Құмкент. Жанкент



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата27.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#24438
1   2   3   4   5
 

 

Меркі 


 

         Жамбыл  облысы  Меркі  ауданы  Меркі 

ауылының  батыс  жағында  ортағасырлық  Меркі 

қалашығының  орны  бар.  Меркі  қаласы  VІІ 

ғасырдан  бастап  жазбаша  деректерден  белгілі. 

Меркінің орталығының қираған орны шығыстан 

батысқа  қарай  созылған  төртбұрышты  төбешік 

болып жатыр. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде 

биіктігі  1,5  –  2  метрлік  ішкі  қамал  дуалының 

(қабырғасының) қалдықтары бар. Ішкі қамалдың 

іш жағы 110.75 м. төртбұрыш алаң тəрізді. Онда 

əр түрлі үлгідегі жəне көлемдегі құрылыстардың 

қалдықтары  сақталған.  Қазба  жұмысы  кезінде 

көптеген 

қыш 

ыдыстар, 



темір 

пышақ 


сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған 

əшекей  бұйымдар  жəне  ауыл  шаруашылығына 

пайдаланылатын  жабдықтар  табылды.  Меркіні 

адамдар VІІ – ХІІІ ғасырларда мекен еткен. 

 

 

Құлан 



 

          Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының 

маңында ортағасырлық Құлан қаласының орны сақталған. 

Құлан  қаласы  туралы  VІІ  ғасырдағы  қытай,  араб  жазба 

деректерінде айтылады. Құлан қаласында көптеген тарихи 

оқиғалар  өткен.  Мысалы,  740  жылы  түргеш  бегі  Құрсұл 

Батыс  Түрік  қағандығының  ең  соңғы  басқағы  Ашина 

Суйцзыны  осы  қалада өлтірген. 840 жылы  араб  əскерлері 

Құланға  дейін  жеткен.  Тараздан  жəне  Меркеден  Құланға 

дейінгі  арақашықтық  көрсетілген  жол  бағдарлары 

жазылып  сақталған.  Қаланың  орнынан  шахристан,  ішкі 

қамал жəне шығыс жағында бекініссіз рабат болғандығын 

байқауға болады. Ішкі қамал – биіктігі 7 – 8 метрге жуық, 

төртбұрышты,  40Ч40  мІ  алаңы  бар  төбе.  Шахристаны 

төртбұрышты төбе пішіндес. Ол ұзындығы 320 м, биіктігі 

4 – 5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан тереңдігі 1 м, ені 

15 м ормен қоршалған. Қазба жұмыстарының нəтижесінде 

ғимараттардың орнынан көптеген ыдыстар – құман, қазан, 

құмыра, қақпақ,  саптыаяқ, шырағдан, т.б. алынған. Құлан 

орта  ғасырларда  Ұлы  Жібек  жолындағы  ірі  мəдени-сауда 

орталықтардың бірі болған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет