Міреев, Ж. Темірбеков эпидемиология Жалпы эпидемиология 1 т о м алматы жоғары аттестациялық комиссияның баспа орталығЫ 2000


  Препараттар,  оларды  алу әдістері



Pdf көрінісі
бет33/46
Дата06.03.2017
өлшемі31,46 Mb.
#8194
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46

2.  Препараттар,  оларды  алу әдістері

Вакциналарды еккеннен кейін кейбір жағдайда бірнеше жыл сақ- 

талатын белсенді иммунитет, ал кей жағдайда тек қана қысқа мерзімці 

қабылдамаушылық (6—12 ай) пайда болады.  Белеенді иммунизация- 

лаудан  кейін  вакцина  егілген  адамның  организмі  сол  аурудың  қоз- 

дыргышына толық  немесе  ішінара  қабылдамаушылық  қасиетке  ие 

болады.

Иммунды  сарысулар,  иммундыглобулиндер  қодцанғанда  (яғни 



енжар иммунизациялауда),  вакциналарды пайдаланганга қарағанда, 

иммунитет  жылдам  пайда  болады,  бірақ  үзаққа  созылмайды.  Адам 

организміне енгізілген қарсыдснелер өздерініц қорғаныштылық қа- 

сиетін тек  қана  2—4 апта  мерзімде  сақтай  алады.

400


Ауру қоздырғыштарынан  вакцин алық  штамдар  алу үшін  қолда- 

нылатын  өдістер  үш топқа  бөлінеді:

1.  Қолайсыз  факторлардың  өсері  арқылы  қоздырғыштардың 

вируленттілігін  жасанды  жолмен  өлсіретіп  жөне  ыңғайлы  (қажетті) 

штамдарды  сүрыптау  (селекциялау)  өдістер  негізінде  бактериялар- 

дан тірі  вакциналар  алу  үшін  пайдаланылады.  Қолайсыз  факторлар 

ретінде  қолданылатындар:  дақылды  қайталап  сеппей,  үзақ  сақтау, 

дақылдандырудың температуральгқ тәртібін  өзгерту,  қорекгік  сапа- 

сы төмен орталарда өсіру, дезинфекциялық заттармен өсер ету, өзіне 

төн  фагтарды  қолдану,  иммунды  сарысулармен,  рентген  жөне 

ультракүлгін  сөулелермен  өсер  ету жөне т.  б.

Вируленттігі ең төмен, ал иммуногендігі жоғары штамдарды ірік- 

теп алу өзгергіштік процесінің жылдам аяқталуына мүмкіндік береді, 

Өйткені  ол  микроорганизмдердің  барлық  популяциясының  бірдей 

өзгеруіне жол бермейді.  Мысалы, түйнеме  ауруының қоздырғышын 

осындай  өдіспен  дақылдандыру  нөтижесінде  Н.  Н.  Гинсбург  адам- 

дарды иммунизациялауға жарамды жаңа вакциналық штамды тапты. 

Эльберт және Гайский (1947 ж.) дақыдды “қартайту”  (“ескірту”) өдісі- 

мен  туляремия  қоздыргышының  авирулентті  штамын  алды.  Осын­

дай  өдістерді пайдаланып,  Кальмет және  Герен  1921  жылы туберку- 

лезге  қарсы  (БЦЖ),  Жирар  жөне  Робик  -   обаға  қарсы  вакцинаны 

(1963  ж.)  жасады.

2.  Қабылдамайтын  немесе  қабылдаушылығы  аз  жануарлардың 

организміне  қоздырғыштарды  бейімдеу  (адаптациялау)  жөне  мик- 

роорганизмдерді  тауық  эмбрионында  немесе  клетка  дақылдарында 

пассаждау (жүқтырып өсіру)  әдісгері вирустардан немесе риккетсия- 

лардан тірі вакциналар дайындау үшін қолданыдцы. Осындай өдіспен 

вирустардан  қүтыру  ауруына  қарсы  (Пастер,  1885),  гриппке  қарсы 

(Соколов,  1966),  қызылшаға  (Смородинцев,  1960),  полиомиелйтке 

(Сэбин,  1957),  сары  қызбаға  (Пастер  институты,  1938),  риккетсия- 

лардан  -   бөртпе  сүзекке  (Кампо  жөне  Каллардо,  1943),  Ку-қызба- 

сына  (Генин,  1960)  қарсы  вакциналық  штамдар  алынды.

3.  Тірі  вакциналар  дайыңцау  үшін  елеулі  өзгеріссіз  қолда  бар 

микроорганизмдер  коллекциясынан авирулентті  штамдарды  ірікгеп 

алу  әдістері  (шешекке  қарсы  вакцина,  түйнеме  ауруына  қарсы  -  

СТИ-І  вакцина т.  б.)  қолданылады.

401


Жүқпалы  аурулардан  иммунды  өдіспен  сақтану  үшін  қодданы- 

латын препаратгар үш топқа бөлінеді:  1)  белсеңді (активпі)  иммунитет 

қоздырушылар; 2) енжар (пассивті) иммунитет туғызушылар; 3) мик­

роб жүққан  организмде  қоздырғыштың өсіп-өнуін тоқтататындар.

Белсенді  иммунитет  жасау  үшін  қолданылатын  препаратгарға 

вакциналар  мен  анатоксиндер  жатады.  Енжар  (пассивті)  қорғаныс- 

ты сарысулар мен иммундыглобулиндер қамтамасыз етеді. Организм­

де  қоздырғьшпың  көбейіп,  дамуын  токтататьш  препараттарға  ин­

терферон  жатады.

Вакциналардың  қүрамында  қоздырғыштардьщ  антигендері  бо- 

лады.  Микроорганизмдерден  антигендер  қандай  төсілмен  бөлініп 

алуына байланысты вакциналар бірнеше түрлерге бөлінеді: тірі, инак- 

тивацияланған,  суббірлікгі  синтетикалық жөне  антиидиотиптілер.

Тірі  вакциналар  дегеніміз  —  вируленттілігі  жойылған  немесе 

өлсіздендірілген,  макроорганизмде  көбею  жөне  белсеңді  жасанды 

иммунитет  қоздыру  қабілеттілігі  сақталган,  бірақ  ауру  туғыза  ал- 

майтын  микроорганизмдердің  тірі  аттенуацияланған  штамдары  бо- 

лып табылады.  Туберкулезге,  обага,  бруцеллезге,  түйнемеге,  паппа- 

тачи  қызбасына,  сары  қызбаға,  қорасан  шешекке,  полиомиелитке, 

қызылшаға,  мысқылға (эпид.паротит),  гриппке, кене энцефалитіне, 

қызамыққа,  бөртпе  сүзекке,- Ку  қызбасына  қарсы  вакциналар  тірі 

вакциналарга жатады.

Баска иммунды алдын алу препараттарына қарағанда тірі вакци- 

налардың тиімділігі  айтарлықтай  жоғары  болады.

Инактивациялаган  вакциналарды  химиялық  немесе  физикалық 

өдістермен микроорганизмдердің белсенділігін жою, яғни өлтіру жо- 

лымен  алады.  Алдын ала вируленттілігі күшті жөне иммуногеңділігі 

жогары  штамдар  ірікгеп  алынады.  Осы  қатарға  жататын  препарат- 

тардьщ алгашқылары микроорганизмдер суспензиясын қыздыру ар- 

қылы (“қыздьгрьшган вакциналар”),  фенолмен өңдеу (фенолды вак­

циналар)  формальдегидпен эсер ету (формалды немесе  анавакцина- 

лар),  алкогольмен  (спиртті  вакцина),  ацетонмен  өңдеу  (ацетонды 

вакцина)  арқылы дайындалған. Микроорганизмдер инактивизация- 

ланғаннан  кейін  дайындалған  препараттар  химиялық  агенттерден 

тазартылады. Дайын вакциналарды консервациялау үшін  оларға та- 

зартылған фенол немесе натрий мертиолягының өлсіз ертіндісі косы-



402

лады.  Соңғы  жылдары  инактивациялау бетапропиолаістонмен жөне 

физикалық  факторлармен  (ультрадыбыс,  гаммасәуле,  ультракүлгін 

сәулелер)  өсер  ету өдісімен жүргізіледі.

Тірі вакциналарға Караганда инактивацияланган вакциналардың 

иммуногенділігі  төмен  болады.  Сондықтан  мүндай  вакциналарды 

организмге  бірнеше  қайтара  енгізу  қажст  (өдетте  2 -3   қайтара).  Екі 

қайтара  енгізу  3—4 аптада,  ал  үш  қайтара енгізу -   7—10  күн  аралы- 

гында жүргізіледі.

Бұл топқа көкжөтелге, іш сүзегі мсн парасүзекке, қүтыруға, лепто- 

спирозга,  гриппке,  үш ыққа  (герпес),  тырысқаққа,  Ку  қызбасына, 

бөртпе  сүзекке,  кене  энцефалитіне,  омбылық  геморрагиялық  қыз- 

басына қарсы қолданылатын вакциналар жатады. Олардың көпшілігі 

төжірибеде  кеңінен  қолданылады.

Бактериялардан иммуногендік қасиеті жоғары деңгейде сақтала- 

тын  толық  антигендер  алу  химиялық  вакциналар  қүрастыру  мен 

жасаудың негізін қалады.  Вакцина дайындаудың мүндай өдісі бүтін 

микроб  клетка сын,  оның  басқа  құрамбөлшекгерден  тазартылған 

күрделі гликолипопротеидті кешенімен алмасгыруға мүмкіңдік берді. 

Толық  антигендерді  егу үшін  пайдалану вакцинаның  қүрамындағы 

өте  мацызды  иммуногенді  заттарға  жататын  соматикалық  антиген- 

дердің деңгейін жоғарылатып, оның иммуногендік өсерін күшейтеді. 

Сонымен бірге талых антигендерді қолданғанда микроорганизмдердің 

қүрамында  болатын  жөне  инактивацияланган  вакциналарда сақта- 

латын  организмге  зиянды,  аллергиялық  реакция  қоздыратын  зат- 

тектерда  қүтылуға болады.

Химиялық  вакциналар -  жүқпалы  аурулар  қоздырғыштарының 

клеткаларынан  немесе  олардың  бөлшекгерінен  арнайы  химиялық 

немесе ферменттік өндеу жолымен бөлініп алынған,  ерітілген анти- 

гендерден түрады. Осындай жолмен алынған кешендер суда ерімейтін 

заттарға  сідіріледі  (алюминий  немесе  фосфат  гидроксиді).  Заттек- 

терден  барынша  қүтылу ультрадыбыстың,  центрифугалардың,  хро- 

матографияның,  кейбір  химиялық  агенттердің  көмегімен  тазар- 

тылады.

Осындай вакцинаны адам ағзасына енгізгенде депо (қор, жинақ) 



пайда болады  да,  сол жерден ол  баяу сіңіп,  препараттың иммундық 

қасиетін күшейтеді.  Баска препараттармен, мысалы, сіреспе анаток-



403

синімен  араластырылмаған  жагдайда,  олар  организмгге  бірақ  рет 

енгізілуі  мүмкін.

Қазіргі  кезде  менингитке,  іш  сүзегіне жөне  парасүзекхе,  бөртпе 

сүзекке, гриппке жөне обаға қарсы химиялық вакциналар өңдіріледі 

жөне  қодданылады.

Анатоксиңцер -  улы қасиетінен айырылған, бірақ антиіендік жөнс 

иммундьіқ  қасиетін  сақтаған  бактериялардың зарарсыздандырылган 

экзотоксиндері.

Кейбір  жүқпалы  аурулар  кезінде  (дифтерия,  сіреспе,  т.  б.)  қоз- 

дырғъшггарының өзіне  қарсы  емес,  олардың,  антигендік қасиеттері 

бар,  уларьша  қарсы  жасанды,  белсенді  иммунитет  қоздыруга  бола- 

ды.  Қарсыулық  препаратты  алу  үшін  уды  өңдеген  кезде  ол  улық 

қасиетін  жойып,  антигендік  қасиетін сақтауы  қажет.

1923 жылы Рамон бактериялық уларды зарарсыэдандырудын жаңа 

өдісін  үсынды.  Сүйық  ортада  (сорпада)  өсірілген  бактерия  дақы- 

лынан экзотоксины (сыртқыуы) бар клеткалық фильтрат алады. Оны 

зарарсыздандыру  үшін  бірнеше  апта  бойы  39-40  °С  жағдайда  фор­

мальдегид ертіндісімен  өңдейді.  Осындай  препарат нативті  (табиғи) 

анатоксин деп аталды.  Бірақ оның қүрамында қоректік ортадан ара- 

ласқан  заттектердің  көп  болуына  қарай  организмге  енгізген  кед  г 

жалпы жөне жергілікті жагымсыз реакциялардың пайда болуы мүмкі 

Сондықтан  препаратты  физикалық  және  химиялық  өдістермен  т^ 

зарту  қажет  болады.  Иммундық  мөлшерін  (дозасын)  азайту  үшіь 

тазартылған анатоксин қоюландырылады.  Осындай жолмен дайын- 

далған  анатоксинің  иммундық  қасиетін  күшейту  үшін  препаратты 

алюминий  гидроксидіне адсорбциялайды.

Анатоксиндерді макроорганизмге бірнеше қайта енгізеді.  Қазіргі 

кезде  анатоксиндер  дифтерияға,  сіреспеге,  газды  гангренаға,  боту- 

лизмге,  тырысқаққа,  стафилококкты  инфекцияларға  қарсы  пайда- 

ланылады.

Қүрамында  бір  микробтың  антигені  бар  препараттарды  моно­

вакцина  (моноанатоксин)  деп  атайды,  егер  бірнеше  микробтардың 

антигендері  болса,  оны  поливакцина,  қисындастырылған  немесе 

іліктестірілген  вакциналар  деп  атайды.  Әр  түрлі  моновакциналар- 

дьщ  саны  көбейіп  келеді,  осыған  орай  егу  жүмысын  жүргізуде  ай- 

тарлықтай  қиындықтар  кездесіп  отыр.  Осыған  байланысты  бір



404

мезгілде бірнеше хұқпалы  ауруларға қарсы  сгуге мүмкіндік беретін 

іліктестірілген  препараттар жасауға көбірек көңіл  бөліне  бастады.

Тәжірибеде қолданылатын іліктестірілген препараттарға жататын- 

дар:  адсорбцияланған  көкхөтел-диф терия-сіреспе  вакцинасы 

(АКДС),  адсорбцияланған  дифтерия-сірсспе  анатоксин!  (АДС),  іш 

сүзек және парасүзекгің А жөне В түрлерінс қарсы үшвакцина (три- 

вакцина),  қүрамында сіреспеге қарсы анатоксині бар,  сүзекке және 

парасүзектің  А  жөне  В  түрлеріне  қарсы  төртвакцина  (тетравакци­

на),  ботулизмге  қарсы  үшанатоксин  (трианатоксин),  ботулизм  мен 

сіреспеге қарсы төртанатоксин (тетраанатоксин),  ботулизм мен газ- 

ды гангренаға  қарсы  бесанатоксин  (пентаанатоксин),  ботулизм мен 

газды  гангренаға жөне  сіреспеге  қарсы  алты  анатоксин  (секстаана- 

токсин). Олардан басқа кейбір зоонозды инфекцияларга қарсы (бру­

целлез,  түйнеме,  туляремия,  оба)  жөне  т.  б.  да  балаларда  болатын 

инфекцияларга  қарсы  (қызылша-ь паротит,  қызылша+паротит+қы- 

замық,  т.  б.)  іліктестірілген  вакциналар бар.

Вакцина енгізгеннен кейін иммунитет біраз уақыт өткеннен соң 

пайда болады.  Соңдықтан  қандай да болмасын,  инфекциядан жыл- 

дам  қорғану  қажеттілігі  болтан  жағдайда  иммундаудьщ  енжар  түрі 

қолданьілады.  Жасанды енжар иммунитет макроорганизмге инфек­

ция қоздырғышына немесе оның уына қарсы қарсыденелер бар пре­

парат  енгізу  жолымен  атқарылады.  Ондай  қасиет  тиісті  инфекция- 

мен ауырып түрган немесе  сол инфекцияға қарсы жасанды өдіспен 

иммунизацияланған адамдар мен хайуанатгардың қан сарысуларында 

болады.  Осындай  сарысулардың  қүрамында  патогенді  қоздырғыш- 

тар мен олардың уын бейтараптай алатын дайын қарсыденелер  бар. 

Қарсыденелер қан сарысуының глобулиндерімен тығыз байланысты 

болғандықтан,  қарсыденелерге  қатысы  ж оқ  қүрамбөлікгерден  та- 

зартылған  глобулиндерді  пайдалануға  болады.  Төндік  сақтану  мақ- 

сатыңда сарысулар мен гамма-глобулиндерді қолдану жылдам, бірақ 

бүл өрекет инфекциядан қорғаушылықтың үзаққа созылмайтын түрін 

ғана туғызады.  Ондай  иммунитет бірнеше  күннен  4 -6   аптаға дейін 

ғана сақталады. Сарысулар мен глобулиңдер эсер ету объекгісіне к а ­

рай үш топқа бөлінеді: бактерияға қарсы, уға қарсы, вирусқа қарсы. 

Сарысулар  мен  глобулиндер,  негізінде,  емдеу  үпіін  қолданылады, 

кей  кезде  алдын  алу  мақсатыңда  да  пайдаланылады.  Сарысуларды

405


алдын  алу  мақсатында  қоздырғыш  ж ұққан  жағдайдың  бастапкы 

кезінде,  яғни  инфекцияның  жасырын  кезеңінде  қолданады.  Сон- 

дықтан енжарлық иммунизациялау инфекция көзімен жанасқан адам- 

дардың арасыңда жүргізіледі. Серологиялық алдын алу аурудың жасы­

рын  кезеңінің алғашқы  күндерінде  қолданғанда тиімді  болады.

Бұрын тиісті жүқпалы аурулармен науқастанған кеселден айық- 

қан  иммунитеті  бар  адамнан  алынған  сарысулар  (глобулиндер)  -  

гомологиялық  деп  аталады.  Олардың  барлық  дозасын  бірден  тері 

астына,  бүлшық  етке  немесе  тамырға  енгізуге  болады.  Сарысулар- 

дың басқа түрін гипериммунизацияланған хайуанаттардың, көпшілік 

жағдайда жылқылардың қанынан дайындайды.  Ондай препараттар- 

ды — гетерологиялық деп атайды.  Оларды пайдаланғанда анафилак- 

тикалық естен тану (шок) дэмуынын; болу мүмкіндігін естен шығар- 

мау  керек.  Ондай  жағдайды  болдырмау  үшін  препаратгы  Безредка 

өдісімен — “десенбилизациялаудан” кейін енгізу керек. Ол үшін алды- 

мен  1:100 есе сұйытылған жылқы сарысуының 0,1  мл-ін тері астына 

енгізеді  де,  20  минут  организмнің  реакциясын  байқайды.  Егер  де 

препарат енгізген жер қызарып, диаметрі  10 мм жөне одан да үлкен 

болса, реакция оң нәтижелі деп есептелінеді.  Реакция теріс нөтижелі 

болған жағдайда препаратгың 0,1 мл-ін тері асш на енгізещ. Егер 30 ми­

нут  бойы  ешқаңдай  жағымсыз  реакция  байқалмаса,  препараттың 

қалған  мөлшерінің  бөрін  енгізеді.  Теріішілік  сынама  оң  нөтижелі 

болғанда, сарысуларды қолданбаса, науқастың өміріне тікелей қауіп 

төнуі  мүмкін  болған жағдайда ғана ондай  препаратгарды  қолдануға 

тура  келеді.  Ол  үшін  алдымен  теріішілік  сынамаға  пайдаланылған- 

дай,  сүйытылған  сарысудың  0,5;  2  жөне  5  мл-ін  20  минут  аралық 

уақытын  сақтап, тері астына енгізеді.  Осындай  әдіспен енгізу науқ- 

асты  десенсибилизациялайды,  яғни  оның  сарысуға  сезімтаддығын 

бөсендетеді.  Осы  мөлшерлерге  ешқандай  реакция  болмаса,  сүйы- 

тылмаған  емдік  сарысудың 0,1  мл-ін,  сонан  соң  30  минуттан  кейін 

тағайындалған барлық мөлшерін тері астына енгізеді.  Емдік сарысу- 

дың жоғарыдагы  мөлшерінің біреуіне жағымсыз  реакция болса,  он­

дай  сарысуды  наркоз беріп  еніізеді.  Бүл жағдайда  қодца  адреналин 

немесе  эфедрин қүйылған  шприц дайын түруы  керек.

Гетерологиялық препараттардан затгекті белоктарды арылту, са- 

рысулардың  тиімділігін  күшейту  жөне  қүрамында  төндік  қарсыде-



406

нелер  жоғары  деңгейдегі  прспараттарды  алу  үшін  оларды  өндіру 

процесі  кезінде  диализдеу  жөне  фермештеу  өдістерінің  көмегімен 

тазартуды  қажет  етеді.  Бірақ,  ақырғы  өнімнің  құрамында  заттекті 

белоктардың  сақталуына  байланысты  препарат  реакгогеңді  болып 

қала  береді,  ал  белсенді  пепсиннен  толық тазартылмау  препаратты 

сақтау  кезінде  ферменттің  өсері  өлі  тоқтамағандықтан  қарсыдене- 

лер деңгейінің азаюьша  өкеп  соғады.

Гомологиялық препаратгар донорлардың қанынан, әйелдер босан- 

ғандағы плацента сығындысынан (экстрактысынан) жөне аборт жаса- 

ғанда кететін қаннан дайыңцалады. Олардан сарысулар алынып мұзда- 

тылады,  содан соң гамма-глобулиндік фракциясы  бөлініп  алынады.

Құрамындағы  қарсыденелерге  байланысты  иммундыглобулин- 

дердің төндік әсерінен  басқа төнсіздік қасиеті де  бар.  Препараттың 

емдік  мөнісі  — оның  аллергияға  қарсы  белсенділігі  (клеткалар  мен 

тіндердің аллергендермен сенсибилизациялануына кедергі жасайды) 

мен  аллергиялық  реакиялар  медиаторларының  (гистамин,  ацетил­

холин,  серотонин)  бейтарапталуында. Төжірибеде аллергияға қарсы 

иммундыглобулин препараты — гистаглобулин қолданылады. Түсік- 

тік-плаценталық препараттар қалқанша бездің жүмысын күшейтеді. 

Иммундыглобулиндердің интерферогендік эсер ету қабілеттілігі бар, 

кейбір  антилендердің иммундық жауап деңгейін  күшейіеді.

Сарысуларды тамырға енгізгенде иммунитет бірден, ал тері асты- 

на және бүлшық етке енгізгенде — 12-24 сағаттан кейін пайда бола- 

ды.  Айта кету қажет,  серологиялық  алдын  алу мақсатында  гомоло- 

гиялық препараттар қолданғанда иммунитеттің үзақтығы — 6 аптага 

дейін  созылады,  ал  гетерологиялық  препараттардың  қорғаушылық 

қасиеті  1 -2   апта  мерзіміне  ғана жетеді.

Қазіргі кезде жасанды енжар иммунитет қоздыру үшін төжірибеде 

мынадай  препараттар  пайдаланылады:  қызылшаға,  гриппке,  кене 

энцефалитіне, қүтыру ауруына, көкжөтслге, менингокоюсгы инфек- 

цияға, лептоспирозға, сіреспеге, стафилококкты инфекцияларға қар- 

сы -   гомологиялық иммундыглобулиндер; түйнемеге қарсы -   гете- 

рологиялық  иммундыглобулин;  газды  гангренаға,  ботулизмге,  диф- 

терияға  қарсы  -   гетерологиялық сарысулар.

Дифтерия,  көкжөтел,  сіреспе,  қызылша,  гепатиттің  В  түрі,  ту­

беркулез  жөне  полиомиелит  сияқты жүқпалы аурулармен  күресуде

*  





•  

» 



•  

• 



жоспарлы иммунизациялау шешуіш жөне тиімді шаралардың непзпсі

407


болды. Жоспарлы түрде егу жүргізудің нөтижесіңде  1958-1972 жыл- 

дар  арасында полиомиелитпен  сырқаттанушылық  125,3,  дифтерия- 

мен  -   369,  қызылшамен  -   5,6,  көкжөтелмен  -   23,1  есе  азайтылды. 

Осы кезде аталған инфекциялардың кейбіреулерінен өлім-жітім өжеп- 

теуір төмендеді  (дифтеридцан  — 23,3,  көкжөтелден — 25,  сіреспеден 

2,6  есе).  Ж үқпалы  ауруларға  қарсы  тәндік  сақтану  шараларын 

жүргізудің  әлемдік  төжірибесін  жөне  оны  экономикалық  дамыған 

елдерде жүргізудің күмөнсіз жетістікгерін ескере отырып,  1974 жылы 

ДЦҮ жаңа бағдарлама -  Иммунизациялаудың кеңейтілген бағдарла- 

масын (ИКБ-РПИ) жасауға кірісгі. ИКБ-ны белсенді түрде іске асыру 

1977 жылы басталды.  Сол кезде  1990 жылға дейін дүние жүзіндегі өр 

баланы  иммунизациялауға қажетті жағдайды қамтамасыз ету жолы- 

мен қызылшадан, дифтериядан, көкжөтелден, сіреспеден, полиоми- 

елиттен, туберкулезден сырқатганушылық пен өлім-жітімді азайтуға 

багытталған бағдарламаның  ұзақ  мерзімді  мақсаты түжырымдалды. 

Сонымен  бірге  осындай  мақсатты  іске  асыру үшін  жеткілікті дөре- 

жеде сынақтан өткен шаралар анықталған болатын: олар — иммуни- 

зациялаудың үлттық бағдарламасын жасау үшін ДДҮ-ға мүше мем- 

лекеттерге  көмек  беру;  барлық деңгейдегі  үлттық мамандарды дай- 

ындау; үлтгық бзғдарламаларды жабдықтармен,  вакцинамен  көлік- 

пен  және  т.  б.  қамтамасыз  етуге  көмек  беру;  вакциналарды  сақтау 

жөне  тасымалдау  жүйесін  жасау;  иммунизациялаудың  үлттық  бағ- 

дарламаларьш іске асыруға түрақты түрде бақылау жасау жөне жүқпа- 

лы  ауруларға  қарсы  сақтану  шараларының  тиімділігін  күшейтуге 

бағытгалған ғылыми зерттеулерге қолдау жасау. Алға қойылған мақ- 

сатқа  жету  үшін  ИКБ  (РПИ)  үлттық  денсаулық  сақтау  жүйесінің 

басқа салаларымен байланысқан (интеграцияланған) түрақты жүмыс 

істейтін қызмет мекемелерін құруды және дамытуды көздейді (алға- 

шқы медициналық-санитарлық көмек, аналар мен балалардың ден- 

саулығьш қорғау жөне басқалар).  Интеграция дегеніміз -  егу жүргізу 

үшін әр елдегі қолда бар денсаулық сақтау құрылымдарын пайд ала­

ну.  Ол  тиісті  мекемелердегі  медицина  қызметкерлерінің  байыргы 

міндеттерінің біріне айналуы керек.  Сонымен бірге халықты егумен 

барынша қамту үшін  медициналық  қызмет етуден тыс  қалган жер- 

лерге  барған  кезде  егу жүмыстарын  жүргізу үшін  осыддай  медици- 

налық мекемелердің қызметкерлерінің мүмкіндігін пайдалану керек.

408


ДЦҮ-ға  мүше  мемелекеттердің  барлығы  өз  елдерінде  ИКБ-ны 

шын  мөнінде  жүзегс  асыруға  қатысады  жөне  бағдарлама  мақсатын 

орындау  үшін  халықаралық  медициналық  қоғамдастықтардың, 

мемлекеттік  емес  жөне  қоғамдық  қүрылымдардың,  саяси  қайрат- 

керлер  мен  ғылыми  мекемелердің қызметін  нығайтудағы ДЦҮ-ньщ 

әрекетін белсенді түрде  қолдайды.

Бүл  бағдарламаны  орындауға  экономикасы  дамыған  елдер  де 

кірісті, себебі соңғы жылдары жұқпалы аурулардан болатын сырқат- 

танушылық пен өлім-жітімнің төмеңдеу процесі тоқтагандай  болып 

түр.  Ол  бір  жағынан,  вакциналық  алдын  алу  мәселесіне  жеткілікті 

көңіл  бөлмеуге,  егу  жүмыстарын  жетілдіру  үшін  кешенді  шаралар 

жүргізбеуге байланысты.  Жөне бүл жүмысты атқару кезінде халықты 

егумен толық қамту ісінде кемшіліктер бар. Егер дс халықтардың 90— 

95  %-ы декрстте  көрсетілгсн  мерзімдерде  егумен толық қамтылмаса, 

айтарлықтай және түракты нөтижеге қол жеткізу мүмкін еместігін егу 

жүмысьш жүргізудегі отандық және шетелдік төжірибе көрсетіп отыр.

Жүқпалы  аурулардан  иммундық  әдіспен  алдын  ала  сақтану  -  

негізгі төсілдің бірі,  ал кейбір жағдайда ол жүқпалы аурулардан сақ- 

тануда,  індетгі азайтуда жөне жоюда тиімді шаралардың ең бастысы 

болып табылады. Егу жұмысын жүргізуде иммунизациялау жарактарын 

дұрыс тандай  білудің жөне  олардъі тиімді қолданудың маңызы  зор.

Терапевтер мен балалар дәрігерлеріне егу үшін мүмкіндік беретін 

көрсеткіштерді  ескеру,  қарсы  көрсеткіштерді  анықтау жөне  сгу жа- 

салатындардьщ анамнезін жинауда маңызды мөселелерді шешуге тура 

келеді.

Қазақстан  Республикасыньщ  Үкіметі  еліміздің  түрғындарының 



санитарлық-эпидемиологиялық ахуалына зор  көңіл  бөледі.  Мемле- 

кетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев “Халықтың санитарлық-эгш- 

демиологиялық  салауаггылығы  туралы”  Қазақстан  Республикасы­

ньщ Заңын қабылдады.  Бүл заңда халықтың санитарлық-эпидемио- 

логиялық салауаттылығын  қамтамасыз етудің қүқықтық,  экономи- 

калық  жөне  өлеуметгік  жақтары  анықталған.  Үкіметгің  Қаулысы- 

мен  1996-1998 жылдарға арналған  “Иммунды алдын алу”  мақсатты 

кешенді бағдарламасы бекітідці.

1998  жылғы  18  мамырда  “Қазақстан  Республикасы  азаматтары- 

ньщ   денсаулық жағдайларын  жақсартудың  бірінші  кезектегі  шара-

409


лары  тур алы”  Қазақстан  Ресгтубликасы  Президентш ід  Жарлығы 

шықты.  Эпидемиологиялық  ауыр  жағдайды  тоқтату  медициналық 

қызмет сапасын түпкілікті жақсарту, халыққа қызмет етудің көлемін 

көбейту  жөне  азаматтардың  денсаулығын  сақтаудың  конституция- 

лык қүқығын  іске  асыру мақсатында қаулы жарияланды.  Онда мы- 

нандай  мөселелер  атап  көрсетілген:

1)  5 жасқа дейінгі балаларды жаппай иммунизациялауға кідірмей 

кірісу;


2)  нәрестелерді  вирусты  гепатиттің  В  түріне  қарсы  егу,  ал  сыр- 

қаттанушылық  кең  тараған  аймақтарда  балалар  арасында  вирусты 

гепатитгің  А  түріне  қарсы  егу  жүргізудің  бағдарламасын  іске  асы- 

руга  кірісу;

3)  1998 жыл  мерзімінде ДДҮ  үсынған өдіс  бойынша туберкулез- 

бен  ауырғандарды  емдеу бағдарламасын  енгізу;

4)  жыл  сайын  нөрестелерді  иммунизациялаумен толық қамтуды 

қамтамасыз  ету;

5) осы  мақсатқа  қажетті қаржы бөлу.

Егу жүмысының тиімділігін іс жүзінде күшейту мақсатында вак- 

цинамен  алдын ала сақтанудың отандық жүйесі кейбір үйымдасты- 

рушылық  қағидаларын  озгертуді  қажет  етеді.  Осыган  байланысты 

педиатрлық жөне  санитарлық-эпидемиологиялық қызмет салалары 

арасында егу жүмысын атқарудағы жауапкершілікті өзара айқындап 

алудың қажет екені аян.  Егу жұмыстарын жоспарлауды жөне жүргізуді 

учаскелік дөрігер-педиатрға жүкгеу керек. Ол өзінің учаскесінде өрбір 

балаға уақытылы егу жүргізуге толық жауап беруі жөне де егу жүмы- 

сын жүргізу дөрігер-педиатрдың қызметін бағалаудың негізгі крите­

рий! деп  қаралауы  қажет.

Осыңдай жағдайда учаскелік дөрігер өз учаскесіндегі егу жасала- 

тын  балалардың  тізімін  күнделікті  бақылайды жөне  егу жоспарына 

қарай  кейінірек вакцинациялау үшін  уақытша қарсы  көрсеткіиггері 

бар балалардың арасында сауықгыру жүмысын дер кезінде жүргізеді. 

Елімізде  түрақты  қарсы  көрсеткіштері  барлардың  саны  бір  жасқа 

дейінгі  балалардың  арасында  1  %-дан  аспайды,  екі жасқа дейінгі  -  

1,28  %,  үш жасқа дейінгі -   0,77  %.  Осыңдай көрсеткіштерге  сүйене 

отырып,  балаларды  егумен  қамтуды  едөуір  көбейтуге  болады деген 

болжам айтуга негіз  бар.  Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке

410


жалпы  егу  жүмыстарының  атқарылу  барысын  бақылауды  жүктеу 

керек.


Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігінің 

“Республикада иммунды  алдын  алуды  жетілдіру туралы”  1995  жыл- 

гы  26  маусымдағы №  270 бұйрығы  бойынша еліміздің барлық айма- 

ғында егу күнтізбесі  енгізілді.

Қазақстан  Рес публика сын ьщ  егу  (вакцныациялау)  күнтізбесі

Жасы


БЦЖ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет