкүрттар айтылады. Соның
ізінше куманлу этнонимі, яғни куман + — лу (билеу немесе катынас аф
фикс!) тайпасы аталады111. Бұлар, сірә, кумандардың негізгі кепш ілігі
Шығыс Европаға көшіп кеткеннен кейін Қазакстан аумағында калған ку
ман тайпаларының топтары болса керек. Одан соң екі тайпа: базанақ (ба-
жанак) және бажна тайпалары айтылады, ал олар башкүрттармен бірге пе
ченег тайпаларының одағына кірген. IX ғасырдың бірінші жартысында олар
оғыздардың, кимектер мен карлұқтардың одағынан жеңіліс тауып, содан
кейін іле-шала негізгі бұқарасы Арал тенізі, Жем мен Ж айық аймағынан
батысқа ауып көшуге мәжбүр болған еді.
Ж азбаша деректемелердің көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдес
үш тайпаның жекелеген бөлімшелері Батыс Қазақстанда калып, қыпшақтар
бірлестігінің құрамына енген. Осыдан кейін карабөріклі аталады, олар да
Арал өңірінің печенег тайпаларына жатады. Семантикасы жағынан бүл тай
па қаракалпак тайпасының атауына сай келеді. Содан соң үз, шындығында
оғыз тайпасы келеді, ойткені халық оларды осылай атаған. Қыпшақтар
кұрамында ең сопынан аталатыны — жортан (шортан) этнонимі. Бұл сөздің
«шортан» деген мағынадағы семантикасы оның түрік негізінде екенін көрсе-
теді.
Демек, конфедерацияға кимек(имек, манкұроғлы), оғыз (ұз ж әне тағ),
печенег-башкұрт (башқұрт, бажанақ, бажа), ас, куман (куманлу, бұржоғ-
лы (?) ж әне жортан) тайпалары мен қыпшақ тайпаларының өздері (бөрілі/
елбөрілі, тоқсоба, йетиоба ж әне төртоба) енген, оларды атап көрсетудің
әсіресе қыпш ақ этникалы қ қауымдастығының қалыптасу жолы туралы
мәселені қарастыру кезінде принципті маңызы бар.
Қыпшактар конфедерациясы тайпалық кұрамының XI—XII ғасырларға
қатысты кұрылымы оның күрделі және әр текті болғанын барынша айқын
көрсетеді. Қыпш ақ конфедерациясы езінің қыпшақ тайпаларымен .қоса,
түркі тілдес кимек, куман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз тайпаларын, сон-
дай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің туркі тілдес элементтерін жинақ-
тағару Ал мұның өзі иерархияға ж әне оған қоса әлеуметтік организмдер
болатын. Тегінде, топтасу ж әне бірігу негізінде туыстас қыпш ақ тайпалары
одағынан халық болып ұйысу үрдісі жүріп жаткан болса керек. Қыпш ақ
мемлекетіне ұйымдасқан қыпшақгар халықтың қалыптасу сатысында бірқа-
тар жағдайларда өздерінің қоластындағы халықты сіңістіре отырып, кең-
байтақ аймаққа таралуға кабілетті болып шықты.
Қыпш ақ қауымдастығының қалыптасуына аталған тайпалармен қоса,
XII ғасырдың екінші жартысында шағын топтары Сырдарияның төменгі
агысы мен Арал әңірі далаларының шегінде этникалық-аумақгық бірлестік
Құрған көп санды қаңлы тайпалары пәрменді түрде қатысты.
Зерттеу әдебиетінде қаңлы этнонимінің пайда болуы туралы мәселеде
бірнеше пікір бар. Бірқатар зерттеушілер қаңлыларды кангарлар (печенег-
тердің тандаулы тайпасы) деп санайды. Сонымен қатар канлылар печенег
тайпалары бөлігінің қыпшақтармен сіңісуінің нәтижесі деп карастырыл-
427
атын болжам бар. Үшінші бір жағдай да бар, онда каңлы этнонимі кимек-
қыпшақтайпаларының Сырдария мен Арал еңіріндегі ертедегі печенег-оғыз
тайпаларын жаулап алуына байланыстырылады. Қаңлы этнонимінің бірша-
ма кейінгі кезде, XI ғасырда пайда болуы туралы атап өтілген ұйғыр елші-
лерінің Алтай аймағында, басмылдармен, тоғыз-ғұздармен және қарлүкта-
рмен көршілес болған кара каңлы (немесе кара каңлығ) этнонимін айтуы
туралы фактіні ескергенде оны түсіндіру киындай түседі112. Оғыз -хан ту
ралы тарихи аңыздарда кыпшактармен, ұйғырлармен, карлұқтармен бірге
каңлылар ежедгі түрік халыктары ретінде аталады. Жеке адам этнонимі
ретінде каңлы атауы жөнінде XI ғасырда Махмұд Қашғари былай дейді:
«Қанлы - кыпшақтардан шықкан ұлы адамның аты»ш.
Сонымен бірге кыпшақтардың этникалык күрамына Қазакстан аумағына
Шығыс Түркістаннан X ғасырда келген ұрандар, сонан соң баяттар, сол
сиякты азкиштер мен түргештер сиякты түркі тілдес тайпалар енген. Соңғы
екі тайпаның XII ғасырда Қара теңіз өңірінде пайда болуы, тегінде, кы-
пшақ тайпаларының, солармен бірге азкиштер мен түргештердін солай
карай қоныс аударуына байланысты болса керек. Қыпшактардың этника
лык компоненттерін сондай-ақ карлұқтар, жікілдер, кайлар да кұрады.
Қазакстан аумағында кыпшак халқының калыптасуын этникалык ау-
мак, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртектестігі, коғамдық катына-
стар жүйесі мен тіл бірлігі жәрдемдескен этникалык-мәдени белгілердің
жымдасу үрдісі жеделдете түсті. Қыпшақтардың әр түрлі этникалык топ-
тармен өзара тығыз іс-кимылы этникалык кауымдастыққа эсер етті. Қы-
пшақтардың саяси салмағының барган сайын өсе түсуіне байланысты кепте
ген тайпалар мен этникалык топтар ездерінің біртұтас этноска жататын-
дыгын ұғынып, кыпшак этнонимін қабылдады және езін-өзі кыпшақтар
деп атай бастады.
ГАлайда кыпшақ халкы калыптасуының соңгы кезеңін монгол шапқын-
шылығы үзіп жіберді. Этнос ретінде қыпшактар қазақтардың этногенезін-
де елеулі рел атқарды. «Қазак» сезінің езі қыпшақтар мекендеген аймақта
пайда болған деуге барлық негіздер бар. «Қазақ» терминінің алғаш per та-
ралган аймагы шығыс Дешті Қыпшакпен, баскаша айтқанда, қазіргі Казак-
стан аумағымен байланысты болды. «Қазақ» сезінің осы фонетикалык
кұрамында пайда болуын А. Н. Самойлович шамамен XI ғасырға жатқыз-
ды114. «Қазак» этнонимінің пайда болуы мен шыккан тегі туралы мәселенің
тарихнамасы ғалымдардың кейде кереғар келіп жататын толып жатқан
пікірлерін камтитындығын атап еткен ж ен. Алайда бұл аса манызды әрі
көкейкесті проблемаға әзірше кесімді жауап айтылған жоқ. Методология-
лык түрғыдан алғанда, қазақ халкының тарихы мен қүрылу уақытын де-
ректемелердегі қазақ этнонимінің пайда болуынан әдістемелік тұрғыдан
ажырата білу керек.
К азақ терминінің еш күмән келтірмейтін бірінші рет айтылуына келер
болсак, ол 1245 жылы Мысырдың М амлюк мемлекетінің қыпшақ ортасын-
да күрастырылған көне кыпшақ шығармасында (түрік-араб сөздігінде) айты
лады. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі115. Бұл семан
тика бастапқыда қазақтерминіне әлеуметтік мағына берілген ж әне ол әде-
тте әкесінің шаруашылығын мұраға алмаған адамды білдірген деп санауға
м үм кіндік береді (түрік қоғамы жағдайында, М инората дейтін — әке
мүлкінің негізгі мүрагері кенже ұлы болған, ал үлкендеріне жеке шаруа-
428
шылықтар бөлініп берілетін ғұрып; әдетте үлкен ұлдары өз руынан, тайпа-
сынан, қоғамынан уакытша кетіп, тіршілігіне кажетті нәрселерді соғыс істе-
ріне катысу аркылы тапкан ғұрып болған).
Қ азақ ұғымының пайда болуы XIII ғасырдан гөрі неғүрлым ертерек
уакытқа катысты деп те санау дұрыс болар еді, алайда хронологияны анық-
тайтын ешқандай тікелей деректер әзірше табылған жоқ. Дегенмен де, жаз
баша деректемелерде бұл жөнінде жанама деректер бар.
Институт ретінде казактану әмбебап, сатылы сипатта болды. Ол түрік
тайпалары арасында да, араб Ш ығысының (са’лук), Батыс Европаның (нор-
вег викингілері), Русьтің (кезбелер) ж эне т. б. қоғамдарында да орын алды.
Осы әлеуметтік кұбылыстың мәні бірдей болған жағдайда әрбір ретте тер-
минологиялық ерекшелік байқалып отырды.
Қазақтану институтынын қалыптасуы мен уақыты жөнінде X ғасырдағы
араб географы Ибн әл-Ф акихтің шығармасында, оғыз ханзадасы Балкик
Ибн Жабғудың әңгімесіне байланысты сюжетте өте қызықты мәліметтер
айтылады, оның мазмұны мынадай: «Менің бабаларымның біреуі, — дейді
Балқиқ, — сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетті.
Ол езіне келгендерді, жасакшыларды ж әне қарақшылық (са’лук)жасауды
ұнататын басқа адамдарды серік етіп тандап алды»116.
Қазаққа айналудың бұл классикалық сипаттамасы, тегінде, Сырдария-
ның теменгі ағысын жайлаған оғыз билеушілері жабғудың тарихымен бай
ланысты болса керек, ал оның тарихи тамыры, жанама керсеткіштерге Кар
аганда, IX гасырда жатыр деп айкын анықталады. Ибн эл-Ф аких казакка
айналудың арабша «са’лук» терминінің огызша баламасын келтірмейді.
Оның әрекетінің аты — «са’лука» бәдәуилер арасында тайпада өзіне орын
таба алмаган, сондықтан топ құрып алып, қарақшылық жасау жолымен
бақыт іздеп кеткен кедей болса да, алгыр адамдарды білдірген. Алайда, тер-
минологиялык жагынан ерекше болганымен, казакқа айналу институты
нын, мазмұны ж өнінен эр түрлі (огыз ж эне араб), бірақ біртектес кошпелі
екі қоғамда сәйкес келетіндігі айқын аңгарылады.
Қай жағынан алып қараганда да, Ибн әл-Ф аких арабтың «са’лук» сөзін ■
«қазақ» терминінің орнына қолданган деп зор сеніммен айтуга болады.
Төменде корсетілгендей, огыз-түрікмен қоғамында IX—X гасырларда орын
алган «қазақ» үғымы қыпшақтар ортасына сіңісіп кеткен. Мұндай алғы-
шарт огыздар мен қыпшақтардың кейіннен генетикалық, тілдік, әлеуметтік
және шаруашылык-мәдени жақындыгының калыптасуына жеткізген сан
ғасырлық аса тығыз этникалық-саяси ж әне этникалық-мәдени озара бай-
ланыстарының объективті фактісінен ғана туындамайды, сонымен бірге
жазбаша деректемелердің косымша материалдарына да негізделді. М әсе-
лен, XIII гасырдагы хорасан түрікмендерінің арасында антропоним кұрамы-
нда «қазақ» термині атап өтілген. «Данишкеде-и М аккул-у Манкул» кітап-
ханасындағы бір қолжазбаны ң колофонында анық қолтаңбамен былай деп
жазылған: «Бұл қолжазбаны алган Біләл бин Ж абраил бин Мұхаммед Әли
ат-Түрікмени әл-Қазақи, хиджраның 660 жылы»117, ягни 1262 жыл. Бүл адам-
ның жеке атындағы «әл-Қазақи» деген сөзді, сірә, қай этникалық ортаға
жататындыгын көрсететін басқа нисбамен қосақтап алынган нисба ретінде
Қабылдау керек болар. Ә л-Казаки терминінің түрікмен этнонимімен қос-
ақталуы М ысырдың қыпшақ-араб сөздігінде «қазақ» терминіне әлеуметтік
мағына берілгені сияқты, бұл үгымда әлеуметтік мән болған жок, кайта
429
этникалық ерекшелік болды деуге жеткілікті негіз береді. Өз есімінде эт
никалык белгілерді көрсететін екі нисбаны (ат-Түрікмени және әл-Казаки)
қосарластыра келтіру әлдебір ерекше және сирек кездестін нәрсе емес. Сол
кездегі жазбаша еңбектерде бір есімде әр түрлі екі этнонимнің жазылу
мысалдары бар, мысалы, Сайф ад-дин Канкар ат-Турки.
Қарастырылып отырған Біләл бин Ж абраил бин Мухаммед Әли ат-
Түрікмени әл-Қазақи деген жеке адамның есімінен Шығыс Дешті Қыпш-
ақтан шыққан, Хорасан түрікмендерінің коғамындағы қыпшак казақтары
өкілінің аңғарылатыны күмәнсіз. Бір ғажабы түрікмен-оғыз ортасына әл-
қазақи түріндегі терминнің фонетикалық курылысы тән емес, керісінше,
олар үшін «әл-казахи» деп жазылған термин занды, яғни оларға тән фоне-
тикалық нормаларға сәйкес «әл-қазақи» сөзінің үшінші буынындағы «қ»
әрпі «х» дыбысымен алмастырылады. Рашид ад-Дин Раб-и Рашидидің Хо-
резм-Хорасаннан хат алысуына жататын «Вакф-наме» деген жазбаш а
кужатында этникалык сипатга екені күмән туғызбайтын «казахлу», «казах-
лар» деген атаулардың кездесуіне
Достарыңызбен бөлісу: |