30
1. бала ӛз дене мүшелерінің орналасуын білу керек (оң/сол жақ
қол/аяқ, бас, құлақ, алдында, артында);
2.
бағыт-бағдар ұғымдары (алға, артқа, оңға, солға, үсті, асты) және
заттардың орналасуын анықтау (алдында, артында, үстінде, астында, оң
жақта, сол жақта, ...);
3. 2-
3 заттың бір-біріне қатынасы жайлы (қасында, артында, ішінде,
арасында, басында, соңында);
4. жазықтықтағы бағыт-бағдары.
Мұғалім балаларды заттарды орындарына қоюларын үйретсе,
келе-келе заттардың балаларға қатысты орналасуын сұрап, кеңістіктік
білімдерін толықтырады. Кейін реттік атаулары енгізіледі (бірінші, соңғы,
солдан соңғы, алдында, келесі). Бұл сандардың
қатарымен меңгерілуін
жеңілдетеді.
Геометриялық фигуралар жӛніндегі түсініктер. Дӛңгелек, тікбұрыш,
тіктӛртбұрыш, үшбұрыш, текше, брус, сопақша сияқты геометриялық
фигуралардың атауларын дайындық кезеңінің басында игеруі тиісті.
Бейнелеу, еңбек сабақтарында балалар тағы да осы фигуралармен
танысады.
Сонымен, пропедевтикалық кезеңінде оқушылардың білім деңгейі
зерттеледі. Білімдерін зерттеу келесі тақырыптар бойынша жүргізілуі
қажет:
1.
Заттардың ӛлшемі мен ауырлығы туралы қарапайым түсініктер
(әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру: үлкен-кіші, бірдей, әртүрлі,
дӛңгелек, сопақша, үшбұрыш).
2.
Сандық түсініктер (қанша? нешеу?): кӛп, аз, бірнеше, кӛп емес.
Заттардың екі тобын салыстыру: артық – кем, кӛп – аз, т.б. заттардың
санының ӛзгеруі – қанша болса, сонша... Сұйық және сусымалы
заттарды салыстыру. Кеңістік туралы ұғымдар.
3.
Жылдамдық туралы түсінік: баяу, жылдам, жүйрік.
4.
Адамның жасы бойынша салыстыру: ағасы, інісі, атасы, әкесі,
кәрі, жас, баласы, әжесі...
5.
Сызықтар (түзу, қисық сызық, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді), оны
сызу, ӛлшеу.
6.
Санауды білу (есеп шығарусыз) 1-ден бастап әрі қарай неше? 5-
тен (10-нан) бастап кері сана. 3-тен
бастап әрі қарай сана, 3-тен 8-ге
дейін сана, 10-нан 5-ке дейін сана (кӛп, біреу).
7.
Элементтерді санау (кӛпшіліктерді – множества). Мына жерде
неше дӛңгелек бар, сана. Мына жерде неше шырша салынған, сана.
Таяқшалардың саны нешеу?
8.
Цифрларды білу. Білетін сандарынды кӛрсет және ата. Мен
кӛрсететін цифрларды ата (1, 3, 7, 2, 5, 6, 9, 4, 8). Мына сандарды жаз: 1,
3, 5, 2, 4, 7, 9, 8.
9.
Кӛпшелік элементтері мен сандарды салыстыру. Қай жерде
кӛп? (2 және 4 таяқша ұсынылады). Неше таяқша? (3) Ӛзіңе де сонша
санап ал.
31
10.
Цифрлар мен кӛпшелік элементтерін салыстыру. Мына жерде
неше жұлдызша бар? Сана да, цифрларын жаз. Ол қандай сан? Сонша
дӛңгелек сал.
11.
Амалдарды орында.
Сана да, тексер. Мына амалдар дұрыс орындалған ба?
3+2=5, 4-1=3
Мына амалдарды орында: 2+3= 5-2=
Бірінші амал қайсысы? Екінші амал қайсысы?
12.
Есептерді шығару: қосындысын табуға арналған сӛз есептер,
қалдығын табуға арналған есептер.
13.
Геометриялық фигураларды, денелерді білу.
Осындай фигураны тап. Шаршыны бер (дӛңгелекті, үшбұрышты,
тіктӛртбұрышты, шарды, текшені). Фигураны ата (шаршы, тіктӛртбұрыш,
үшбұрыш).
Баланың арифметикалық білімдерін тексере отырып,
мұғалім ба-
ланың жалпы дамуын, оның кӛмекті қалай қабылдайтындығына кӛңіл
бӛлуі қажет. Мұғалім баланың қоршаған ортада бағдар етуін, оның сӛй-
леу тілінің даму деңгейін, жалпы және арнайы арифметикалық сӛздігінің
барлығын, тіл мүкістіктерін анықтайды және келешекте кӛмектесіп
түзетеді. Баланың моторикасына да кӛңіл аудару қажет, жазуын қиын-
датады, дидактикалық материалдармен, сызғышпен жұмыс жасауда
кейде қиыншылықтар болады. Әр баланың жеке ерекшеліктерін біле
тұра мұғалім ӛзінің фронтальды
жұмысын дұрыс жоспарлай алады,
дифференциалды ықпал етіп, балаларды үлгерімі жақсы балалар
қатарына қосады.
Пропедевтикалық кезеңде математика бойынша дәптермен жұмыс
істеуге үлкен кӛңіл бӛлінеді. Мұғалім оның басқа дәптерлерге қарағанда
айырмашылығына, дәптерді қалай ұстауына, дұрыс орналастыруға кӛңіл
бӛледі. Алдымен, оқушылар дәптер парағында жұмыс істейді. Бұл
кезеңде балалардың графикалық мүмкіншіліктері анықталады. Мадақтау
ретінде мұғалім оқушыларды бірізділікпен дәптерде жұмыс істеуге
ауыстырады. Пропедевтика кезеңінде балалар қалам мен қарындашты
игеруге үйренеді, тік және кӛлденең сызықшаларды айыруға, олардың
қиысқан нүктесін, дәптердегі торды ажыратуға үйренеді.
Жаттығулар.
1.
Нүктені қою: дәптердегі линияға (сызықшаға) нүкте қою.
2.
Сызықшалардың қиысқан жеріне нүкте қою.
3.
Тордың ортасына нүкте қою: тордың сол жақ (оң жақ),
жоғарғы
(тӛменгі) бұрышына нүкте қою.
4.
Тақтада берілген үлгі бойынша нүктелерді қою.
5.
Балаларды дәптердің сызықтары бойынша линияларды
(сызықшаларды) жүргізуге үйрету:
1.
Бір нүктеден екіншісіне дейін кесінді сызу (сызықтардың
бағыттары әртүрлі болуы қажет).
32
2.
Сызық бойынша торды сызып шығу, одан кейін қарапайым
ӛрнектерді салу. Тордың ішіне бір немесе бірнеше нүкте қою.
3.
Тордың ішіне сызық салу.
4.
Үлгі бойынша торларды пайдаланып сурет салу.
Нүктелермен қоса жолақ бойынша жасалынған сызықтарға кӛңіл
бӛлу қажет. Шаблондар даярлау қажет (дӛңгелек, сопақша), күрделі түрі
– алма, алмұрт, саңырау құлақ. Одан кейін олардың ішін бояу: тігінен,
кӛлденең, қисық (сыртына шықпай бояу керек – қол сол жақтан оңға
қарай жылжиды).
Оқушы дұрыс отырып тұруға, сұрақ қоюға, жауап беруге, жолдаста-
рының жауабын тыңдауға, мұғалімнің нұсқауларын дәл орындауға,
сабаққа қажет
оқу жабдықтарын даярлауға, оқулық пен таратылған
материалдармен жұмыс істеуге үйретілуі қажет. Оқушы ӛз іс-әрекетін
баяндай білуі үшін мұғалім бала тілін дамытады, сӛздік қорын байытады.
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.
Математикаға оқытудың пропедевтикалқ кезенінің мақсаты мен
міндеттерін атаңыдар.
2.
Зияты зақымдалған балалардың математикалық білімдерін
қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын сипаттаңыздар.
3.
Пропедевтикалық кезеңде қандай тапсырмалар орындалады?
Достарыңызбен бөлісу: