Мысал
Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?
Шешуі: Х – жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады
3 (х+3) - 3(х – 3 ) = х
3х+9 – 3х+9 – х =0
х - 18 =0
х =18
Мысалы: «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6
Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді.
- Бұл қате, - деді Алишер.
- Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, -деп Жәнібек ашуланды.
- Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, -деді Алишер.
- Кімдікі дұрыс?
Шешімі: Алишер дұрыс айтты.
1)Соңғы цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек.
2)Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |