Курстың мақсаты: Оқушылардың математика ғылымын адамзат
өміріндегі барлық салада қолдануға қажетті теориялық база ретінде
қабылдауына ықпал ету.
Курстың міндеттері:
математиканың жаратылыстану ғылымдарында, гуманитарлық салада,
өнерде, тұрмыста, өнеркәсіпте қолданылуы жайлы оқушылардың
түсініктерін кеңейту;
оқушылардың математиканы жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі
ретінде тануына ықпал ету;
қоғамдық прогресстегі математиканың маңызын түсінуге ықпал жасау;
математиканы практикада қолдану үшін нақты математикалық білімнің
және математикалық түрлендірудің қажеттілігіне сендіру;
оқушылардың математикалық білімдерін қолдану дағдыларын кеңейту
(жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралар, жуықтап есептеулер, өлшеу
жұмыстары, функциялар мен векторлардың қолданылуы, т.б.) ;
оқушылардың
ақпараттарды
математикалық
тілге
айналдыру
дағдыларын қалыптастыру;
оқушылардың ойлау, салыстыру, талдау қабілеттерін дамыту;
оқушылардың математикалық есептеулердің объективтілігі арқылы әр
саланың шынайы әрекетін қабылауына жағдай жасау;
математикалық білімді қажет ететін мамандыққа бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Егер оқушы курс мазмұнындағы қамтылған
тақырыптарды толық меңгерсе және берілген тапсырмалар бойынша өзіндік
іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізсе, онда оқушының
математикаға тұрақты қызығушылығы қалыптасады және математикалық
қызығушылығын іске асыруға мүмкіндігі болады;
математиканы оқуға ынтасы неғұрлым саналы түрде артады;
болашақ мамандығына қажетті құзыреттілігі қалыптасады.
Пререквизит: ақпараттық-коммуникациялық технология, статистикалық
есептеулер, математикалық модельдеу, жобалау технологиясы.
Постреквизит: экономика, архитектура, программалау.