Құмкент. Жанкент



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата27.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#24438
1   2   3   4   5
 

 

Сарайшық. Сауран  

 

        Сарайшық  –  XIII  ғасырдың  басында  Жайық  өзенінің  жағалауында  негізі 



қаланған  қала,  орта  ғасырлардағы  ірі  саяси,  мəдени  жəне  сауда  орталығы.  Ол 

Шығыс  пен  Батысты  байланыстыратын  сауда  жолының  бойында  орналасқан.  XIV 

ғасырда Сарайшық Ақ  Орда мемлекетінің, содан кейін Ноғай  ұлысының орталығы 

саналған.  XV  ғасырдан  бастап  ол  Қазақ  хандығының  əйгілі  астаналарының  бірі 

болған.  Сондай-ақ  Сарайшық  –  Алтын  Орда  хандары  жерленген  қасиетті  жер 

(Мөңке  Темір,  Жəнібек,  Бердібек).  Сарайшықта  өзінің  əділдігімен,  ақыл 

дылығымен, ұлылығымен аты шыққан Əз-Жəнібек хан 1347 – 1350 жылдары билік 

құрған.  Сол  кезеңде  халық  шалқыған  дəурен  кешіпті  Сарайшықтың  қирандысын 

қазіргі  Атырау  қаласынан  50  шақырым  жерден  Жайықтың  жағасынан  көруге 

болады.  Қазба  жұмыстары  кезінде  қала  орнынан  ақша  сарайы,  мешіт,  монша, 

ауқатты  адамдардың  сарайлары,  əдемі  қыш  құмыралар  мен  тас  табақтар,  əшекей 

бұйымдар табылған. 

 

 

          1723 жылы қазақ жасақтары күші басым жоңғарлардан шегініп бара жатыпты. 

Сүйікті қалалары Сауранды жауға бергісі келмей, қаланы үш рет айналыпты. Кейде 

қазақтар  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  дегенде,  «Сауран  айналғанды» 

қосып айтқан. Сауран сол уақыттарда Түркістан, Ташкент, Сығанақ, Жанкент жəне 

т.б. қалалармен қатар Қазақ хандығының сауда, шаруашылық, саяси-экономикалық 

жəне əскери орталығы болған. XVI ғасырда қазақ хандары қаланы сумен жабдықтау 

үшін  кəріздер  жүйесін  қолданған.  Кəріз  дегеніміз  –  жер  астындағы  каналдар. 

Үндістаннан  500-дей  құл  əкеліп,  бүкіл  қаланың астынан  кəріздер  қаздырып,  сумен 

қамтамасыз  еткен.  Қазақ  жылқысының  асыл  тұқымдарының  бірі  –  сауран  ат. 

Жылқының  шығуы  жөнінде  қызық аңыз  бар.  Кіші  жүз  қазақтары  Сауран  маңынан 

көшіп  бара  жатады.  Көшке  құйрық-жалы  төгілген,  арқыраған  есік  пен  төрдей  бір 

айғыр  келіп  қосылады.  Сауран  арғымақтары  осы  айғырдан  тараған  екен.  «Ақтабан 

шұбырындыдан»  кейін  Сауран  кішігірім  қыстақ  болып  қалады. 

XVIII  ғасырдың 

аяғында тұрғындар оны мүлдем тастап кетеді. Қазір Түркістан темір жолының бойында аспанмен 

таласқан алып қамал қабырғаларының қирандыларын кездестіруге болады. Ол – көне 

Сауран. 


 

 

Алматы 



 

           Алматының  ресми  жасы  1854  жылдан,  Кiшi  Алматы  өзенiнің  бойында  орыс 

əскерлерiнiң қамалы салынған мезгілден бері қарай есептелініп келді. Ал «Верный» 

атауын  кейінірек  1867  жылы  алғаны  белгілі.  Алайда  қала  тарихының  құпиясы 

ғасырлардың  терең  қойнауында  жатыр.  XVI  ғасырдың  бірінші  жартысында  өмiр 

сүрген  мемлекеттiк  қайраткер,  қолбасшы,  ақын  əрі  жазушы  Заһир  ад-Дин 

Мұхаммед Бабырдың  «Бабыр-нама» атты шығармасында мынадай мəлiметтер  бар: 

«Ферғана  –  бесiншi  климаттық  белдеудегі  аймақ.  Ол  жер  өңдеумен  айналысатын 

елдердiң  шекарасында  орналасқан.  Оның  шығысында  –  Қашқар,  батысында  – 

Самарқанд,  оңтүстiгiнде  –  Бадахшан  таулары,  солтүстiк  шекарасында  –  Таразкент 

кiтабында  аттары  аталатын  Алмалық,  Алмату,  Янги  қалалары  сияқты  ежелгі  елді 

мекендер  болған.  Алайда  оларды  моңғолдар  қиратып  кеткен,  сондықтан  да  ол 

жерлерде  қазiр  ешқандай  елдi  мекен  қалған  жоқ».  Бұл  жерде  қазiргi  Алматының 

орнында  орналасқан  Алмату  деп  аталатын  ортағасырлық  қала  туралы  айтылып 

отыр.  Алматы  елдi  мекенi  жайлы  Бабырдың  замандасы,  «Тарих-и  Рашиди»  атты 

еңбектің авторы Мұхаммед Хайдар Дулат та моңғол шапқыншылығы мен осы елдi 

мекеннің  маңында  болған  соғыстарға  байланыс  ты  деректерінде  атап  өтеді.  1979 

жылы  Алматыда  қазiргi  ҚР  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  əскери  институты 

орналасқан жерден екi күмiс теңге табылды. Екi теңгенің де жазулары айқын емес. 

Алайда ерекше қызы ғушылық туғызған нəрсе – осыған дейiн кездеспеген тамға  – 

билеушiлер  мөрiнің  бейнесі.  Шығыс  танушы,  нумизмат  В.Н.  Настич  бұл 

ақшалардың  жергiлiктi  екендiгi,  Жетiсуда  соғылғандығы  жəне  қазiргi  Алматы 

аумағында ХIII ғасырда ақша соғатын өндiрiс болғаны жайлы болжам айтады. 1990 

жылы  тап  сондай  таңбасы  бар  тағы  да  екi  теңге  табылады.  Олардың  ерекшелiгi  – 

таңбалар  жоғарыда  айтылған  теңгелердегi  сияқты  қатар  емес,  теңгенiң  екi  жақ 

бетiнде  де  орналасқан.  Бұл  теңгелердi  Қазақстаннан  келген  адамнан  сатып  алған 

коллекционер  кiсi  В.Н.  Настичке  көрсетедi. 

Екi  теңгенiң  бiрiндегі  шеңбер  бойымен 

айналдыра түсiрiлген жазудан ақша шығарылған жердiң атын оқуға болады: «бұл дирхем Ал.м.ты 

аймағында  (балад)  ...бес…  жылы  соғылды».  Бұл  жазу  қаланың  атын  Алматы  деп  сенiмдi  түрде 

оқуға негiз бередi. Осыған қарап, оның сол кездiң өзiнде қазіргі «алмалы жер» немесе «алма көп 

өсетiн жер» деген мағынаны білдіретін  «Алматы» атауымен аталып, ХIII ғасырда Қазақстанның 

оңтүстiк астанасының орнында өмір сүрген қала екеніне көз жеткіземіз. 

 

8



10



11 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет