Ұмытылған жүз сүннет



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата18.10.2023
өлшемі0,62 Mb.
#118852
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Ұмытылған жүз сүннет




ҰМЫТЫЛҒАН ЖҮЗ СҮННЕТ 
(Сенімді сүннетте келген жүз амал) 
Дайындаған: БІЛІМ БАҚШАСЫ арнасының редакциясы 
Арнамыздың сілтемесі: 
https://t.me/bilim_baqshasy
 
10-Шәууәл, 1444 һ.ж // 30-Сәуір, 2023 жыл 



ميحرلا نمحرلا الله مسب 
نيعمجأ ةباحصلاو هلآ ىلعو نيملأا هلوسر ىلع ملاسلاو ةلاصلاو ،نيملاعلا بر لله دمحلا 
Аса Рақымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен. 
Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тиесілі.
Аллаһтың мақтауы мен сәлемі Өзінің шыншыл елшісіне және 
елшісінің әулеті мен барша сахабаларға болғай. 
Ұмытылған жүз сүннет 
Алғысөз 
‘Амр ибн ‘Ауф әл-Музаниден (Аллаһ одан разы болсын) жеткен 
хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген: 
وُجُأ ْنِم ُصُقْنَي َلَ اَهِب َلِمَع ْنَم ِرْجَأ ُلْثِم ُهَل َناَك ُساَّنلا اَهِب َلِمَعَف يِتَّنُس ْنِم ًةَّنُس اَيْحَأ ْنَم
ْمِه ِر
ِب َعَدَتْبا ِنَم َو ،اًئْيَش
اَهِب َلِمَع ْنَم ِرا َز ْوَأ ْنِم ُصُقْنَي َلَ اَهِب َلِمَع ْنَم ُرا َز ْوَأ ِهْيَلَع َناَك اَهِب َلِمُعَف ًةَعْد
.اًئْيَش 
«Кімде-кім менің ұмытылып кеткен сүннетімді қайта тірілтсе 
(жандардырса), сөйтіп адамдар сол сүннетке амал ететін болса
оған сол сүннетке сай амал еткендердің сауабындай сауап 
жазылады, әрі олардың сауаптары өздерінен еш кемімейді. Ал 
енді кім дінде қандай да бір жаңалық (бидғат) ойлап тапса, 
сөйтіп адамдар сол бидғатқа амал ететін болса, оған сол 
бидғатқа сай амал еткендердің күнәларындай күнә жазылады, 
әрі олардың күнәлары өздерінен еш кемімейді». 
Ибн Мәжәһ (209), Тирмизи (2677). 
Осы хадисті негізге ала отыра, пайғамбарымыздың ﷺ сенімді 
хадистерінде, дәлірек айтқанда Бұхари мен Муслимде келген жүз 
сүннет амалды оқырмандардың назарларына ұсынатын боламыз. 
Аллаһ Тағала баршамызды пайғамбарымыздың ﷺ сүннетін 
тірілтушілерден әрі оны таратушылардан етсін. Сондай-ақ, біз Одан 
ісімізге ықылас пен береке, тауфиқ және жеңіс пен жеміс беруін 
тілейміз. Әмин. Сонымен қатар, оқырмандар да осы хадистерге 
бірінші кезекте өздері амал етіп, сосын оны өздерінің 



жақындарымен бөлісер деген үміттеміз. Өйткені, жақсылыққа жол 
сілтеуші адамға сол жақсылықты жасағандардың сауабындай сауап 
жазылады. Бұл турасында Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы 
болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай дейді: 
ىًدُه ىَلِإ اَعَد ْنَم
ًئْيَش ْمِه ِروُجُأ ْنِم َكِلَذ ُصُقْنَي َلَ ،ُهَعِبَت ْنَم ِروُجُأ ُلْثِم ِرْجَ ْلأا َنِم ُهَل َناَك
ا


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет