13
Оқушылардың оқу жетістігін бағалауды ұйымдастыру.
Таңдау курсын оқыту барысында оқушыларға тақырыпты бекіту
мақсатында үйге арнайы тапсырмалар берудің қажеттілігі жоқ.
Оқушыларға
мектеп курсындағы оқулықтардан немесе қосымша ақпараттық ресурстардан
өтілген тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланысты көрсететін, математикалық
түрлендіруді қажет ететін есептерді тауып, шығаруды ұсынуға болады.
Сонымен қатар математикалық білімді қолданатын мамандықтар каталогын,
картасын жасауды тапсыруға болады.
Кейбір тақырыптар бойынша
оқушының ойлау қабілетін, пәнаралық
байланысты іздеу, математикалық есептеулерді компьютерлік бағдарламалар
арқылы модельдеу мәдениетін дамытуға арнайы жаттығулар ұсынылады.
Оқушылардың өзіндік іздену әрекетін
ұйымдастыру құралы ретінде
реферат, баяндама, зерттеу жобаларын қолдануға болады.
Жобалау
жұмысының негізгі мақсаты-математиканың адам өміріндегі шынайы
қолданылуын танып білу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін
қажетті
ақпараттарды
жинақтау, маңыздылығына қарай сұрыптау, өңдеу;
математикалық білімді
қолданатын фактілер келтіру; қорытындыны белгілі
бір формада /бейнесюжет, фотосурет, иллюстрация, сызба, макет, т.б/ ұсыну
қадамдарын іске асыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: