Үмітбекова айтолқын №6 практика жұмысы


Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі113,87 Kb.
#121644
түріСабақ
1   2   3   4
Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері
Оқыту мен тəрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX
ғасырдың ортасында өмірге келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық
үдеріс немесе жалпы оқу тəрбие үдерісі біртұтастықта қаралады.


Біртұтастық дегеніміз – оқу мен тəрбиенің олардың мақсаты, міндеті,
мазмұны, əдісі, құралы, түрі, ұстаз бен шəкірт, шəкірт пен ата-ана,
сынып жетекшісі мен сынып ұстаздары, қоршаған орта, тəрбиенің
мазмұны жəне т. б біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады.
Ғалымдар М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев,
Н.В. Кузьмина, Ю.П. Сокольников, Н.Д. Хмель педагогикалық
үдерістің тұтастығын алуан түрлі əдіснамалық тұғырлар тұрғысынан
түсіндірді.
Педагогикалық үдерістің оқу жəне оқудан тыс аймақ бірліктерінің
қажеттігі туындады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының
басты жағдайы болады жəне сол үдерістің біртұтастығын көрсетеді.
Педагогикалық үдеріс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара
əрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-əрекеттерін бөле көрсете
алады. Егер əрбір субъектінің жетістіктері болса, онда
«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту
мəселесі шешіледі.
4. Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы Тұтас педагогикалық
үдерістің негізгі бір бөлігі — оқыту үдерісі.
Оқыту құбылысының əртүрлі деңгейде: жалпы педагогикада,
дидактикада, əдістемеде,
психологияда бейнеленуінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Педагогика деңгейінде оқыту – қоғамдық тəжірибені өскелең ұрпаққа
беру əрекеті —
педагогикалық əрекеттің тұтас қыры.
Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен
үйренудің бірлігі.
Əдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) əрекеті мен нақты
оқу пəнінің
материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.
Психология деңгейінде оқыту – мұғалім мен оқушының нəтижесінде
оқушының


интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын өзара
іс-əрекетінің жиынтығы.
Оқыту оқушы мен мұғалімнің əрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту –
оқушы мен мұғалім
жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол
сияқты оқушының да əрекеті»;
«Оқыту – мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пəнді оқыту
барысындағы оқушының əрекетін бақылаудағы, оқушының
материалды оқып–үйренуі мен алған білімдерін қолдана білуіне
басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын
тексерудегі іс- əрекеті.
Оқу(үйрену) – оқушылардың белгілі бір пəнді жəне оқытушының
түсіндіргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен
құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды ойға тоқудағы,
білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын
саналы қызметі».
Тəрбие үдерісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тəрбие жұмысының
басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын
жəне жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын
жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық
патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып
табылады.
Педагогикалық үдерістің психологиялық құрылымы: танымдық
үдерістер (қабылдау, ойлау, еске сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға
қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті ынтаны айқындау), қуат
(көтеріңкі не түсіңкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық
не шаршау динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымын
жан-жақты ашуға тырысқан.


Бұл , сонымен қатар, педагогикалық үдерістің тұтастығы,
педагогикалық үдерістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің
кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі
сияқты жүйе ретінде де қарастырылады .
Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері (құралдар, формалар,
əдістер мен тəсілдер
немесе технология).
Педагогикалық үдеріс – мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы
əдіснамасы негізінде
мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған
талаптарына сəйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың
мазмұн, түр, əдіс-тəсілдерінің, дидактикалық талаптарының
педагогикалық-психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Педагогикалық үдерістің тəрбиелік тетіктері – педагогтар мен
оқушылар арасындағы,
ұжым ішіндегі қарым-қатынастар. Тұтас педагогикалық үдерістегі
тəрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тəрбиеленушінің өз
күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тəрбие
берудің басымдық рөлін арттыруда.
Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс- тіршілікке,
қоғамдық өндірісте қызметке араласуына, шығармашылық пен
рухани-мəдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін
игеріп, жеке тұлға ретінде дамып, азамат ретінде қалыптасып
жетілуіне негіз болады. Тəрбие қоғамдық прогресті дамытып,
ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз етеді. Ол əрбір жеке тұлғаның,
қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі
құруға көмектеседі.
Еліміздегі əлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын
дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан
Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында
қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мəселенің шешімін
табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық жəне коммуникативтік


құзыреттіліктерді қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса,
аталған құзыреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды
болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет