«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Арнайы мектепте өлшемдерді оқытудың алдына
қойылатын жалпы әдістемелік талаптар 
Кӛрсетілген қиындықтарды жеңу үшін келесі талаптарды нұсқау 
етіп қолдану қажет: 
1. Бастауыш сыныптарда кӛзқарасты қалыптастыруға тырысу 
қажет, ал жоғарғы сыныптарда – шаманы тек қабылданған ӛлшеу бірлігі 
бар шамамен ӛлшеуін түсінуі қажет (ұзындық ұзындық ӛлшемдерімен 
ӛлшенеді: метрмен, дециметрмен және т.б.). 
2. Жаңа ӛлшеу бірлігімен танысуды мақсатқа лайықты оқушыларға 
шаманы ӛлшеу бірліктерін қолдануды қажет ететін ӛмірлік ситуацияны 
туғызудан бастау қажет. 
3. Оқушылар сезінетін, әр ӛлшеу бірліктерін барлық сезім мүше-
лерін қатыстырып нақты кӛре алатындайға (қиял-елестерінің әлсіздігін, 
шамалы практикалық тәжірибесін, зияты зақымдалған балалардың 
ойлауының нақтылығын ескере отырып) тырысу керек. Таныс ӛлшеу 
бірліктерін, бақылауды, тәжірибені кеңінен қолдану қажет. 
Мысалы, ұзындық ӛлшемімен 1 м танысу барысында 1 см туралы 
білімін қолдану қажет, оқушылармен 1 м ара қашықты жүріп шығып 
жұмсалған уақыт кӛлемін белгілеу қажет. 
Сезінуге болмайтын немесе қиын ӛлшемдерді кӛрнекілік ретінде 
кӛрсету қажет, осы ӛлшемдерді қолданатын мысалдарды келтіріп 
(мысалы, жүк салмағы 1 ц немесе 1 т болса ). 
4. Ӛлшемдерді оқу оқушылардың белсенді тәжірибелік іс-
әрекетімен қоса жүруі керек: а) ӛлшеу бірліктерін әзірлеу бойынша 
(метрді, дециметрді, сантиметрді, миллиметрді, квадратты және кубты 
ӛлшемдерді); б) шамаларды құрал-саймандар арқылы ӛлшеу бойынша; 


48 
в) ӛлшемдердің арасалмағын анықтау бойынша (дециметрдің неше 
сантиметрден туратындығын, метрді дециметр мен сантиметрлерге 
бӛлу, нәтижесінде келесі тұжырымға келу: 1 дм =10 см, 1 м = 10 дм = 100 
см). 
Бұл тақырыпты оқу барысында оқушылар олардың және басқа да 
адамдардың тәжірибесінде жиі кездесетін кей заттардың кӛлемдері 
туралы кӛзқарасқа ие болуы қажет, оларды білу оқушыларға қоршаған 
ӛмірде жақсы бағдар етуге кӛмектеседі, оларға түсінікті еңбек іс-әре-
кетіне қатысуға даярлайды. Мысалы, оқушылар ӛз жасындағы баланың 
орташа бой ұзындығын, ересек адамның орташа бой ұзындығын, дәп-
тердің, сынып тақтасының ұзындығы мен енін, сыныптың биіктігін, 
ұзындығы мен енін, қаламның ұзындығын, қадамның орташа ұзындығын, 
үстел, орындық биіктігін, бір алмұрттың, сәбіздің, тоқаш нанның, алма 
салмағын, адамның орташа салмағын, машинаның жүккӛтергіштігі, сұйық 
зат құятын ыдыстардың сыйымдығын, жаяу кісінің, жылқының, кӛліктің, 
поездің, ұшақтың орташа жылдамдығын білуі қажет, 1 см және 1 м 
кӛлемдерін кӛрсете алуы қажет. 
5. Ӛлшемдерді оқу кӛз қапері (кӛзбен шамалау) мен бұлшық 
еттердің сезу қабілетінің дамуымен қоса жүруі керек. Сонымен қоса, 
оқушылар ӛлшеулердің жақындатылған нәтижелерін бағалау іскерлігіне 
ие болуы керек (егерде қалдық ӛлшеу бірлігінің жартысынан кем болса, 
онда оны алып тастаймыз, есепке алмаймыз; егерде қалдық ӛлшеу 
бірлігінің жартысына тең немесе артық болса, онда алынған бүтін ӛлшем 
бірліктеріне тағыда бір бірлік қосылады, мысалы: 2 м 30 см
⋲2 м, 4 м 50 
см
⋲5 м, 7 м 90 см⋲8 м). 
6. Ӛлшем білімдері мен ӛлшеу іскерлігін бекіту тек математика 
сабағында ғана жүрмей, басқа да оқу пәндерінде, әсіресе қол еңбегі мен 
кәсіби еңбек, дене шынықтыру, сызу сабақтарында, мектеп алаңында 
жұмыс етуде, ӛндірістік тәжірибе (практика) кезінде, сонымен қоса 
сыныптан тыс уақытта жүреді. Бұл жерде оның сәттілігі оқушылардың бір 
ұжымымен жұмыс істейтін барлық мұғалімдер мен тәрбиешілердің 
мақсатталған жұмысына тәуелді. 
7. Заттар кӛлемдерінің дәл (тура) кӛрсеткішін құрал-саймандар 
кӛмегімен табу үшін жасалынатын ӛлшеудің алдында ол кӛлемдерді 
кӛзбен шамалап анықтау қажет. Бұл кӛз қаперін (кӛзбен шамалауды) 
дамытады, ӛлшеу бірліктері туралы кӛзқарастарын бекітеді, кӛлемдерді 
ӛлшеу бірліктері атауларын білуін бекітеді, оларды ұқсастырудың
(шатастырудың) алдын алады. 
8. 
Зияты зақымдалған балалардың дағдыларын қалыптастыру ӛте 
баяу жүреді, түрлі дағдыны қалыптастыру үшін ұзақ уақыт бойы кӛптеген 
жаттығулар жасау қажет. Сондықтанда ӛлшеудегі жаттығуларды жүйелі 
жүргізу қажет. Олар математиканың кӛптеген сабағының ажыратыл-
майтын бӛлігі болуы қажет. Аптасына 3-4 реттен сирек емес оқушыларға 
кесінділерді, геометриялық фигураларды ӛлшеу немесе сызу, заттардың 
ұзындығын, енін, биіктігін, ыдыстардың сиымдылығын кӛзбен шамалап 


49 
табу, жүктің салмағын анықтау, уақытты сағат бойынша анықтау, 
сонымен қоса түрлі жұмысқа жұмсалған уақытты анықтау бойынша 
жаттығулар ұсыну қажет. Тапсырмалар жеке («Жемістің, жармасы бар 
дорбаның салмағын анықтаңыздар») және жаппай («Есептер бағанасын 
шығару керек. Жұмыстың басталу уақытын сағат бойынша жазыңыздар. 
Есептерді шығарыңыздар. Жұмыстың аяқталу уақытын жазыңыздар. Әр 
қайсыңыз қанша уақыт жұмсағандарыңызды анықтаңыздар») болуы 
мүмкін.
Ӛлшеу бірліктері туралы білімдерін бекіту үшін, ӛлшеу мен құрал-
саймандарды қолдану бойынша практикалық (тәжірибелік) дағдыларды 
қалыптастыру үшін, білімдерін ӛмірмен байланыстыру үшін пайдалы 
болып «Дүкен» атты дидактикалық ойын саналады. Бұл ойынды жүйелі 
түрде 1 сыныптан бастап 4 сынып бойы жүргізу қажет. «Дүкен» 
ойынымен бірге (қатар) «Пошта», «Кӛлікте жол жүру» және тағы басқа 
атты ойындарды ұйымдастыру қажет. 
Баға ӛлшемдерді оқыту әдістемесі. Баға туралы ұғым – түзеу 
арқылы оқытатын мектептер оқушылары үшін қиындардың бірі. Егерде 
қалыпты бала мектепке дейін ақшаны баға ӛлшемі ретінде қарастырып 
едәуір практикалық тәжірибеге ие болса, зияты зақымдалған оқушылар-
дың кӛбісі шамалы ғана байқағыштығы, селсоқтығы, енжарлығы салда-
рынан ақшаның құның білмейді, «саны» мен «ақшы құны» ұғымдарын 
жіктей (ажырата) алмайды (кӛлемі үлкен ақшаны үлкен құнды (кӛп) ақша 
деп ойлайды). 
Сонымен, баға ӛлшемдерін оқу балаларды дербес ӛмірге дайын-
дауда ерекше маңызды болып саналады. Баға ӛлшемдерін оқу 
натуралды сандардың нӛмірленуін бекітуіне де ӛз үлесін қосады. 
Пропедевтикалық (дайындық) кезеңінде балалардың ақша, оның 
міндеті, құндылығы туралы білімдері, кӛзқарастары анықталады. 
Ақшамен танысу. Арнайы мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі оқушы-
лардың ақшамен танысуы сәйкесті сандармен танысу кезінде жүрсе 
ақшаларды жақсы есте сақтап ажырата алуын кӛрсетеді. Мысалы, 10 
санын оқу барысында оқушылар құндылығы 10 теңге ақшамен 
танысады. 
Ақшамен танысу келесі бірізділікпен жүреді: 
1. Ақшаның сыртқы түрі: түсі, пішіні, кӛлемі, ақшада жазылған 
цифры. 
2. Басқа ақшалардың арасынан іріктеп алу. 
3. Ақшаларды атаулары бойынша іріктеу («Құндылығы 50 теңге, 
10
0 теңге және т.б. ақшаларды тап»). 
4. Ақшаларды дәптерлеріне айналдырып сызып алу. 
5. Бағасы аталған ақшаның құндылығына тен заттармен танысу 
(дәптер – 30 теңге, қарындаш – 50 теңге) және т.б. 
6
. «Дүкен» атты ойынды ұйымдастыру, оқушылар заттарды сатып 
алып, тӛлемін бір ақшамен ғана ӛтеу қажет (майдалау жасамай). 
7. Ақшаларды майдалау мен айырбастау. 


50 
Ұзындық ӛлшемдерді оқыту кезектілігі, әдістемесі. Барлық ұзындық 
ӛлшемдерімен арнайы мектеп оқушылары бастауыш сыныптарда (1-4 
сыныптарда) танысады, бұл ӛлшемдерді бекіту мектептте оқу жылдары 
бойы жүреді. Ұзындық ӛлшемдерін білу, ұзындығын, енін, биіктігін және 
т.б. табу іскерлігі оқушыға тұрмыста да, мамандықты меңгеруде де 
қажет. 
Ұзындық ӛлшемдерді оқыту міндеттері: 
1. Шама біркелкі шамамен ӛлшенетіндігі туралы кӛзқарасты оқу-
шыларда қалыптастыру. 
2. Сызғыш ӛлшемдерінің бірліктерімен және олардың арасал-
мағымен таныстыру. 
3. Заттардың сызғыш арқылы алынған ӛлшемдерін салыстыруға 
үйрету. 
4. Ӛлшеу құрал-саймандарын қолдануға үйрету. 
Сыйымдылық ӛлшемдерді оқыту әдістемесі. Пропедевтикалық 
(дайындық) кезеңінен бастап, оқушылардың сандық кӛзқарастарын 
дамыта отырып, балаларға құмды, суды қасықпен, қалыптармен, 
ыдыспен ӛлшеуді үйреткен, қандай қалыпқа құм аз (кӛп) сиятындығын 
анықтаған. 2 сыныпта бұл жұмыс жалғастырылады: оқушылар түрлі 
ыдыстардың сыйымдылығын салыстырады. Алдымен салыстыру кӛзбен 
шамалап жүргізіледі (ыдыстар ӛз сиымдылығы бойынша бірталай 
ажыратылады). Мысалы, судың қай ыдысқа кӛп сиятындығын салыстыру 
ұсынылады: ыдыс құтыға ма әлде кастрӛлге ме. Оқушылар алдына 
жарты литрлік ыдыс құты мен сыйымдылығы 2-3 л кастрӛл қойылады, 
кастрӛлге неше ыдыс құты су сиятындығы ӛлшенеді. 
Оқушылардағы бар тәжірибені анықтап, мұғалім сиымдылығы 1 л, 2 
л, 3 л стандартты банкаларды да кӛрсетеді. Кейбір балалар бұл 
банкалардың сиымдылығын біледі, біреулерінде ол туралы ешқандай 
кӛзқарас болмайды. Сонымен қоса мұғалім оқушылар сүт, керосин, 
бензин, ӛсімдік майы, сұйық заттар қандай ӛлшемдермен ӛлшенетіндігін 
анықтайды. Одан кейін 1 литрлік кружканы, бӛтелкені, банканы кӛрсетіп 
кружканың ішіне су құяды, кейіннен сол суды кезекпен бӛтелкеге және 
банкаға құяды. Осылай оқушыларды келесі тұжырымға әкеледі, банкаға 
кружкаға, бӛтелкеге сиятын су сияды, басқаша айтқанда тен, бірдей су 
кӛлемі – 1 л. Бұл тұжырым оқушыларға түсінікті болу үшін әр оқушы осы 
қиын емес жұмысты ӛзі жасап шығуы қажет. Балалар осы жаңа сӛзді 
естерінде сақтап, оны дұрыс атап және сан ретінде дұрыс жазуы 
маңызды. Оқушылар басқа ыдыс арасында сиымдылығы 1 л ыдысты 
таба білуі қажет. Одан кейін оқушылар ыдыстардың сиымдылығын 
ӛлшеуге және берілген литр санын ӛлшеуге үйренеді. Олар банкаларға, 
кішкентай бидондарға, кастрӛлдерге, бедрелерге су құйып олардың 
сиымдылығын анықтайды. Оқушылардың кӛз қаперін, басқаша айтқанда 
ыдыстардың сиымдылығын кӛзбен шамалап анықтау іскерлігін дамыту 
маңызды. Оқушылар стандартты, тұрмыста жиі кездесетін ыдыстардың 
сиымдылығын есте сақтауы қажет: сиымдылығы 1 л, 2 л, 3 л ыдыс 


51 
құтылар, сиымдылығы 5 л, 10 л, 20 л, 40 л (3-ші сыныпта) бидондар, 
сиымдылығы 8 л, 10 л, 12 л құтылар. 
Салмақтық ӛлшемдерді оқыту әдістемесі және кезектілігі. Оқушы-
лардың салмақпен алғашқы танысуы, заттарды ауырлығы бойынша 
салыстыру (ауыр – жеңіл, ауырлау - жеңілдеу) пропедевтикалық 
(дайындық) кезеңінде (1-ші сыныпта) жүреді. Оқушылардың осы білім-
дері мен кӛзқарастарын түрлі ӛмірлік ситуацияларды (жағдайларды) 
туғызып математика, қол еңбегі сабақтарында, сыныптан тыс уақытта 
мұғалім практикалық (тәжірибелік) сипаттамадағы түрлі жаттығуларда 
және арифметикалық есептерді шығаруда бекітеді. Осы кезеңде оқушы-
ларға заттың салмағы оның кӛлеміне, кеністікте онымен алатын орнына 
тәуелді еместігін кӛрсету мәнді. 
3-
ші сыныпта оқушылар алғашқы рет салмақ ӛлшемі – килограммен 
танысады.
Осы және салмақ ӛлшемін оқуға бағытталған жұмыстың келесі 
кезеңдерінде маңызды болып оқушылардың бұлшық еттерінің сезу қабі-
летін дамыту саналады, «қол арқылы» заттың жақындатылған салмағын 
анықтау іскерлігін дамыту саналады. Сондықтанда ӛлшеу алдында «Бұл 
заттың салмағы қандай деп ойласын? Ӛзінді таразының кӛмегімен 
ӛлшеп тексер. Қаншаға қателескенінді тап» деген сұрақты қою пайдалы. 
Заттардың салмақтарын килограммда анықтағанда оқушылар жақында-
тылған ӛлшеумен танысады. 
Келесі салмақ ӛлшемдерін тонна мен центнерді меңгеруде 
оқушылар кӛптеген қиындықтарға ұшырайды. 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. 
Математика сабағы барысында «Ӛлшемдер» бӛлімін оқыту 
маңызы неде? 
2. 
Математика сабағы барысында «Ӛлшемдер» бӛлімін оқытудың 
міндеттері қандай? 
3. 
Математика сабағы барысында «Ӛлшемдер» бӛлімін қандай 
бӛлімшелерден тұрады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет