Мүлікті тегін пайдалану және өтемелі қызмет көрсету


Несие шартының элементтері



бет2/5
Дата13.04.2023
өлшемі197,26 Kb.
#82274
1   2   3   4   5
Байланысты:
5.ak(erekshe bolim)

Несие шартының элементтері. Мүлікті тегін пайдалану шартының пәні ретінде жылжитын және жылжымайтын заттар бола алады. Мүлікті жалға алу шартындағыдай несие шартының пәні болып жеке белгілі бір тұтынылмайтын заттар табылады.
Шарттың тараптары - несие беруші мен несие алушы ҚР Азаматтық кодексінің 605-бабы несие беруші түсінігінің кейбір қырларын анықтайды. Несие берушінің берілетін мүліктің меншік иесі болуы маңызды заң шығарушылық талап болып табылады. Бірақ бұл айтылған сөз басқа заттық құқық иелерінін де несие беруші бола алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Алайда бұл субъектілер бұған заңнамамен немесе меншік иесінің өзімен уәкілетті болуға тиіс.
Несие беруші – азамат шеттетілгенде не несие беруші заңды тұлға болғанда немесе қайта құрылғанда мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша несие берушінің құқықтары мен міндеттері мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлікке меншік құқығы, не мүлікті тегін пайдалануға беруге негіз болған басқа кұқык, берілген баска тұлғаға өтеді.
Несие алушы жеке тұлғалар қайтыс болғанда құқық мирасқорлығына жол берілмейді (тек жеке өздеріне арналған міндеттемелерге катысты). Сондай-ақ, заңды тұлға жойылған кезде несие алушының құқықтарына қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы мүмкін емес. Егер несие алушы заңды тұлға қайта құрылса, оның құқықтары мен міндеттері, егер шартпен өзгеше көзделмесе, өзінің құқық мирасқорына (заңды тұлғаға) өтеді.
Мүлікті тегін пайдалану шартының мазмұны.
Құжаттар мен керек жарақтарды беру шартпен жоққа шығарылмаған, бірақ олар мүдделері шектелген несие алушыға берілмеген жағдайларда белгілі бір құқықтар беріледі. Егер мүлік құжаттар мен керек-жарақтарсыз мақсатына сай пайдаланыла алмайтын болса не оны пайдалану несие алушы үшін қомақты түрде құндылығын жоятын болса, онда ол өзіне керек жарақтарды және (немесе) құжаттарды беруді не шартты бұзып, өзіне келтірілген нақты шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Біз несиеберушінің жауапкершілігі белгіленгенін көріп отырмыз, бірақ ол мүліктің тегін берілетіні ескеріле отырып нақты шығын келтірумен шектелген, бұл өз кезегінде несие шарты мазмұнының жалға алу шарты мазмұнынан бір ерекшелігі болып табылады. Несие беруші сауда алушыны берілетін мүліктің кемшіліктері туралы ескертуге тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 607-бабы, 1-тармағы).
Несие алушыға мүлікті ұстау жөніндегі барлық ауыртпалық жүктеледі. Ол тегін пайдалануға алған мүлікті дұрыс күйінде ұстауға міндетті. Оның міндетіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу кіреді. Сонымен қатар, ол мүлікті ұстау жөніндегі барлык ағымдағы шығындарды көтеруге тиіс (ҚР Азаматтык кодекс, 609-бап). Шартпен несие алушы бұл міндеттен босатылуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет