Қазақтың [й] әрпін түрік әліпбиінің [y] әрпімен салыстыру Тіл біліміндегі елеулі салалардың бірі - тілдердің туыстығын қарастыру. Туыс
тілдерді салыстыру арқылы көптеген зерттеулер жүзеге асып, оңды болған. Түр-
кі тілдері семьясының Батыс ғұн тобының, оның ішінде, оғыз тобының оғыз-
селжүк тармағына жататын түрік тілінің латын әліпбиіне көшу тарихы бізден
бір ғасыр алда жатыр. Түрік латын әліпбиі ресми түрде 1928 жылдың 1 қараша-
сында қабылданған. Демек, қазақ тіліне туыс боп келетін бұл тілдің қалыпта-
сып, орныққанына жүзжылдық толады. Қарастырып отырған [й] фонемасы
түрік әліпбиінде [y] ретінде таңбаланған. Оқылуы: [йе]. Ендеше, екі әріпті жа-
зылымда салыстырып көрейік. Қазақ тіліндегі сөздер [й] әрпінен басталмаған-
дықтан, бірден сөздің ортасындағы жағдайды қарастырамыз.
yayılım[йайылым] - жайылым
yayla[йайла] -жайла
kayak[кайак] - қайық
hayvan[хайван] - хайуан
bayrak[байрак] - байрақ
fayda[файда] - пайда
kaymak[каймак]- қаймақ
oyun[ойун] - ойын
Сөздің ортасындағы дифтонг әріптерге кірігіп кеткен [й] әрпін қарастырайық.
doymak[доймак] - тою [тойұу]
oymak[оймак] - ою [ойұу]
koymak[коймак] - қою [қойұу]
giyis[гийис] - киім [кійім]
niyet[нийет] - ниет [нійет]
Ал енді сөз соңында келген жағдайды қарастырайық.
çay[чай] - шай
saray[сарай] - сарай
ay[ай] - ай
kolay[колай] - оңай
üvey[үвей] - өгей
koy[кой] - қой
Қазақ тілінің негізі - сингармониясында жатыр. Қазақ халқының акустика-арти-
куляциялық базасы сөздердің бірізділігіне негізделген. [И] әрпі секілді дифтонг-
тарды айта білу қиындық туғызбаса да, ол қазақ тілінің емлесіне кері әсерін
тигізіп жатыр. Емленің қатеге толы болуы өзге ұлттардың тілімізді үйреніп,
тілімізді әлемге танытпақ түгілі қазақтың өзіне тілін үйрену не жітік білу
қиынға соғады. Емлемізді қатеге толтыратын әріптерді саналы түрде тілімізден
жойғанымыз абзал. Соңғы келтірген үлгідегі әліпбиді қолдай отыра, барлық эле-
менттерінің орынды екенін байқаймыз. [Й] фонемасының [y] ретінде жазылуы
жазу үрдісі үшін де әліпбидегі тұтастық үшін де пайдалы. Түркі тілімен салы-
стырғанда да бұл тұжырымның қаншалықты дұрыс екенін ұғамыз.