Шымкент 2022 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Коммерциялық емес акционерлік қоғам « М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мұнай-газ өндірісіндегі қауіпсіздік пен азаматтардың аман-саулығы
Кіріспе Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Еліміздегі мұнайгазды сала мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан тұрады. Мұнай және газ құбырлары Қазақстанда Ресейлік мұнай және газ тасымалдау құбырларының жалғасуына ие және Ресей территориясы арқылы экспорттарға шығарылады.Кеңестік уақытта Қазақстандық мұнай және газдың көп бөлігі Ресейге жеткізілді, ол кезде Реселік шикізаттар Қазақстандық кәсіпорындарға әкелінетін еді. Ондағы алынатын өнімдердің біраз бөлігі Ресейге бағытталды, ал Қазақстан қажеттілігі Ресейлік жеткізіп берушілермен қамтамасыз етілді.«Қазмұнайгаз» мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстандағы мұнай қорлары жаңа мұнай кен орындарының арқасында «жоғарғы дәрежеге» өсуі мүмкін. Алдын-ала бағалаулар бойынша тек Қашағанның көмірсутек қорлары 7-ден 10 млрд тонна шарпытты отынға дейін жетуі мүмкін. Шамамен қазақстандық мұнайдың 89 пайызы республиканың батысында өндіріледі және шамамен 11 пайызы республиканың оңтүстігінде.
1.Қазақстандағы мұнай және газоконденсатты өндіріп шетелге шығару 35 млн тоннаға жетті, соның ішінде мұнайдың меншікті үлесі 30 млн тонна. 2002 жылы өндіру көлемі өсуін жалғастырд, ал 2003 жылға деген жоспар 50 млн тонна болды. Қазақстанның мұнайының экспортының шамамен 80 пайызы мұнай құбырлары бойынша жүзеге асырылады, 13 пайызы темір жол көліктерімен тасымалдауға тиесілі және тағы 7 пайызы су көліктерімен тасымалданады.
2.Ресейдегі сияқты Қазақстанда мұнайқұбырлы көлік қызметтерінің монополисті болып «Қазмұнайгаз» мемлекеттік компаниясы саналады, ол үш жеке және практикалы түрдегі өзара бір-бірімен байланысты емес бөліктерден тұрады: Батыс (орталық қаласы Ақтау), Шығыс (Павлодар) және Солтүстік (Ақтөбе).