2.3 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау
Өзен кен орнының XIII-XVIII горизонттарының баланстық мұнай және газының қорлары, мемлекеттік зерттеулерден өтіп (протокол ГКЗ СССР №4883), өніркәсіптік қорлары – 1046 млн. т, ал алынатын қор 471,5 млн. т болды. Бастапқы баланстық еріген газ қоры, кенорын бойынша, 76020,2 млн. м болды.
Ал горизонттар бойынша қарайтын болсақ, мұнайдың баланстық және алынатын қорлары:
- XIII горизонт бойынша 204 млн. т және 92 млн. т;
- XIV горизонт бойынша 450 млн. т және 203 млн. т;
- XV горизонт бойынша 140 млн. т және 63 млн. т;
- XVI горизонт бойынша 124 млн. т және 56 млн. т;
- XVII горизонт бойынша 98 млн. т және 44 млн. т;
- XVIII горизонт бойынша 30 млн. т және 13,5млн. т.
Өзен кен орнында өнімді қабаттардан, игеру басталғаннан бері 291510,3 мың. т мұнай және 677287,2 мың. т сұйықтық өндірілді. Оның ішінде, 110779,6 мың.т XIV (39 %) горизонттан өндірілген. Басқа пайдалану объектерінен барлық өндірілген мұнай бойынша 1,3%-дан (Солтүстік-Батыс күмбезі) 24 %-ға (XIII) дейін өндірілген. Кен орын бойынша ағымдағы мұнай өндіру коэффициенті 27,3 % құрады. Негізгі горизонттар бойынша МИК 33,8 %-дан (XIII) 11,4 %-ға (Қумырын күмбезі) дейін өзгереді.
Өзен кен орны бойынша, мұнайға қаныққан қабаттардан 01.01.2013 жылғы мезгілге жылдық өндіру 5783,9 мың т мұнай, 29889,5 мың т сұйықтық өндірілді. Өндіріліп жатқан өнімнің орташа сулануы 80,6 % болды. Оның ішінде 1609,5 мың т мұнай XIII ( 32,3%) және XIV (32,7%) горизонттардан өндірілді, қалған пайдалану объектілерінен 1,3 %-дан (Қумұрын күмбезі)
12,1 %-ға (XV) дейін өндірілді. 2004 жылы мұнай өндіру бойынша Қумұрын күмбезінің объектерінен өндірілген мұнай , кен орыннан түгел өндірілген мұнайдың 1,3 %-н құрайды, ал Солтүстік-Батыс күмбезі бойынша 1,9 %-н құрайды. 2008 жылы өндіруші қордан өндірілген мұнай келесідей: өндіруші ұңғымалардан - 5467,3 мың т (94,5 %), жаңа ұңғымалардан - 265,9 мың т
(4,59 %), қозғалыссыз қордан шыққан ұңғымалардан - 50,7мың т (0,87 %).
Бастапқы баланстық қордан игеру қарқыны 0,55 % құрады, бастапқы алынатын қордан - 1,24 %, ағымдағы алынатын қордан 3,3 % құрады. Ең жоғарғы игеру қақыны бойынша:
- бастапқы баланстық қордан XIV горизонтта (0,8%);
- бастапқы алынатын қордан - 1,75% (XIII);
- ағымдағы алынатын қордан - 4,37% (XIII).
Горизонттарды игеруді талдау тек қана, бүкіл кенорын бойынша мұнай өндірудің технологиялық көрсеткіштерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді.
Кен орын бойынша 2014 жылы мұнай өндіру көлемі бойынша максималды көрсеткіш 3а блокта (752 мың т), 2а блокта (629,5мың т), өнімнің сулануы 82 % болды.
Пайдалану объектілері және блоктар бойынша жеке-жеке қарастырсақ, ең көп мұнай және сұйықтық өндіру 3а блоктың XIV горизонтынан 163,965 мың т өндірілген, ең аз көрсеткіш 4а блоктың XVII горизонтынан (0,889 мың т мұнай және 11,5 мың т сұйықтық) өндірілген.
Егер, горизонттың көрсеткіштерін қарайтын болсақ, XIII горизонттың 3 блогында бастапқы алынатын қордан игеру қарқыны ең төмен (0,07 %) болды, ең жоғарғы игеру қарқыны - 5а блокта (0,23 %). Ең жоғарғы МИК 1.01.2004 жылы 9 блокта (38,56 %) болды, ең төменгі - 1 блокта (7,12 %).
Кен орынды игеру жағдайын талдау нәтижесінен, мұнайды шығару негізінен механикалық тәсілмен жүзеге асады (ШТС), жылдық мұнай өндіру 5623,9 мың т және 28520,3 мың т сұйықтық. Фонтанды ұңғымалардан 159,3 мың т мұнай және 816,9 мың т сұйықтық өндірілді. Кен орын игеріліп басталғаннан бері 01.01.2013 жылға дейін 21211,7 млн.меріген газ өндірілді.
Жылдық еріген газ өндіру 2013 жылы 231,4 млн.мболды, бұл 2012 жылдан 16,5 % көп. Кен орын бойынша орташа газ факторы - 40м/т.
Қабатты гидравликалық жару – ұңғымалардың түп маңы аймағына әсер етудің тиімділігі құралы. Ұңғымаларды меңгергенде бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру үшін, айдау ұңғымаларының жұту қабілетін көбейтуге, қабат суларын бөлектеуге және тағы солай сияқты пайдаланылады. Қабатты гидраликалық жару процесінің мәні - түп маңы аймағының жыныстарында қысымы көтерілгенде жаңа ұңғымамаға айдалатын сүйық қысымы әсерінен жасанды жарықтар жасау мен бұрынғы жарықтарды көбейтуде. Қабат жыныстарында қысым көтерілгенде жаңа жарықтар қалыптасады және бұрыннан барлары ашылады немесе кеңейеді. Бұл жарықтар жүйесі ұңғыманы түптен қашықтыққа жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қысым төмендегенде жарықтар бітеліп қалмауы үшін оларға ұңғымаға айдалатын сұйыққа қосып, жарықтар радиусы ондаған метрлерге жетеді.
Гидравликалық жарудан кейін ұңғыма шығындарын бірнеше ондаған есеге артытыратынын кәсіпшілік тәжірибесі көрсетті. Бұл қалыптасқан жарықтардың бұрынғыларымен жалғасатынын және ұңғымаға сұйық жаруға дейін ұңғымадан бөлектенген жоғары өнімді аймақтардан келіп құйылатынының куәсі.
Қабатқа сүзілетін сұйықпен қабатты жарғанда қалыптасу механизмі былай болады. Ұңғымада сорап агрегаттарымен тудырылатын қысымдағы жару сұйығы алдымен жоғары өткізгішті аймақтарда сүзіледі. Бұл кезде тік бағыттағы қабатшаларда қысым айырмасы пайда болады, өйткені өткізгіштігі жоғары қабатшалардағы қысым өткізгіштігі аз немесе тіптен өткізбейтін қабатшалардағы қысымға қарағанда жоғары. Нәтижесінде өткізгіш қабаттың жабыны мен табанына жарушы күштер әсері басталады да, жоғары тұрған жыныстар деформацияға ұшырайда және қабаттар шектерінде көлбеу жарықтар пайда болады.
Сүзілмейтін сұйықпен жарғанда қабатты жару механизмі ұқсас болады және бұл үшін жоғары қысым керек. Бұл кезде қалыптасатын жарықтардың бағыты әдетте тік немесе қиғаш болады. Сүзілетін сұйықпен жарғанда жару қысымы әдетте сүзілмейтін сұйыққа қарағанда біршама төмен, өйткені соңғы жағдайда жару механизмі қалың қабырғалы ыдысты жару механизміне келеді. Қабатқа өткен сүзілетін сұйық сұйықпен жанасу ауданының үлкендігі арқасында сүзілмейтін сұйықпен қабатты жаруда қажетті қысымнан біршама төмен қысымда да жаруға жеткілікті күш түсіре алады. Бірақ бұл кезде жару сұйығының көп шығыны және сорап агрегаттарының үлкен саны талап етіледі.
Қабат жағдайларында жару сұйығының тұтқырлығы өткізгіштікке байланысты 0,05-0,5 Па/с деп есептеледі. Іс жүзінде жару қысымы тау қысымынан төмен екені анықталады.
Тау қысымынан аз қысымда көлбеу жарықтардың қалыптасуын академик С.А. Христянович ұңғыманы бұрғылау процесінде қимада кездескен газдар мен сазды жыныстардың майысу деформациясы нәтижесінде болады деп түсіндіреді. Саздар ашылғаннан кейін үстіне басқан жыныстар салмағы әсерінен ұңғымаға ағады деп болжалады. Бұл майысу деформациясы аймағындағы қабаттарда «жеңілдету күмбездерінің» пайда болуына соқтырады, нәтижесінде ұңғымаға жақын жердегі тау қысымы қабаттың ұңғымыдан қашық жатқан бөліктеріне қарағанда төмен болады. Кәсіпшілік тәжірибеде көбіне ұңғымалар түбіндегі жару қысымы былай екендігі анықталған:
РР=(1,5-2,5)Н/100 (1.3)
мұндағы Н - ұңғыма тереңдігі, м.
Газды қабаттарды жарғанда қабатқа тұтқыр мұнайды енгізген қолайсыз, себебі оларды газ қабатының қуыстарынан шығару қиын. Мұндай қабаттарды сумен жаруға болады, бірақ бұл кезде оны ұңғымаға айдау қарқыны жоғары болуы керек (100-120 дм3).
Құм тасығыш – сұйық құмды аспалы күйде ұстап тұруға керек. Бұған онының тұтқырлығын көтеру арқылы қол жеткізіледі. Кейде құм тасығыш сұйық құмды тұтқырлығы 1 Па*с дейін жетеді.
Соңғы кезде қабаттарды гидравликалық жаруға ең тиімдісі тұтқырлығы аз сүзілетін сұйық деп саналады, өйткені қабат бұл кезде бөгде заттармен ластанбайды, ал оларды құбырлармен айдау қысымы жоғары емес. Бұл жағдайда түптегі қысым тез өседі және жарық пайда болғаннан кейінде жоғары деңгейде сақталады. Нәтижесінде жарықтар жақсы ашылады және құммен толтырылады.
Қабаттарды жару кезінде тұтқырлықтың көтерілуі де, сұйықтардың сүзгіштігінің азаюы сияқты оларға сәйкес қосындылар енгізу арқылы болады. Қабаттарды жару кезінде қолданылатын көмірсутекті сұйықтар үшін қоюлатқыштар болып органикалық қышқылдардың тұздары, мұнайлардың жоғары молекулалық және коллоидтық ертінділері (мысалы, мұнай гудроны және мұнай өңдеудің басқа да қалдықтары) табылады.
Карбонаттық коллекторларды жарғанда қолданылатын кейбір мұнайлардың, керосин-қышқылды және мұнай қышқылды имульсиялардың тұтқырлығы едәуір және құм тасығыштық қабілеті жоғары. Оны сұйықтар мұнай ұңғымаларында қабаттарды жарғанда жару сұйығы және құм тасығыш сұйық ретінде қолданылуда.
Су айдау ұңғымаларында қабаттарды жаруға көмірсутек негізді жару сұйықтары мен құмтасығыш-сұйыұтарды қолдану сұйық көмірсутектермен қоспасы түзілуі нәтижесінде жыныстар өткізгіштігінің су үшін нашарлауына соқтыруы мүмкін. Бұл құбылыстарды болдырмау үшін айдау ұңғымаларын қоюлатылған сумен жарады. Қоюлату үшін сульфит-спирт бардасы және тағы басқа суда жақсы еритін туынды целлюлюзалар қолданылады.
Жарықтарды толтыруға арналған құм келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- берік құм жастықтарын қалыптастыруы және қысымға шыдамды болуы керек;
- сыртқы қысым әсерінде жоғары өткізгіштікті сақтау керек.
Ірі түйіршікті, жақсы жұмырланған және механикалық беріктігі жоғары, гранулометриялық құрамы біртекті құм бұл талаптарды қанағаттандыра алады. Түйіршіктер өлшемдері 0,5-1 мм. Таза кварц құмы ең көп қолданысқа ие. Терең ұңғымаларда құм орынына арнайы түйіршікті материал (коруну) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |