Мир большого алтая


Шығыс Қазақстанның ортағасырлық көшпелілерінің қару-жарақтары мен



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата24.09.2022
өлшемі0,95 Mb.
#40090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Шығыс Қазақстанның ортағасырлық көшпелілерінің қару-жарақтары мен 
ат əбзелдері (Аян қорымының материалдары негізінде)
Омаров Ғани Қалиханұлы 
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, əл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., 
Қазақстан). E-mail: gani_omarov@mail.ru
Бесетаев Бауыржан Берқанұлы 
Докторант, əл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан). E-mail: besetaev86@
mail.ru
Баймұханов Нұрбол Болатұлы 
“Shejire DNA” ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан). E-mail: baimukhan@
gmail.com
Сағындықова Сымбат Темірғалиқызы 
Аға оқытушы, əл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан). E-mail: sagyndykova.
symbat@gmail.com
Аңдатпа. Шығыс-Қазақстан облысы, Күршім ауданында 2016 ж. жүргізілген зерттеу жұмыстарының 
нəтижесінде ортағасырлық көшпелілердің қару-жарағы мен ат-əбзелдері жайлы мəлімет беретін 
материалдар табылды. Салыстырмалы-типологиялық сараптама барысында морфологиялық
техникалық сипаттамаларына сəйкес жəне AMS
14
C сараптамасының (б.з. 660–770 жж.) негізінде 


942
Үлкен Алтай əлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 6(2) 2020 ISSN 2410-2725
табылған олжалар қимақ қоғамының ерте мəдени сатысына тиесілі екендігі анықталды.
Текстильдің технологиялық сараптамасы барысында микроскопияның оптикалық, электронды 
əдістері, құрылымдық ерекшеліктерін, тоқылу техникасын, сонымен бірге, текстиль талшықтарының 
идентификациялау, бояу түсі мен тəсілдерін анықтау үшін микрохимиялық əдістер қолданылды. 
Сонымен бірге, жерленген мəйіттің сүйек қалдықтарының негізінде палеогенетикалық сарапта-
ма жасалып, қазіргі уақыттағы гаплотиптермен салыстырмалы түрде қарастырылды. Жерлеу 
ескерткішінен табылған қару-жарақ пен ат əбзелдеріне консервациялық жəне реставрациялық 
жұмыстар жүргізілді. Табылған заттардың салыстырмалы түрде тонаушылыққа ұшырамай жақсы 
сақталуы, бүгінгі күнде ортағасырлық элитарлы көшпелі жауынгер мен оның əскери жылқысының 
əбзелдерінің графикалық жаңғыртпасы жасалды.
Кілт сөздер: Шығыс Қазақстан, ортағасырлық көшпелілер, қимақтар, Аян, қару-жарақ, ат əбзелдері, 
текстиль, реконструкция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет