Миралықызы А.
ҚАЗАҚ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕГІ «Й» ФОНЕМАСЫНЫҢ ТАҢБАЛАНУЫ
(Қаскелең қ. Сулейман Демирел университеті, Педагогикалық және гуманитар-
лық ғылымдар факультеті, Қолданбалы филология білім беру бағдарламасы)
Аңдатпа.
Мақала қазақ тіліне енген кірме «и» дифтонгы мен «й» әрпінің тілдегі
көрінісін айқындайды. Латын әліпбиінің бұрынғы үлгілері негізінде тұжы-
рымды жаңа үлгісін ұсынады. Туыстас түрік тілімен салыстыру жүргізу арқылы
түрік латын әліпбиіндегі «y» әрпі мен қазақтың «й» әрпінің үндестігін
анықтайды. Неліктен «й»-ді латын әліпбиінде «y» әрпімен белгілеу керек екен-
дігі жайлы айтылады.
Тірек сөздер:
қазақ тілі, латын әліпбиі, фонема, сингармониялық заңдылық.
Кіріспе
Сөйлеу тілінің ауызша және жазбаша болып екіге бөлінетіні бәрімізге белгілі.
Біздің өмір сүріп жатқан дәуірімізде жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тіліне
қарағанда дәлелді, нақты болып саналады.
Сондықтан, қазақ үшін жазба тілі,
оның ішінде, латын әліпбиіне көшу мәселесі - өзекті мәселе. Назарымыздағы
латын әліпбиінің соңғы нұсқасынан (2017 жылғы нұсқасы)
бұрын
Прези-
дент
Қасым-Жомарт Тоқаев қайта қарауға шақырған үш нұсқасы болды. Үш рет
жаңартылып шыққан латын әліпбиінің соңғы үлгісі де тілші-ғалымдар мен тіл
жанашырлары арасында көптеген дау туғызып отыр.
Негізгі бөлім
Ғалым-фонолог Әлімхан Жүнісбектің классификациясы бойынша сингармония-
лық заңдылыққа бағынған тілімізде 3 дауысты [а],[ы],[о] сингема, 17 дауыссыз
[б,д,ғ,ж,з,й,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш] сингема бар. Бұл классификацияға сүйенсек,
и,
у, я, ю, щ
әріптері тоталитарлық тіл емле-ережелерінің салдарынан енген кірме
әріптер саналады. Біз бұл әріптердің қазақ емле-ережесін, буын жүйесін, үндес-
ім әуезін бұзатынын құптаймыз. Дәлірек айту үшін, [и] әрпін алайық. Бірін-
шіден, дыбыс үндестігіне бағынған тіл болғандықтан
қазақ тіліндегі сөздер
бірыңғай жуан не жіңішке болуы шарт. Мысалы, илану[ыйланұу], миы[мыйы]
сөздері бұл заңдылықты түбегейлі бұзып тұр. Екіншіден, қазақ тілінде буын да-
уыстыдан басталмайды. Ми-ы, жи-і сөздері бұл заңға бағынбайды. Бұл буын
жүйесінің және тасымал ережесінің бұзылуының айқын дәлелі. Бағынуы үшін
мы-йы, жі-йі болуы керек. Осылайша [и] әрпінің қазақ сөздері үшін жат екенін
айтуға болады.
Тағы айтар болсақ, не үшін жазылымда сөз [ми] деп жазылып
жіңішке болса, айтылымда [мый] ретінде дыбысталады? Кирилл әліпбиінің ди-
фтонг [и]
әрпін қазақшаласақ, екі түрді береді: бірі жуан буындар үшін [ый],
бірі жіңішке буындар үшін [ій]. Сонда, жиған емес [жыйған]; тиын емес [тый-
ын]; жиын емес [жыйын]; қиын емес [қыйын]; тиін емес [тійін]; иін емес [ійін];
иірім емес [ійірім] болады.
Жоғарыда айтып өткен тұжырымымыз қазақ тілінің емлесін дұрыстай отырып,
әліпбиіміздегі кірме әріптердің санын азайтып, тұтастыққа әкеледі. Сондықтан
іргетасын салып жатқан латын әліпбиімізге де и әрпін енгізудің қажеті жоқ деп
есептейміз.
Қазақ латын әліпбиінің 2017 жылы ұсынылған үлгісінде [и] және [й] әріптерін
[I’i’] түрінде берген. Бір дифтонг және бір фонеманы бір ғана әріпке сыйдыру
әліпбиді сауатсыздыққа жығып бергенмен тең. Дәйекшемен жазу жазылым үр-
дісінде әдеттегіден көп уақыт алғандықтан, жаңа
латын әліпбиінде төл дыбы-
старымызды ноқатпен белгілеу тиімдірек. Сонымен қатар, бұл үлгідегі басты
өрескел қате - дәйекшесі бар әріптің өз тұлғасына ұқсас дәйекшесіз әріппен еш
қарым-қатынасы болмауы. [Ii] і ретінде берілсе [I’i’] и,й ретінде берілген. Ал і
фонемасының жуан түрі ы мүлде басқа әріппен белгіленген.
Жалпы айтқанда,
әріптің жуан және жіңішке сыңарының жазуда бір-біріне ұқсауы әліпбидің
бірізді әрі үйренуге, түсінуге оңай болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан осын-
дай қателерден алыс болуымыз керек.
2018,2019 жылғы үлгілерде де жоғарыда айтылған қателер қайталанған.
Соңғы 2021 жылғы ресми үлгіде аталмыш
әріптердің тек орындары ауысып,
керісінше жазылғандығы мәлім.
Жоғарыда айтылған барлық қателіктерді ескере отырып, тіл жанашырларының
қалыптастырған үлгісін ұсынғым келеді.
Заманауи тіл мамандарының тобы «Qazaqgrammar» жобасының жасаған бұл үл-
гісі біздің барлық кемшіліктерімізді толықтырып, талаптарымызды қанағаттан-
дырады. [Iı] әрпі өзіміздің жуан [ы] дыбысын белгілесе, [İi] әрпі жіңішке [і] әр-
пін береді. Жоғарыда айтылған қателіктердің бұл үлгіде орын алмағандығын
байқауға болады, яғни жуан фонема түпнұсқамен белгіленіп, фонеманың жіңіш-
ке варианты түпнұсқаның ноқатпен жазылған түрі. Бұл әліпбидің жеңілдігінің,
тығыздығының көрсеткіші. [Yy] әрпін [й] фонемасының негізінде алған. Жазу
емлесін бұзатын и кірме дифтонгы негізге алынбаған.
Сондықтан бұл нұсқа
құптауға тұрарлықтай.