бес жүз жақсылық (сауап) жазылады, ал екі ұрғаннан өлтірсе
біріншісіне қарағанда азырақ жақсылық жазылады және
үшінші ұрғаннан өлтірсе екіншісіне қарағанда азырақ
жақсылық жазылады».
Муслим (2236).
97. Естіген нәрсенің бәрін жеткізе беруден сақтану
Хафс ибн ‘Асым (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте
Аллаһ елшісі ﷺ былай дейді:
.َعِمَس اَم ِ لُكِب َثِ دَحُي ْنَأ اًبِذَك ِء ْرَمْلاِب ىَفَك
«Кісіге (ақиқат пен жалғанды ажыратпастан) естіген нәрсесінін
барлығын айта беру – күнә алуы үшін жеткілікті».
Муслим (5).
98. Тауафтың алғашқы үш айналымын жылдам жүріп өту
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) айтты:
َفا َوَّطلا َفاَط اَذِإ َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله ىَّلَص ِالله ُلوُس َر َناَك
.اًعَب ْرَأ ىَشَم َو ،اًث َلاَث َّبَخ َل َّوَ ْلأا
47
«Аллаһ елшісі ﷺ тауафтың алғашқы үш айналымын жылдам
жүріспен, ал қалған төрт айналымды қарапайым жүріспен
жүріп өтетін».
Бұхари (1644), Муслим (1261).
99. Бала-шағаға ақша жұмсайтын кезде Аллаһтан сауабын үміт
ету
Абу Масғуд әл-Бадри (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте
пайғамбарымыз ﷺ былай деген:
.ًةَقَدَص ُهَل ْتَناَك ،اَهُبِسَتْحَي َوُه َو ِهِلْهَأ ىَلَع ًةَقَفَن ُمِلْسُمْلا َقَفْنَأ اَذِإ
«Мұсылман адам бала-шағасына (және әйеліне) ақша жұмсар
кезде Аллаһтан сауабын үміт ететін болса, ол оған садақа
ретінде (садақа бергендей сауап) жазылады».
Бұхари (5351), Муслим (1002).
100. Аз болса да ізгі амалдарда жалғасымдылық қылу
Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) айтты:
.َّلَق ْنِإ َو اَهُم َوْدَأ :َلاَق ؟ِالله ىَلِإ ُّبَحَأ ِلاَمْعَ ْلأا ُّيَأ :َمَّلَس َو ِهْيَلَع ُالله ىَّلَص ُّيِبَّنلا َلِئُس
Пайғамбарымыз ﷺ: «Аллаһқа ең сүйікті амал қандай?»,- деп
сұралған шағында ол: «аз болса да жалғасымды болғаны»,- деп
жауап берді.
Бұхари (6465), Муслим (2818).
لله دمحلا نأ اناوعد رخآو
نيملاعلا بر
ىلع كرابو ملسو الله ىلصو
كلوسرو كدبع
نيعمجأ هبحصو هلآ ىلعو دمحم انيبن