«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Тақырыпты оқытуға қойылатын кейбір дидактикалық талаптар. 
1. Уақыттық түсініктерді балалардың бақылауы, тәжірибесі, іс-тәжі-
рибесі негізінде қалыптастыру. Әр фактіні, құбылысты, оқиғаны болған 
уақытымен байланыстыру. 


84 
2. Оқушыларды (уақытты ӛлшеу бірліктерімен және олардың 
арасалмақтығын оқымай тұрып) әңгіме, уақыт ӛлшеміне қатысты ойын-
дар кӛмегімен келесімен таныстыру: тәулік 1 күннен немесе түннен 
артық; тәулік аптадан кем; 1 жыл 1 айдан артық; 1 сағат 1 минуттан 
артық және т.б. 
3. Уақыт бірліктерінің ұзақтығын, олардың нақтылы мүмкін мазмұ-
нын кӛрсету қажет, оқушы әр түрлі жағдайда осы уақыт аралығын іс-
тәжірибе жолымен сезіну қажет, түрлі уақыт бірлігінде не нәрсені істеуге 
болатындығын білу керек. 
4. Оқушылар әрдайым бақылайтын немесе қатысатын (мысалы, күн 
тәртібі, сабақ уақыты, үзіліс және т.б.) оқиғалардың, құбылыстардың 
ұзақтығы туралы дұрыс түсініктерін ертерек қалыптастыру қажет. 
Оқушылар түрлі жұмысты орындау үшін қанша уақыт кететіндігі туралы 
тәжірибесін толықтыру қажет, жасалынған бұйымдар санымен, оған 
кеткен уақыт мӛлшерін анықтай білу қажет, құбылыстар мен оқиғалар 
арасындағы байланыс пен қатынастарды айқындап оларға нақтылы 
ауызша сипаттама бере алуы қажет. 
5. Басқа оқу сабақтарында да (қазақ тілі, тарих, дене шынықтыру
бейнелеу ӛнері сабақтарында және қол еңбегі мен кәсіби еңбек сабақ-
тарында) сабақтан тыс уақыттада уақыттық түсініктерді қалыптастыру 
бойынша жұмысты жүргізу қажет. 
6. Сабақ тақырыбына қарамастан уақыттық түсініктерді дамытуға 
бағытталған жұмысты жүйелі ӛткізу қажет, оны аптасына 2 – 3 реттен 
сирек ӛткізбей, сабақтың 5 – 10 минутын бӛлу керек.
7. Кӛрнекілік және дидактикалық құралдарды кеңінен қолдану қажет 
(тәулік үйі, тәулік сағаты, тәуліктің, жыл мезгілінің әр уақытындағы 
балалардың іс-әрекетін бейнелейтін сюжетті суреттер). 
Уақыттық өлшемдерді оқыту әдістемесі. 
Пропедевтикалық кезенінен бастап мұғалім ӛз алдына уақыттық 
түсініктерді нақтылап дамыту міндетін қояды. Осы мақсатқа байланысты 
ауқытты сипаттайтын құбылыстар мен оқиғаларды бақылауын ұйымдас-
тырады, жыл мезгілінің әр уақытындағы балалардың іс-әрекетін бейне-
лейтін сюжетті суреттер, тағы да басқа кӛрнекілік қолданады. Әр оқу 
күнін мұғалім әңгімеден бастайды бүгін не істейтінін айта отырып «бүгін» 
деген сӛзді сызып ӛтеді, кеше не істегендерін еске түсіреді. Оқу күнінің 
аяғында, ертең не болатынын хабарлайды. Осының нәтижесінде бала-
лар кеше, бүгін, ертең деген уақыттық түсініктерді ажырата алатын бола-
ды. Бұл жерде уақыттың ағымдылығына кӛңіл аудару қажет, бүгін болған 
жай ертең ӛткенге ауысып кеше терминімен алмас-тырылатындығына 
назар аудару қажет. Сонымен қоса уақытты сипат-тайтын жаңа термин-
дерде қарастырылады: қазір, ерте, кеш, бұрын, жақында, тез, баяу, кәрі-
жас. Бұл сӛздерді түсіндіру бойынша да жұмыс бірізділікпен, жүйелі 
жүргізіледі. 


85 
Оқушылардың тәулік туралы түсініктері дамытылады. 1-ші сыныпта 
оқушылардың тәулік бӛлімдері (таңертен, күн, кеш, түн) туралы және 
олардың бірізділігі туралы түсініктері анықталады. Одан кейін апта, ай, 
жыл, сағат, минут, секунд ұғымдарымен танысады. Таныстыру барысын-
да дидактикалық материалдар, кӛрнекіліктер, ойындар, ауызша ойын-
дар, сӛздік жұмыс, жазу, қайталау жүргізілуі қажет. 
Уақытты өлшеуден шыққан сандарды
түрлендіруді үйрету әдістемесі. 
Уақытты сағат бойынша анықтағанда, күндерді белгілегенде және 
т.б. уақыт ӛлшеміміен кӛрсетілген сандар шығады. Уақыт ӛлшемімен 
кӛрсетілетін сандарменен де, басқа да ӛлшем бірліктерімен кӛрсетілген 
сандар сияқты түрлендіруді және белгілі тӛрт арифметикалық амалдар-
ды орындауға болады. Ӛлшем бірліктері нӛлі бар бірліктермен кӛрсе-
тілмегендіктен, түрлендіру де, уақытты ӛлшеуден шыққан сандармен 
белгілі тӛрт арифметикалық амалдарды орындауды үйрету де ӛзгеше 
болады.
Уақыт ӛлшемін түрлендіру алдында оқушылардың алдына таныс 
емес есеп беріледі, солай жаңа тақырыпқа балалрдың қызығушылығын 
туғызуымыз керек. 
Мысалы, мұғалім сабақты дайындауға 2 с қалғанын мәлімдейді, 30 
мин түсара асқа, ал қалған уақыттың ойынға бӛлінетіндігін хабарлайды. 
Ойынға қанша уақыт беріледі? Оны қалай білеміз? 2 с 30 мин қалай 
азайтамыз? 
Кейбір оқушылар метрикалық ӛлшемдердеге ұқсатып сезіп қояды: 1 
с = 60 мин; 60 мин – 15 мин = 45 мин. 
Одан кейін мұғалім оқушыларды сағатты – минутпен, тәулікті – 
сағатпен, мнутты – секундпен және т.б. кӛрсетуімен таныстырады, 
бірізділікті, реттілігін сақтай отырып. 
Ірі ӛлшемдерді кішілермен кӛрсету: 
1) 1 с = 60 мин 
2 с = 60 мин х 2 = 120 мин 
2) 2 тәул 17 с = 65 с 
2 тәул = 24 с х 2 = 48 с 
2 тәул 17 с = 48 с + 17 с = 65 с 
Кіші ӛлшемдерді ірілермен кӛрсетуді белгіленген бір ӛмірлік 
ситуацияны туғызып немесе ӛмірлік- тәжірибелік сипаттамадағы есепті 
шешу барысында беру қажет, мысалы: «Бүгін түскі асқа сендер 35 мин 
жұмсадындар, ал серуенге – 50 мин. Барлығы түскі ас пен серуенге 
қанша уақыт жұмсадындар? Түскі ас пен серуенге 1 сағаттан артық 
немесе кем уақыт жұмсадындар ма?» Шешуі: 35 мин + 50 мин = 85 мин. 
Түскі ас пен серуенге 1 с артық уақыттың жұмсалғаны анықталады. 
Енді 85 мин неше сағат пен неше минут құрайтынын анықтайық. 1 с = 60 
мин. Егерде 85 мин 60 мин азайтсақ, онда 25 мин қалады, ендеше 85 


86 
мин = 1 с 25 мин. 85 мин біз сағат және минутпен алмастырдық, б.а. ірі 
ӛлшеммен кӛрсеттік. 
Ірі ӛлшемдерді кішілермен кӛрсетуді келесі реттілікпен орна-
ластыруға болады: 
1) 
120 мин = 2 с 48 с = 2 тәул
60 мин = 1 с 24 с = 1 тәул 
120 мин 60 мин 48 с 24 с 
- 120
2 (с) - 48 2 (тәул) 
2) 
88 мин = 1 с 28 мин 76 с = 3 тәул 4 с 
60 мин = 1 с 24 с = 1 тәул 
88 
мин 60 мин 76 с 24 с 
- 60
1 (с) - 72 3 (тәул) 
28 
мин 4 с 
Келесі атаулары бар сандарды түрлендіруде де осындай бірізділік, 
реттілік сақталады: минуттар – секундтар, тәуліктер – жылдар, айлар – 
жылдар. 
Уақытты ӛлшеуден шыққан атаулы сандармен белгілі
арифметикалық амалдарды орындауды үйрету реттілігі, әдістері. 
Қосу мен азайту 
Алдымен қосу мен азайтуға бағытталған, минуттар (секундтар) 
қосындысы 60 кем, сағат қосындысы 24 кем, айлар қосындысы 12 кем 
жаттығулар қарастырылады. 
1) 2 
с + 4 с = 6 с 24 с – 16 с = 16 с 

ай + 5 ай = 11 ай 25 мин – 14 мин = 11 мин 
2) 4 
с + 44 мин = 4 с 44 мин 4 с 44 мин – 44 мин = 4 с 

с 44 мин – 4 с = 44 мин 
3) 5 
с 25 мин 12 мин 28 с 19 с 32 мин 
+ 30 мин + 5 мин + 8 с 13 мин 

с 55 мин 17 мин 28 с 27 с 45 мин 

с 25 мин 12 мин 28 с 19 с 32 мин 
- 15 
мин - 7 мин - 12 с 22 мин 

с 10 мин 5 мин 28 с 7 с 10 мин 
Аталған түрдегі жаттығуларды ауызша жазусыз немесе бір жолға 
жазу арқылы жазуға болады. 


87 
Бұдан кейін күрделенген жаттығулар қарастырылады, онда минут 
(секунд) қосындысы 60 тен немесе артық, сағат қосындысы 24 артық, 
айлар қосындысы 12 артық және т.б., және азайтуда ірі ӛлшемдерді 
кішімен кӛрсету қажет. 
Аталған жаттығуларды келесі реттілікпен қарастырады: 
1) 35 мин + 25 мин = 60 мин = 1 с 1 с – 45 мин = 15 мин 
60 мин – 45 мин = 15 мин 
2) 35 мин + 55 мин = 90 мин = 1 с 30 мин 
1 с 30 мин – 45 мин = 4 мин 
1 с = 60 мин 
60 мин + 30 мин = 90 мин 
9
0 мин – 45 мин = 45 мин 

с 15 мин + 30 мин = 2 с 45 мин 2 с 45 мин – 20 мин = 2 с 25 мин 
3 с 20 мин + 2 с = 5 с 20 мин 5 с 50 мин – 2 с = 3 с 50 мин 
(Бірдей атауы бар сандар қосылып азайтылады.) 
3) 
3 с 20 мин + 40 мин = 4 с 4 с – 40 мин = 3 с 20 мин 
20 мин + 40 мин = 60 мин = 1 с 4 с = 3 с 60 мин 
3 с + 1 с = 4 с 3 с 60 мин 
-
40 мин 
3 с 20 мин 

с 40 мин + 10 мин = 6 с 50 мин 5 с 10 мин – 50 мин = 4 с 20 мин 
4
0 мин + 10 мин = 50 мин = 5 с 10 мин = 4 с 70 мин 
= 6 
с 10 мин 

с + 0 с = 6 с 10 мин 4 с 70 мин 
-
50 мин 

с 20 мин 
4) 3 с 20 мин + 1 с 15 мин = 4 с 35 мин – 1 с 15 мин =

с 20 мин
= 4 с 35 мин 


88 
5) 2 
с 20 мин + 1 с 40 мин = 3 с 60 мин = 4 с 

с 20 мин + 1 с 55 мин = 5 с 75 мин = 6 с 15 мин 

с 15 мин – 1 с 55 мин = 
1- 
ші әдіс. 2-ші әдіс. 
75 6 
с 15 мин = 5 с 75 мин 

с 15 мин 5 с 75 мин – 1 с 55 мин = 4 с 20 мин 

1 с 55 мин 

с 20 мин 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Арнайы мектеп оқушыларына уақыттық ӛлшемдерді оқытудың 
міндеттері мен маңызын атаңыздар. 
2. 
Ақыл-ойы кем балалардың уақыттық түсініктерді меңгеруде қандай 
қиыншылықтар бар? 
3. 
Уақыттық ӛлшемдерді оқыту әдістемесінің қандай ерекшеліктері 
бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет