2.4 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
Өндіруші ұңғымалардың 2015 жылғы орташа мұнай өнімділігі - 4,8 т/тәу, ал орташа тәуліктік сұйық өндіру 23,8 т/тәу болды. Ең аз орташа тәуліктік сұйық өндіру Қумурын және Солтүстік-Батыс күмбезінде - 11,5 т/тәу, ал ең көп сұйық өндіру XVII қабатта 31,7 т/тәу болды. Өндірілген өнімнің сулануы 80 % болды. Егер блоктар бойынша қарастыратын болсақ , ең көп орташа тәуліктік мұнай өндіру 10 (9,6 т/тәу)блокта және 1 (8,6 т/тәу) блокта, сұйық бойынша 1а (58,1 т/тәу) блокта және 3а (35,9 т/тәу)блокта болды.
Кесте 2.4.1
Өнім алу аймағында қабат қысымының өзгеру көрсеткіші
Горизонт
|
Бастапқы қабат
тық қысым, атм
|
Қабаттық қысым, атм
|
Жылдар
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
XIII
|
104,2
|
Горизонт бойынша орташа өлшем
|
100,0
|
101,2
|
102,9
|
103,6
|
106,3
|
Өнім алу аймағында
|
97,3
|
97,3
|
98,2
|
98,9
|
100,4
|
Айдау аймағында
|
104,0
|
105,9
|
108,6
|
109,0
|
112,8
|
Өзен кен орны 40 жыл игеріліп келе жатыр және игерудің бастапқы сатысында бірінші жобалық құжатта дәлелденген келесі пайдалану объектілері болды: I - 13+14 горизонт; II - 15+16 горизонт; III - 17 горизонт; IV - XVIII горизонт.
Миннефтепромның №680 жарлығына сәйкес 12.12.1977 ж. айдау және өндіру ұңғымаларында объекттерді ірілендіру мақсатында оқшаулау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданады. Пайдалану объектілері ретінде әр өнімді қабат қабылданады: I - 13 горизонт; II - 14 горизонт; III - 15 горизонт; IV - 16 горизонт; V - 17 горизонт; VI – 18 горизонт.
Кен орынды игерудің сатысын және ұзақтығын ескеріп, қабаттардың мұнай қорын өндіру дәрежесі, бұрынғысынша, өзбастақ пайдалану объектеріне дәлелденеді, әр өнімді қабат - XIII-тен XVIII-ге дейін.
Бірақ пайдаланылудағы пайдалану объектілерінен (XIII-XVIII қабаттар) негізгі қатпардың құрылымының төбе тұсын, технологиялық игеру объектісін (ТИО) бөліп алу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |